- Басты
- Жаңалықтар
- Жеңімпаз: Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу кезеңдері әділ өтті
Жеңімпаз: Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу кезеңдері әділ өтті
Осыдан бірнеше күн бұрын Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу аяқталғандығы белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша 300 қазақстандық жас маман Президенттік жастар кадрлық резервіне алынды. Іріктеу кезеңінің қалай өткендігі туралы жоба жеңімпаздарының бірі Рамиль Ямалтдиновтан сұрап көрдік.
Рамиль Ямалтдиновтың айтуынша, іріктеу кезеңдерінің барлығы әділ өткен.
"Іріктеу кезеңіндегі тестілеудің барлығы онлайн түрде өтті. Бұл оның әділ және қауіпсіз өткендігіне кепілдік береді. Тест кезеңдері камераға, аудиоға жазылды. Презентация және эссе жазу онлайн режимінде өтті, бұл әр кандидаттың 100% адал қатысуына мүмкіндік берді. Бір жерден көшіру не көмек сұрау деген болмады. Тесттердің күрделілігі туралы айтсам, біз ойлағананнан әлдеқайда қиын болды. Олардың қатарында математика, ауызша бөлім, эссе, жоба қорғау болды. Қиындау болғаны рас. Бұл мәселені шешуге болады. Ең бастысы жеткілікті түрде дайындалу", - деді Рамиль Ямалтдинов.
Алайда бас кейіпкердің сөзіне сүйенсек, іріктеу кезеңінде емтихан әдістерінің белгісіз болуы себепті аса қатты дайындалмаған.
"Шынымды айтсам, мен тестілеуге дайындалған жоқпын. Себебі іріктеу кезеңінде қандай әдістер қолданылатынын ешкім білмеді. Бірақ эссе жазу, презентация жасау секілді дүниелерге теориялық дайындықтар болды. Сонымен қатар хабарлама келген кезде біз сайтқа кірдік. Онда "жайлылық аймағынан шығып, ешқандай иллюзиясыз, жай ғана қатысыңыз" деген хабарламаны көрдік. Тапсырма - өзіңді сынау", - деді ол.
Сондай-ақ жас маманның айтуынша, іріктеуден өткен жас мамандар бірден жоғары лауазымдарға тағайындалмайды. Олардың біліктілігін арттыру курстарынан өтетіндігін атап өтті.
"Мен жоғары лауызымға тағайындалу туралы ойламаймын. Себебі кез-келген тағайында үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Алайда іріктеуден өткен жас мамандардың арасында түрлі саланың құрылымында жоғары әрі қызықты позицияларды алу үшін оған лайық адамдар бар екеніне сенімдімін. Біз Мемлекеттік басқару академиясында бағалаудан өттік, онда көптеген қызықты курс бар екенін білеміз, мүмкін қазір емес, бірақ олар бір, екі, үш жылда бізді маңызды әрі жауапты лауазымдарға апаратын білім бере алады. Бірақ қазір біз қандай да бір тағайындаудан көрі, өзімізді дамыту курстарынан өтуді, тренингтерге қатысуды ойлап жүрміз", - деді ол.
Қазіргі уақытта ол Tele2 Altel "Қазақтелеком" компаниясында өнімді әзірлеу жөніндегі директор қызметін атқарады. Оның айтуынша, іріктеу кезеңіндегі эссе, презентация және сұхбаттың тақырыптары телекоммуникация саласына қатысты болған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі