• Басты
  • Жастар жылы: Жастар тұрақты даму мақсаттарына атсалысады
28 Қараша, 2019 17:38

Жастар жылы: Жастар тұрақты даму мақсаттарына атсалысады

Елордада «Студенттер мен жас оқытушылардың ТДМ-2030-ға үлесі» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Жастар жылы: Жастар тұрақты даму мақсаттарына атсалысады

2018 жылдың 24 қыркүйегінде БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттереш «Жастар 2030: БҰҰ жастар саясаты» жобасын таныстырған болатын. Жобада ол жастарды 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарына жаһандық және ұлттық деңгейде қатысуын қамтамасыз ету туралы ұсынды. Таныстырылымда жастардың ТДМ-да көрсетілген тұрақты әрі бейбіт болашаққа ұмтылулары ескеріліп, оларға таңдау құқығын ұсынып, қолдау көрсету керектігі айтылған болатын.

Осыған орай, елордада жастарды тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қосуын қамтамасыз етуге шақыратын халықаралық форум ұйымдастырылды.

«Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының» басқарма төрайымы Салтанат Рахимбекова 2015 жылдың 25 қыркүйегінде БҰҰ саммитінде БҰҰ мүше елдері жаһандық даму үшін «Әлемнің түрленуі: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібі» құжатын қабылдағанын айтты.

«Тұрақты даму мақсаттары 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді бірігуін қарастырады. Олар азаматтардың сапасын арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму мен мемлекеттердің экономикалық дамуына бағытталған. ТДМ 17 мақсаттан тұрады, оларға 2030 жылға дейін қол жеткізу қажет. Оған 169 міндет пен 242 индикатор қосылады. ТДМ халықаралық ұйымдардың басымдылықтарына айналды, көп елдер өздерінің ұлттық стратегияларын соған қарай бейімдей бастады. Бұл жарты ғасырдағы жоғарғы көрсеткіш пен халықаралық ынтымақтастықтың құжаты», - деді ол.

Сонымен қатар, 2030-күн тәртібі елдердің жаһандық ынтымақтастығының жаңа саяси мәдениеті мен экологиялық және климаттық дағдарыстың планетарлық тереңдегіне әсер ететінін айтты.

 «2030-күн тәртібін елдердің үкіметі азаматтық қоғам мен жеке сектордың қатысуынсыз жүзеге асыра алмайды. Егер де, үкімет ТДМ мақсаттарын кеңінен меңгерген болса, азаматтық қоғамға «өзін тауып», сәйкес әлеуметтік инновациялар мен «жасыл» және әлеуметтік-жауапты бизнесті табуға тура келеді. Қазақстанда 5 ведомствоаралық топ бар, олар 17 мақсатқа біріктірілген. Әр 5 топ жеке министрлерге тіркелген: «Адамдар» тобы - ЕХӘҚМ, «Гүлдену» - ҰЭМ, «Әлем» - АҚДМ, «Серіктестік» - СІМ сынды кете береді», - деді С.Рахимбекова.

 Сонымен қатар, ол 2019 жылы Жасыл экономиканы дамыту коалициясы мен G-Global Қазақстандағы ТДМ дамыту тәжірибелері мен азаматтық бастамаларды қорғау бойынша жобаны бастады.

цур 89.jpg

«Жобаның мақсаты –ТДМ-2030 17 мақсаты мен 230 индикаторына қол жеткізу. Жобаға қоғамдық назарды аудару, қаржыландыру көздерін тарту. Біз азаматтық қоғамның үздік жобаларын таңдаймыз. Қазақстандағы ТДМ- 2030 қоғамдық институты жыл сайынғы «ТДМ-2030 ауыл әйелдері арасындағеы көшбасшылары» мен «ТДМ-2030 жастар арасындағы көшбасшылар» бағдарламасын жүзеге асырды», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанның ТДМ жастар елшісі - азаматтық қоғамның жас өкілі,адамзаттың маңызды проблемаларын шешу мен замандастарын ақпараттандыру және белсенділету мақсатында 1 жылға байқау негізінде іріктелгендер.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды