• Басты
  • Жастар жылы: "Жас кәсіпкер" жобасы өмірімді түбегейлі өзгертті
10 Желтоқсан, 2019 10:59

Жастар жылы: "Жас кәсіпкер" жобасы өмірімді түбегейлі өзгертті

Ел астанасында мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге тарта жас қатысуда. Шара барысында Жастар жылы аясында жетістікке жеткен, өз кәсібін ашқан, өз еркімен ауылға жұмыс істеуге аттанған жастармен сұхбаттасқан едік.

Жастар жылы: "Жас кәсіпкер" жобасы өмірімді түбегейлі өзгертті

Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған еді. Үкімет оны жүзеге асырудың Жол картасын қабылдады. Жол картасында жастарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету, білім алу, жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, жас отбасын қолдау секілді шаралар қарастырылған.  

Соның бірі "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарама бойынша біржолғы жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен (176 750 теңге) 100 АЕК-ке (252 500 теңге) дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар 6 мыңға жуық жас маман 1,2 млрд теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алып, ауылға қызмет етуге аттанды.

Сондай жастың бірі 26 жастағы Иман Пернебеков Серікбекұлы. Жұбайы екеуі Алматы қаласының тұрғыны бола тұра, Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосына аталмыш бағдарлама арқылы қызмет етуге барған. Екеуі де - дәрігер. Өздерінің айтуынша, өңірде дәрігер мамандары жетіспейді.  

image-10-12-19-12-56-2.jpeg

"Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосында Исатай аудандық ауруханасы бар. Сол ауруханаға жұмыс істеуге жұбайым екеуміз Алматы қаласынан бардық. Әйелім - бала дәрігері, мен акушер-гинеколог маманмын. Бізге "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 70 айлықтық есептік көрсеткішпен баспана берілді. Баспана біз барған кезде дайын тұрды. Қазір көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Мен өзім акушер-гинеколог маман ретінде 100-ге жуық сәбидің дүнеге келуіне куә болдым. Біз аталған ауылға өткен жылы келдік", - деді Иман.

Иман Пернебеков жұбайы екеуі Түркістандаға Халықаралық қазақ-түрік университетінің. Кейін Шымкент қаласында интернатурада оқып, Қарағандыда академиялық мобильность бойынша білімін жетілдірген. Жас маманның айтуынша, Елбасының "Ауылым алтын бесігім" және "Дипломмен ауылға" бағдарламалары ауылға баруға жігерлендірген. Мемлекет болашақта да ауылдың әлеуетін арттырып, дамытуын жалғастырса, өңірде қалуға дайынбыз деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар ол өңірде әлі күнге дейін дәрігер мамандары жетіспейтінін атап өтті.

"Екеуміз де Алматы қаласының тұрғынымыз. Қазір екі баламыз бар, үшіншісін де күтудеміз.  Елбасының "Ауылым алтын бесігім" және "Дипломмен ауылға" бағдарламалары ауылға баруға мотивация болды. Үкімет тарапынан ауылды дамытуға, тұрғындардың жағдайын жасауға бірқатар жұмыс істеліп жатыр. Біз де ауылға өз пайдамызды тигізгіміз келді. Сөйтіп ауылды таңдадық. Мен барғанға дейін өңірде акушер гинеколог маман болған жоқ. Қазір тағы бір жас маман келді. Алайда әлі күнге тәжірибелі мамандар жетіспейді", - деп атап өтті Иман Пернебеков. 

Сонымен қатар Жастар жылы аясында "Жас кәсіпкер" жобасы аясында 20 мың жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Атап айтсақ, 2019 жылы 9,5 мың жас жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға грант алған. Ал 2,5 мың жас кәсіпкерге өз ісін дамыту үшін шағын несие берілген.

image-10-12-19-12-56-1.jpeg

Сондай жастың бірі Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Оксана Яркова есімді жас кәсіпкер. Ол "Жас кәсіпкер" бағдарламасы аясында арнайы кәсіпкерлік курстан өтіп, үкіметтен  505 мың теңге грант алып, өз бизенісін ашқан жас ана. Өзінің айтуынша, биылғы жыл өмірінде өзгеріске толы, армандар орындалған нәтижелі жыл болған.

"Мен "Жас кәсіпкер" бағдарламасының қатысушысымын. СҚО Якорь ауылында тұрамын.  Биылғы жыл мен үшін ерекше жыл болды. Мен үшін ғана емес, барлық жас қазақстандықтар үшін мүмкіндікке толы жыл болды есептеймін. Жастар жылы менің өзіме сеніп, кәсіп бастауыма себеп болды. Алдыма мақсат қойып, сол мақсатыма жетуге үйретті. Осы жылдың басында жобаға қатыстым. Жалпы сен қолдауға ие болғанда, қолыңнан келмейтін іс жоқ. Мен мемлекетімнен таптым сол қолдауды", - дейді жас кәсіпкер.

Аталған курстан өткен ол өз кәсібін ашуды қолға алған. Өзінің айтуы бойынша, алғашында жай ғана хобби ретінде бастаған ісін кәсіпке айнылдырған.

"Курста налог туралы, бизнес жоспар жасау секілді нәрселерді оқып, үйрендік. Қазір ауылда менің тоқыма ұстаханам бар. Негізгі амандығым тәрбиеші және балаларды қатты жақсы көремін. Мені балаларға деген сүйіспеншілік пен шексіз махаббатым сәбилерге арналған киім тоқумен айналысуға алып келді. Қазір өзімнің де балам бар. Ол бұл ісімді одан әрі жалғастыруға мотивация берді. Тек Қазақстаннан ғана емес, Германия, Польша секілді елдерден де тапсырып түсуде", - деп сөзін аяқтады ол. 

Айта кетейік, 2019 жылы жастарды қолдауға бағытталған 2,8 млрд теңге сомасына 56 гранттық жоба жүзеге асырылды. Жалпы, гранттық жобалар бойынша 2 миллионнан астам жас қазақстандық мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды