• Басты
  • Жастар жылы: "Студенттер альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір
10 Желтоқсан, 2019 17:01

Жастар жылы: "Студенттер альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір

"Қазақстан студенттері альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір. Елордада  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылуы және Волонтер жылының ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысқан "Қазақстан студенттері альянсының" жетекшісі Ілияс Түстікбаев елдегі студенттердің проблемасына, альянстың жастар жылы аясында істеген жұмыстарына тоқталды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жастар жылы: "Студенттер альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір

Ұйым жетекшісінің айтуынша, бүгінгі күні альянс билік пен студент арасындағы көпірге айналды.  

"Барлық өңірдегі студенттердің мәселесін жоғары жаққа көтере аламыз. Біз билік пен студенттер арасындағы көпірміз деп айтсақ артық емес. Осы жоба аясында биыл 17 өңірде студенттермен кездесу өтті. Жастар жөніндегі комитет мүшелеріне семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жазғы уақытта 100-ден астам жас қазақстандықтың қатысуымен Павлодар қаласында республикалық студенттердің лагері болды. Сонымен қатар Бурабай аймағында қысқы лагерь ұйымдастырылды. Онда 385 адам қатысты. Аталған лагерь аясында қысқы спартакиада, дебат секілді шаралар өтті", - деді Ілияс.   

Жастар жылын қорытындылау ретінде алғашқы рет елімізде жастар жөніндегі комитеттің бірінші шақырылымы өтт. Соның аясында жақсы жұмыс істеген, студенттердің мәселесін көтеріп, шешілуіне атсалысқан студенттерді, комитеттерді 9 номинация бойынша марапаттадық. 

Сонымен қатар ол биылғы жастар жылы жас қазақстандықтарға импульс бергенін атап өтті. Оның айтуынша, осы жыл аясында екі жоба іске қосылған. Сондай-ақ шәкіртақы мәселесі де өзекті дейді ол. Оны айлық көрсеткішке тіркеген жағдайда, ай сайын өсіп отыратынын айтып кетті.

"Биыл екі жобаны іске қостық. Оның бірі "Студенттер үйі 2.0". Бұл жобаның мақсаты - қазіргі бар жатаханалардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ былтыр Елбасының бастамасымен қолға алынған 75 мың орындық жатаханалардың жағдайына мониторинг жүргізу. Жыл көлемінде әлеуметтік желі арқылы онлайн әлеуметтік сауалнамалар өткіздік. Студент белсенділердің қатысуымен жатаханалар тексерістен өтті. Сапарбаевтың төрағалығысен өткен кеңесте шәкіртақы мәселесін көтердім. Алматыдан, басқа өңірлерден шәкіртақыға қатысты ұсыныстар келіп түсіп жатыр. 15 айлық көрсеткішке тіркесе деген ұсыныс айттым. Себебі егер ол айлық көрсеткішке тіркелсе, жыл сайын автоматты түрде өсіп отырады", - дейді ұйым жетекшісі.

Бұдан басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен, "Адалдық алаңымен" бірлесіп, "Пара алма, пара берме" акциясы іске қосылған. Сонымен бірге оның айтуынша, мемлекет студенттердің мәселесін шешуде маңызды рөл атқарып отыр. Мәселен, "Дипломмен ауылға" деген секілді мемлекеттік бағдарламалар түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасауда.

"Студенттердің мәселесіне тоқталсақ, гранттың санын өсіру, жатаханамен қамтылу, шәкіртақының көлемін арттыру және жұмыспен қамтамасыз ету. Грантқа келер болсақ, өткен жылғы елбасының тапсырмасымен қосымша гранттар бөлінді. Жатахана салу мәселес шешіліп жатыр. Шәкіртақы мәселесін көтердік. Енді жұмыспен қамту мәселесі ғана. Шынын айту керек, жыл сайын студенттердің қатары артып келеді. жұмысқа орналастыру туралы мәселе де күрделеніп келеді. Ол да "Жас кәсіпкер", "Дипломмен ауылға" секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы шешімін тауып жатыр", - деді ол. 

Айта кетейік, Жастар жылында ҚР Білім және ғылым министрлігі 53 755 грант бөлді. Бұл ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген әрбір екінші үміткерге ЖОО-ға түсуге мүмкіндік берді. Ғылыми әлеуетті дамыту мақсатында Білім және ғылым министрлігіндегі Ұлттық ғылыми кеңес арқылы жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыруға 3 миллиард теңге бөлінді.

Ал жұмыспен қамту мақсатында "Жас кәсіпкер" және "Жас маман" жобалары жүзеге асырылуда. Аталған жобалар "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында іске аспақ. Мемлекеттік қолдау шараларымен 209 мыңнан астам жастар қамтылды, олардың 172 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды