• Басты
  • Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері
5 Қараша, 2020 13:13

Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері

Бүгiн елордадағы Орталық коммуникациялар қызметiнде «Жаңа жағдайдағы жастар: iс-қимыл кезеңi» жобасының жүзеге асырылуы бойынша баспасөз мәжiлiсi өттi. Жиынға қатысқан ҚР АҚДМ жастар және отбасы iстерi комитетiнiң төрағасы Шахмардан Байманов аталмыш жобаның ерекшелiктерi, кiмдер қатыса алады, сонымен қатар жоба қандай тақырыптарды қамтитынын айтып бердi. Толығырақ Strategy2050.kz тiлшiсiнiң материалында.

Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері

Комитет басшысы ел президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында жастардың цифрлық және кәсiптiк бiлiм беру деңгейiн арттыру, спорттық шығармашылық әлеуетiн дамыту мәселелерiн назарға ала отырып, биыл 9 қарашадан 8 желтоқсанға дейiн ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң қолдауымен "Қазақстан жастарының Конгресi" ЗТБ ұйымдастыруымен «Жаңа жағдайдағы жастар: iс-қимыл кезеңi» республикалық онлайн жастар жобасын жүзеге асыру жоспарланғанын атап өттi.

Оның айтуынша, жобаның негiзгi мақсаты – жастардың жаңа болмыс жағдайында бiрiктiру, зияткерлiк қабiлетiн, тұлға ретiнде қалыптасуға септiгiн тигiзу, сонымен қоса дағдыларын дамыту, өздерiнiң жаңа қырын ашу, кәсiпкерлiк-волотерлiк қызметiн дамыту үшiн жағдай жасау.

«Бұл жоба алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. 2018 жылы республикалық жастардың бiлiм беру лагерi «Зерендi» өңiрiнде ұйымдастырылған едi. Биыл елiмiздегi санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл форматты оффлайн өткiзе алмадық. Сондықтан да онлайн форматта өткiзудi қолға алдық», - Шахмардан Байманов.

 

Оның мәлiметiнше жоба 4 бағыт бойынша жүзеге асады.

1.     «Жаңа жағдайдағы жастар: iс-қимыл кезеңi» жобасының ашылу рәсiмi

Жобаның ашылу салтанаты биыл 9 қарашада өткiзiлетiн болады. Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен барлық санаттағы жастар, сондай-ақ жобаның серiктестерi, «Болашақ» бағдарламасының түлектерi, Президенттiк жастар резервiнiң қатысушылары, ерiктiлер, сарапшылар, сонымен қоса жастар ұйымдарының өкiлдерi қатысады. Жалпы 17 өңiрден 500-ден астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.

2.     Online Bilim жобасы

Online Bilim жобасы бойынша ең үздiк 25 кәсiпқой спикер, танымал коуч және сарапшы өз саласы бойынша онлайн сабақтар өткiзiп, сол арқылы жастар арасында құзыреттiлiктi арттырмақшы. Жоспар бойынша, 1000 адамды қамтылады, яғни бiр ауысымда 200 адамнан, 5 ауысым болмақ.

Бұл жоба 5 бағыт бойынша жүзеге асады:

-        Тұлғалық даму

-        Волонтерлық қызмет

-        Азаматтық белсендiлiк

-        Жастар кәсiпкерлiгi

-        Ақпараттық технологиялар

Бұл тақырыптар, оның айтуынша, жаңа трендтердi ескере отырып таңдап алынған.

3.     Online Dialog жобасы

Online Dialog жобасында жастар елiмiздегi белгiлi тұлғалармен қоғамдағы өзектi мәселелердi ашық талқылайды, өздерiнiң ой-пiкiрлерiмен бөлiседi. Ток-шоу форматында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Аталаған жоба әлеуметтiк зерттеулердiң негiзiнде бес тақырыпты қамтитын болады.

-        Тұрғын үй мәселесi

-        Бiлiм беру мәселесi

-        Жастарды жұмыспен қамту мәселесi

-        Ақпараттық технология

-        Белсендiлiктi дамыту

Осы жоғарыда аталған сала мамандары өз ой-пiкiрлерiмен бөлiсетiн болады. Қазiргi таңда министрлiкте 2025 жылға дейiнгi жастарды дамыту бойынша кешендi жоспар дайындалуда. Бұл жоспарды да осы онлайн алаңда талқылау қарастырылған. Әр өңiрдiң жастары ашық өздерiнiң ой-пiкiрлерiн, ұсыныстары, сонымен бiрге түрлi проблемалық мәселелердi талқылай алады. Жоспар бойынша 1000 адамды қамтылатын болады. Шара барысында айтылған ұсынымдар мен өзектi проблемалар мемлекеттiк органдарға жолданатын болады.

4.     Open Talks жобаның жабылуы

Оның мәлiметiнше, биыл 8 желтоқсанда жобаның жабылу рәсiмiн өткiзiледi. Мұнда осы жобаның түрлi бағыттары бойынша өз пiкiрлерiн айтып, проблемаларды ортаға салған жоғары оқу орны, колледж студенттерi, яғни барлық санаттағы жастар Open Talks шарасына қатысады. Жалпы оның айтуынша, жастардың тұлғалық дамуын қалыптастыру бағытында жасалып жатқан кешендi жоспарға қандай мәселелердi енгiзу керек деген секiлдi мәселелердi қарастыратын болады. Бұл жобада да қатысушылар саны 1000 адамды қамтитын болады. Сонымен қатар айта кету керек, шара соңында «Жаңа жағдайдағы жастар: iс-қимыл кезеңi» жобасы қатысушыларының үндеуi қабылданбақ.

Сонымен қоса ол шара барысында мемелкеттеiк «Дарын» сыйлығының иегерлерi анықталып, марапаталатынын атап өттi.

Бұдан бөлек жиынға қатысқан «Қазақстан Жастарының Конгресi» заңды тұлғалар бiрлесiтiнiң атқарушы директоры Тоқтар Болысов iс-шараға Қазақстанның барлық өңiрiнен 14-29 жас аралығындағы жастар арнайы сайт арқылы тiркеуден өтiп қатыса алатының және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатының атап өттi.

Бұдан бөлек ол жағырыда комитет төрағасы жобаны жүзеге асыру барысында қамтылатын тақырыптарға тоқатылып өтті. Оның сөзінше, бұл тақырыптар Тоқаевтың жолдауда берген тапсырмасына сайкес әзірленген.

«Нелiктен бұл тақырыптар таңдалғанына келетін болсақ, бұған дейiн мемлекет басшысы жеке дағдыларды дамыту, сонымен қоса қосымша бiлiм туралы айтқаны бәрiмiзге белгiлi. Бiрақ бiлiмдi тегiн алу әрдайым мүмкiн емес. Бiз министрлiкпен бiрге үлкен тәжiрибесi бар, өз саласында жұмыс iстейтiн Қазақстанның жоғары спикерлерiне осы бiлiмдi жастарға беруге мүмкiндiк беру туралы шешiм қабылдадық. Бiз жастар ұйымдарымен талқыланған бес тақырыпты таңдап алдық. Бұл - ұжымдық шешiм. Бiз жастар өздерiнiң идеялары туралы айтып, сонымен қоса мемлекетке белгiлi бiр мәселелердi шешуде ұсыныс жасағысы келетiнiн көрiп жүрмiз. Олар мемлекеттiң серiктестерi болғысы келедi. Азаматтық белсендiлiк артып келедi, жастар өздерiнiң бiздiң елiмiздiң болашағымыз екенiн түсiнедi. Сонымен қоса, бiз белсендi адамдарды мемлекеттi бiрге қалыптастырып дамытуға, елiмiздiң гүлденуiне үлес қосуға болуға шақырамыз», - дедi мекеменiң атқарушы директоры.


Айта кетейiк, биыл 9 қараша - 8 желтоқсан күндерi жүзеге асырылатын жоба барысында әртүрлi қызмет саласындағы жастармен ашық пiкiрталас жүргiзу, танымал тұлғалармен онлайн конференциялар өткiзу, 2025 жылға дейiнгi жастарды қолдау жөнiндегi кешендi жоспар жобасын талқылау жоспарлалануда.


Барлық жаңалықтар
18.232.146.10, 192.168.88.100