• Басты
  • Жастар ел үшін қызмет етуі керек – Д.Сандыбайұлы
15 Қаңтар, 2020 15:17

Жастар ел үшін қызмет етуі керек – Д.Сандыбайұлы


Жастар ел үшін қызмет етуі керек. Бұл туралы Президенттік жастар кадрлық резервіне енген Данияр Сандыбайұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесудің кулуарында айтты,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Жастар ел үшін қызмет етуі керек – Д.Сандыбайұлы
«2019 жылдың желтоқсан айында MBA бағдарламасы бойынша Қазақстан грантымен Назарбаев университетін бітірдім. Оған қоса, қыркүйекте жастар кадрлық резервіне қатысып, 300-дің қатарына кірдік. Сенім жоғары. Президент айтқандай, болашақ жастардың қолында. Осыған байланысты барынша тырысып, елге қызмет көрсетіп, жетістікке жетуіне ықпал етеміз. Алдағы жолда көптеген істер атқарылады деп сенем. Қатысушылар жан-жақты, мамандықтары да түрлі. Қазақстанда, шетелде де білім алған жастар бар. Бұл алаң бізге үлкен мүмкіндік. Қазақстанға жастар фокусын көрсететін жақсы шара. Алда тағы кездесіп,мақсаттарды талқылаймыз. Жастар ел үшін қызмет етуі керек», - деді Данияр Сандыбайұлы.

Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Асқар Баймұханов елді рухани жаңғырту бойынша кітаптар тәртіп тілінде және мүмкіндігі шектеулі адамдарға да қолжетімді болуы тиіс екенін айтты.

« Осыған дейін «Жасыл ел» үкіметтік емес ұйымында жұмыс істедім. Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалдым. Азаматтық қоғаммен етене жұмыс істейтін боламын. Бүгін айтқан идеяларымды жаңа қызметте жүзеге асырамын деп ойлаймын. Мен бұл қызметке мемлекеттік қызметте алғашқы тәжірибемді алу үшін келдім. Сондай-ақ, мерзім емес, нақты мақсат қойып отырмын. Мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу жүйесін өзгертуге үлес қосамын. Ішкі түйсігіммен бұл өзгерісті жасағанымды түсінген кезде әрі қарай бағыт алатын боламын», - деді Асқар Баймұханов.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
35.153.39.7, 192.168.88.100