• Басты
  • Жастарға берілетін жалдамалы пәтерді қалай аламын
11 Қыркүйек, 2019 11:54

Жастарға берілетін жалдамалы пәтерді қалай аламын

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің №318 бұйрығына сәйкес, жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлер жалға беріледі.

Жастарға берілетін жалдамалы пәтерді қалай аламын | Strategy2050.kz


Жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі ҚР азаматтары сатып алу құқығынсыз қай қаладан пәтерді жалға алу мүмкіндігі бар екендігін, берілетін пәтерлердің саны туралы ақпаратты ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.


«Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй еліміздің астанасында, Алматы және Шымкент мегаполистерінде жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан 1 050 пәтер, Шымкент қаласынан 904 пәтер беру жоспарлануда», - дедi Мадияр Қожахмет.


Жалдамалы пәтердің ай сайынғы ақысы қанша?


Мадияр Қожахметтің айтуынша жалдау ақысы айына шамамен 10-12 мың теңгені құрайтын болады. Ол сондай-ақ, мұндай сома жастарға бес жыл ішінде ақша жинап, өз үйін алуға мүмкіндік беретінін де айтты. Құжаттар толық болмаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттарды қосымша ұсынуға мүмкіндік беріледі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің түсіндіруінше, 29 жастағы азаматтар мұндай пәтерде 34 жасқа дейін тұра алады.


Қандай санаттағы жастарға жалдамалы пәтер беріледі?


Жалға берілетін баспанаға жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін атқарып жатқан, 29 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары өтініш бере алады.


Сондай-ақ жас отбасылар басымдық санаттарына жатады. Онымен қоса нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың тізіміне сәйкес кәсіптерді игерген азаматтар, жас кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері де өтініш бере алады.


Пәтерді алу мүмкіндігі балмен есептеледі


Мамандардың айтуынша Жастар жылы аясында жүзеге асыратын шарада жалға берілетін тұрғын үйді беру тәртібі 4 кезеңді қамтиды. Мәселен, алдымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің сайттарында хабарландыру жарияланады, одан кейін үміттілер уәкілетті органға құжаттарын ұсынады, өтініш берушілердің балын есептелініп, қандай азаматтарға берілу мүмкіндігі баллмен есептеледі.


Кімдерге қанша балл береді?


"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес нарықта сұранысқа ие 100 мамандықтың бірін игергендерге -10 балл, жас отбасыларға - 5 балл, сонымен бірге некеде тіркелген әрбір жылы үшін - 2 балл, бір балаға – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл Кемінде бір жыл қызмет қылған жеке жас кәсіпкерлерге - 5 балл, әрбір жыл үшін - 1 балл беріледі.Қызмет бабындағы жетістіктері диплом, құрмет грамотасы болса - 2 балл, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге - 5 балл, еңбек өтілінің әрбір жылы үшін - 1 балл, банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін - 2 балл бұйырады. Алайда балл саны тең болып қылған жағдай туындаса, ең бірінші өтініш берген үміткерге басымдық беріледі.


Тиісті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдағаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде өтініш беруші мен уәкілетті орган арасында тұрғын үйді жалдау шарты жасалады. Мұндай пәтерлер 5 (бес) жыл мерзімге ғана беріледі.


Қандай құжаттар керек?


Өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке басын сәйкестендіру үшін төлқұжаттың түпнұсқасы керек, білімі туралы құжаттың көшірмесі (диплом), отбасылы болған жағдайда неке қию туралы куәліктің көшірмесі, балалары болған жағдайда балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі, өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжат, депозит, яғни банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді, егер бар болса өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттарды ұсыну керек.

Жоғарыдағы кейбір құжаттарды үйден шықпай-ақ Telegram (телеграм) желісіндегі EgovKzBot телеграм ботынан алуға болады. Қандай құжаттар берілетіні туралы ақапаратты мына сілтемеден оқып, біле аласыз. Мәселен, өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтаманы EgovKzBot арқылы алуға мүмкіндік бар. 


Құжаттарды қайда тапсырамын?


Жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сіз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қоры айналысады. Мекенжайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 39. Құжаттарды қабылдау - 2019 жылдың қарашасынан бастап электронды форматта жүзеге асырылады. Телефондары: 8 (7172) 79-34-50, 79-34-62 (63). Ал Алматы қаласы бойынша үйлестіруші - Қоғамдық даму департаменті, телефоны: 8 (7272) 62-27-08 және Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма жүзеге асырад. Оның телефоны: 8 (7252) 24-74-37. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тұрғын үйді жыл соңына дейін беруді бастайтындықтарын айтты.


Қараша айынан бастап құжаттар қабылданады. Тиісті мекеме жетекшілерінің сөзінше тұрғын үйлер жаңадан салынған бастапқы нарықтан беріледі. Онда инфрақұрылымы толығымен қамтылған. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық даму бөлімінің бастығы Талғат Рахманбердінің пікірінше аталған жоба ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында берілген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.


Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды