• Басты
  • Жастарға арналған навигациялық бағдарламада барлық құжаттар тоғыстырылады – М.Қожахмет
27 Қаңтар, 2020 16:33

Жастарға арналған навигациялық бағдарламада барлық құжаттар тоғыстырылады – М.Қожахмет

Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген отырысында 2020 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы айтып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жастарға арналған навигациялық бағдарламада барлық құжаттар тоғыстырылады – М.Қожахмет

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылын жабу кезінде бірқатар тапсырмалар жүктеді. Осы және стратегиялық тапсырмалардан шыға келе Жастар ісі комитеті бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесінде басты назар өткен жылы жастар жылына аударылды. Жастарды алаңдатып отырған басты мәселе қолжетімді сапалы білім беру мен жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік ашу және сапалы медициналық көмек көрсету болып табылады. Сондай-ақ, қолжетімді баспанамен қамту мәселесі өзекті. 3000 пәтер бөлінгеніне қарамастан, олардың саны әлі де аз екені байқалды», - деді ол.

Сондай-ақ, М,Қожахмет осы айтылған мәселелердің барлығын 2021-2025 жылдарға арналған жастар саясатын дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізуді көзделіп отырғанын айтты.

«Жастарды қолдауға арналған барлық шараларды бір құжатқа жастар навигациялық бағдарламасна тоғыстырмақпыз. Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы аясында жастар ресурстық орталықтарының жұмыстарын жалғастыру көзделген. Олардың қызметін қайта форматтау міндеті тұр», - деді М.Қожахмет.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды