• Басты
  • Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру үшін 1,8 млрд теңге бөлінді
17 Қазан, 2019 11:44

Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру үшін 1,8 млрд теңге бөлінді

Қызылорда облысында ауылдар мен ауыл аймақтарының тұрақты дамуы, ауыл халқының жұмыспен қамтылуын және табысын арттырып, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр. Форумда сөз сөйлеген "Жасыл экономика" үшін және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ Басқарма Төрағасы, ҚР Президентінің жанындағы Жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі Салтанат Рахимбекова жастар жылы аясында жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру үшін 1,8 млрд теңге бөлінгенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру үшін 1,8 млрд теңге бөлінді

Форум басталмас бұрын коалиция өкілдері облыстағы 104 жастағы көпбалалы кейуанаға барып,облы әкімінің атынан  "Ғасыр ана" дипломын  табыстады. 

1f7ad525-92ef-4b17-b75d-0edc02a47b20.jpg

"Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасына сәйкес 2019 жылы ауыл жастарына 4 мыңнан астам шағын несие берілді. Сондай-ақ, «БЖК-2020» шеңберінде 2019-2021 жылдарға 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру үшін 1,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында 3 млн. теңгеге дейін гранттар бөлінеді. Біздің облыстық форумдар түрлі мемлекеттік бағдарламаларды орындау мониторингінің өзіндік алаңдарына айналып отыр", - деді ол. 

Сондай-ақ, ол бүгінге дейін ұйымдастырылған Алматы, ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе, Солтүстік-Қазақстан секілді 12 облыстың ауыл әйелдерінің форумына туралы айтып өтті.

"Біздің ауыл әйелдерінің облыстық форумдарымыз бүгінгі күні ауыл проблемаларын шешудің, жұмыспен қамтуды арттырудың, ауылды тұрақты дамытудың, ауыл халқының табысын арттырудың жаңа тәсілдері мен тәжірибесі әзірленетін өңірдегі ең ірі пікірталас, презентациялық және демонстрациялық алаңға айналып отыр. Міне, сондықтан да ауыл әйелдерінің басын қосу және біріктіру маңызды. Форумда біз ауыл бизнесін құру және ауыл әйелдерін жұмыспен қамту, жасыл технологияларды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, ауыл мен ауылдық аумақтарды әлеуметтік және экономикалық дамыту мәселелерін бірлесіп талқылауды жоспарлап отырмыз",- деді ол.

Сондай-ақ, ол ауылдағы бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шараларға тоқталды. 

"Мәселен,"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздық және халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешу үшін ауылда шағын несиелер жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, сондай-ақ, ісін жаңа бастаған және жұмыс істейтін кәсіпкерлерге беріледі. Олар жаңа шағын кәсіпорындар құру және бар бизнесті кеңейту үшін арналған", - деді Салтанат Рахимбекова.

Сонымен қатар, ол тағы бір жасалып жатқан іс-шара қатарына  халықаралық ұйымдармен және серіктестермен әріптестікте құрылған "Арнасай-Қазақстанның жасыл ауылы" ТДМ жобасын атап өтті. 

"Жобаның әлеуметтік инновация ретіндегі құндылығы жасыл экономика арқылы ауылдық жерлерде ТДМ-2030-ға қол жеткізу үшін неғұрлым тиімді жолдарды, үлгілік жобалар мен практикаларды, сондай-ақ оларды насихаттау, тарату және тираждау тәсілдерін анықтау. Бұл көпжақты жоба әлі шектеулі емес, ол тұрақты және үнемі кеңейтілуде", - деді ол.

Бұдан бөлек, Салтанат Рахимбекованың айтуы бойынша, өткен жылғы Елбасының жолдауында айтылған "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру үшін облыстағы 1500 ауылға арналған жобаға 90 млрд.теңге бөлінген.

"2019-2021 жылдарға арналған бағдарлама 1500 ауылға арналған 90 млрд теңге бөлінді. Әкімдіктерге жергілікті бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» жобасын қоса қаржыландыру сомасын 20% – ға дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ірі кәсіпорындармен ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға қаражат тарту мәселелерін пысықтау, туған ауылдарды абаттандыру бойынша меценаттармен жұмыс жүргізу тапсырылды", - деді ол.

Сондай-ақ, ол 2019 жылғы жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті.

"Жалпы алғанда, 2019 жылы 53 ауылда 30 млрд теңгеге 454 жобаны іске асыру жоспарлануда. Көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 247 іс-шара, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 135 іс-шара және ТКШ саласын дамыту бойынша 72 іс-шара. Қаржыландыру көлемі бір аудан орталығына орта есеппен 670 млн теңгеден асады", - деді Салтанат Рахимбекова.

Бұдан бөлек, Салтанат Рахимбекованың айтуынша, облыстағы ауыл тұрғындары қазіргі таңда жеке қосалқы шаруашылықпен айналысып отыр.

"Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ)ауылдағы өмір салтының ажырамас бөлігіне айналды және ауыл тұрғындарының көпшілігі үшін ол шын мәнінде табыс табудың жалғыз көзі. Статистика бойынша қазіргі уақытта елдің ауылдық жерлерінде шамамен 7,7 млн.адам тұрады. Ол елдің 45,1% - ын құрайды. Олардың негізгі бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады. Олардың үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 50 пайызы келеді", - деді ол. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, Жамбыл облысының әкімі А. И. Мырзахметовтың бастамасымен ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және ауыл тұрғындарын жаппай жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған "Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту" жобасы қолға алынған. Оның сөзіне сүйенсек, жобаны іске асыру аясында 5 бағыт бойынша жалпы сомасы 46,4 миллиард теңгеге 31 мыңнан астам жобаны іске асыру мүмкіндігі анықталған.

 "Нәтижесінде 131 мың отбасы немесе 600 мыңнан астам адам орташа есеппен айына 128 мың теңге мөлшерінде тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі, 68 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жеке кәсіпкерлер атанады деп күтілуде. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 34% - ға ұлғайып, сүт және ет өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесін 30% - ға ұлғайту көзделіп отыр", - деп атап өтті.

Сондай-ақ, ол көп балалы аналарды қолдау мақсатында "Балкондағы сиыр" жобасының іске қосылғандығын айтты.

"Жобаның мәні көп балалы аналар сиырды сатып алып, оларды ауыл шаруашылығы кооперативіне немесе шаруа қожалықтарына жалға береді. Жалдау ақысы ретінде күніне табиғи сүттің үш литрі немесе қаймақ, сүзбе, май немесе ет түріндегі құндық баламасы ұсынылады. Мерзімі - жеті жыл.  Жоба экономикасы: Мал құны 250 000 - 300 000 теңге. Күн сайын 10 литр, оның 3 литрі сиырдың иесіне түседі. Сиырдың орташа жасы шамамен 7 жылды құрайды. Салым бірінші жыл ішінде өтеледі, өйткені инвесторға дүкендерден сүт, қаймақ, май және басқа да өнімдерді сатып алудың қажеті жоқ", - деді Салтанат Рахмбекова.

Бұдан бөлек, ол жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясының жеті жылдан бері Coco – Cola қорының қолдауымен "Әлеуметтік динамика» ҚҚ-мен бірлесіп, ауыл әйелдерін қолдау мәселелерімен-оларды ауылда бизнес жүргізу дағдыларына үйрету, кеңес беру, олардың бизнес-жобаларын іске асыруды гранттық қаржыландыруды ұйымдастыру секілді қызметтер көрсетілетінін атап өтті.

"Жеті жыл бойы біз «Coco-Cola белестері» әлеуметтік жобасымен айналысамыз. Жоба аясында біз ауыл әйелдерін бизнес негіздеріне үйретеміз, www.ccb.kz сайтындағы байқауға қатысуға бизнес-жоспар жасауға шақырамыз және өз бизнесін дамыту үшін 4000 АҚШ доллары мөлшерінде грант алуға көмектесеміз. 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 10 қазанға дейін жұмыссыз ауыл әйелдерін және өз ісін бастауды армандайтындарды қолдауға бағытталған «Coca – Cola белестері» жобасының Республикалық бизнес-идеялар конкурсына өтінімдер қабылдау жалғасуда. Конкурсқа қатысуға шақырамыз", - деді ол.

Айта кетейік, аталған форум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатыр.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды