- Басты
- Жаңалықтар
- Жарты жылда 63 экспорттық келісімшарт жасалды - Б.Сұлтанов
Жарты жылда 63 экспорттық келісімшарт жасалды - Б.Сұлтанов
Сауда және интеграция министрлігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындылары және 2020 жылғы қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы алқа өтті,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов соңғы жылдары әлемде көптеген экономикалық жағдайлар жүзеге асырылып жатқанын айтты.
"Дүниежүзі сарапшыларының мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы әлемдік экономика 2.5 пайызға өсуі күтілуде. Алайда, экономикалық белсенділіктің төмендеуіне бірқатар тәуекелдер бар екенін атап өтті. Осыған орай, экономиканың өсімін тұрақты қамтамасыз ету үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Осы орайда Сауда және интеграция министрлігі үлкен рөл ойнайды", - деді Т. Сүлейменов.
Өз кезегінде Сауда және инткграция министрі Бақыт Сұлтанов министрлік атқарып жатқан жұмыстарға тоқтады.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындаған еліміздің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы мен 5 институционалдық реформасында мемлекетімізді 30 дамушы елдер қатарына енгізу туралы басымды міндеттер қойды",-деді Б.Сұлтанов.
Министр осы тұрғыда министрлік қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін сапа стандарттарды анықтайды, өндірілетін және импортталатын тауарлардың сәйкестігін тексереді, сонымен бірге тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететінін айтты.
"Министрлік басқа да мемлекеттік органдар сияқты сауданы тікелей ынталандыру және экономиканың өсуін қамтамасыз ету жолымен азаматтардың жағдайын көтеруге елеулі үлес қосады.Біздің жас және жігерлі Республикамыздың одан әрі өркендеуі үшін Министрлік мықты және халықаралық достық қатынастарды құруды және экономикалық ықпалдастықты күшейтуді көздейдІ",-деді ол.
Сондай-ақ, Б.Сұлтанов министрліктің жарты жыл ішіндегі жұмысы кезінде шетелде 300 қазақстандықкомпанияның қатысуымен 50-ден астам шара өткізілгенін айтты.
"Өткізілген шаралардың нәтижесінде 114 млрд теңге немесе 270 млн доллар сомасына 63 экспорттық келісімшарт жасалды. Қазақстандық өнімнің экспортын ілгерілету бойынша өзара қызметті жақсарту бойынша сауда ынтымақтастық және Сыртқы істер министрлігімен келісім орнату аясында бірлескен шараларды жүзеге асыру қарастырылған",-деді ол.
Сонымен қатар, министр Ішкі тауар айналымы 2013-2019 жылдары 91 процентке артып, 37,5 трлн. теңгені құрағанын айтты.
"2019 жылы өткен жылмен салыстырғанда тауар айналымының 11 процентке (2018ж. – 33,9 трлн. теңге) өсуі байқалады. Тауар айналымы 2025 жылға қарай теңгенің долларға шаққандағы тұрақты бағамы бойынша шамамен 72,2 трлн. теңгені құрайды. Орташа өсу қарқыны – 11,6 процент", - деді министр.
Сондай-ақ, көтерме және бөлшек саудадағы инвестициялар 2019 жылы 234,2 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда (215,9 млрд. теңге) ақшалай түрде 18,3 млрд. теңгеге өскен.
"2018 жылмен салыстырғанда тартылған инвестициялар көлемінің ең көп өсуі Павлодар облысында – 27,8 млрд теңге, Қостанай облысында - 5 млрд теңге және Нұр-Сұлтанда қаласында - 4,3 млрд теңге болды.Ең теріс көрсеткіштер Алматы облысында – 9,2 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысы – 4 млрд теңге және Атырау облысында - 5,5 млрд теңге", - деді министр.
Сондай-ақ министр 2019 жылдың қорытындысы бойынша Министрлік осындай ауқымды жұмыс атқарып отырғанын атады.
"Осы бағыттардағы жұмысымызды биылғы жылы одан әрі жалғастырамыз. Бұл өте перспективалық және серпінді өзгерістер береді.Сөзімнің соңында мемлекеттік органның толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық институционалдық және нормативтік базасы қалыптастырылғанын атап өткім келеді. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары мен Министрліктің стратегиялық міндеттері ерекше бақылауға алынған және оларды сәтті іске асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз",-деді ол.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылы 24 қаңтарда өткен кеңейтілген отырыста барлық көрсеткіштер айтылғанын атады.
Сондай-ақ,алқа отырысында тұтынушылардың құқығын қорғау мен техникалық реттеу салалары бойынша құзырлы ұйым өкілдері сөз сөйледі.
Аягөз Құрмаш
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді
-
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды
-
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері
-
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға
-
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді
-
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
М.Құрманбаев: Цифрландыру шараларын iске асыру барысында 8 iрi өндiрiс орнымен меморандум жасалды
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы

