• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар

Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар

8 Қазан, 2021 13:19

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қатысты баспасөз мәжілісі өтті. Жиынға қатысқан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын таныстырып, құжаттың мүмкіндіктері жөнінде айтып берді. Аталған заң жобасы аясында жануарларды қорғау, айыппұл мәселелері туралы толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Вице-министр жануарларға қатыгездіктің жиі кездесетін фактілері қоғам мен үкіметтің алаңдаушылығын арттыратынын атап өтіп, мемлекет басшысының өткен жылғы жолдауында көрініс тапқан осы мәселеге назар аудару деңгейі мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсететінін тілге тиек етті.

«Заң жобасын қабылдаудың мақсаты жануарларға қарауды құқықтық реттеу, оларға ізгілікті қарау болып табылады, оның өлшемі жалпы қабылданған этикалық құндылықтар шеңберінде жануарлар мен адамның әл-ауқаты болып табылады», - деді Әлия Шалабекова.

Заң жобасы азаматтардың адамгершілік тәрбиесінің идеологиясын қалыптастыратынын еске салды. Оның айтуынша, жануарларды ұстаудың моральдық және адамгершілігінің негізгі принциптері, мысалы:

- жануарларды ауыру мен қиналуға әкеп соқтыратын жаратылыс ретінде қарау;

- жануардың өмірі, денсаулығы және әл-ауқаты үшін иесінің дербес жауапкершілігі;

- жануарларды қатыгездіктен қорғау;

- халықтың жануарларға жанашырлық және адамгершілік қатынасқа тәрбиелеу.

Оның мәліметінше, осы қағидаттарды іске асыру үшін талаптар мен ережелерді белгілеу арқылы осы құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу тетіктері бекітілмек.

Бұдан басқа, заң жобасында:

1) Мемлекеттік органдардың жануарларды реттеу және олармен жұмыс істеу саласындағы өкілеттіктерін бөлу;

2) жануарларды асырауға және тасымалдауға, сондай-ақ өсіруге және ветеринариялық қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар;

3) жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу.

«Заң жобасының жеке бабы жануарларды жансыздандыру ережелеріне және өлексесімен жұмыс істеуге арналған, атап айтқанда, жануарларды жансыздандыру мүмкін болатын жағдайлар, осы процедураны жүргізу кезінде, оның ішінде ветеринария саласындағы ұлттық заңнама талаптарын сақтай отырып, міндетті талаптар айқындалған», - деп толықтырды ол.

Бұдан басқа, оның мәліметінше, заң жобасында жекелеген санаттағы жануарларды ұстау және ұстау кезіндегі талаптар айқындалған:

1) мәдени ойын-сауық мақсаттарында;

2) эксперименттік (зертханалық) жануарлар;

3) Қызметтік жануарларды;

4) үй жануарлары;

5) қараусыз және қаңғыбас жануарлар.

«Сондай-ақ, осы саладағы қоғамдық бақылау институты бейім азаматтар мен қоғамдық ұйымдармен де қарастырылған. Жануарларды ұстау саласында «қоғамдық инспекторлар» ұғымын енгізу ұсынылады. Жануарларға қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібін уәкілетті орган айқындайды», - деді ол.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді, жануарларды иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге және үй жануарларын биостерилизациялау қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру бойынша құзырет берілетін болады.

«Бұл ретте, қоршаған ортаны қорғауды, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылықты, жануарлар үшін қажетті жағдайлар жасау мүмкін болмаған кезде халықтың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында иелері және/немесе жауапты адамдар олардың биостерилизациясын қамтамасыз етеді», - деді вице-министр.

Сонымен қоса, «чиптеу» дегенге қатысты, заң жобасы үй жануарларын есепке алу өнімін (құралын) иелері есебінен ақылы негізде пайдалана отырып, үй жануарларын міндетті есепке алуды енгізетінін айтып өтті.

«Бұдан басқа, осы айтылғандарды жоспарлы іске асыру және үй жануарларын есепке алуды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ олардың иелеріне біржолғы жаппай жүктемені болдырмау мақсатында заң жобасында үй жануарларын міндетті есепке алу бойынша кейінге қалдыру нормасы көзделген», - деді Әлия Шалабекова.

Сонымен бірге, жануардың өмірі, денсаулығы және жағдайы үшін иесінің жеке жауапкершілігі, оның ішінде әкімшілік және қылмыстық жауаптылық, мәселен, жануардың өліміне әкеп соққан құқық бұзушылық үшін жаза 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде-1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға не бір жылға дейін бас бостандығынан айыру қатаңдату көзделгенін де еске салып өтті.

Оның айтуынша, ұсынылған заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қоймақ. 

«Мұндай көріністерге, атап айтқанда, иттердің төбелесін өткізу, анестезиясыз ветеринариялық операциялар жүргізу, жануарларды заңсыз өлтіру, жануарларды әлсірету және оларға уақтылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен аулау, жануарлардың еті мен майын пайдалану, сондай-ақ жеуге және өнім алуға арналмаған әрекеттер жатады», - деді ол.

Заң жобасының ережелерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі, атап айтқанда:

- Қылмыстық кодекске;

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске;

- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Ветеринария туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңдарға.

Оның сөзінше, жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасын қабылдау Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтып, барлық тіршілік иелеріне адамгершілік пен ізгілікті қатынасты тәрбиелеуге, үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік бермек.

Барлық жаңалықтар