- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысындағы өңірлік кеңесіне үміткер ретінде 91 адам тіркелді. Кеңеске тек 28 кәсіпкер сайланады. Дауыс беру бүгін басталды және 16 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік кеңестегі әр орын үшін 3 үміткерден келіп тұр. Ең жас кандидат 27 жаста, ең үлкені 78 жаста, орташа жас ерекшелігі – 49 жасты құрайды. Кандидаттардың 35 пайызы – кәсіпкер әйелдер.
Кеңеске мүше болғысы келген үміткерлер саны ауыл шаруашылығы саласынан басым – 27 өтінім, өзге де қызметтер бойынша 19 өтінім түсті. Өңдеу өнеркәсібі саласынан 12 кандитат, сауда саласынан 11 адам, әлеуметтік саладан 10 азамат, құрылыс саласы бойынша 7 кәсіпкер, сондай-ақ көлік және логистика бойынша 3 адам үміткер болды.
Облыстың әр ауданынан 4-5 үміткер ұсынылған, бұл фактор сайлау процедурасының ашықтығын, сондай-ақ бизнес үшін осы бастаманың маңызды екенін көрсетеді.
«Әр бизнес субъектінің дауысы маңызды, өйткені өңірде бизнестің мүддесіне өкілдік етіп, ең өзекті мәселені көтеруге дайын азаматтардың кім болатыны кәсіпкерлердің таңдауына байланысты», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов.
Палата өкілі жамбылдық кәсіпкерлерді сайлау науқанына жауаппен қарап, дауыс беруге белсенді қатысып, кандидаттарға қолдау білдіруге шақырды.
Үгіт-насихат науқаны кезінде әр канидат өңірдегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі жеке бағдарлама мен қажетті іс-шаралар ұсынымын дайындады, олармен https://vote.atameken.kz/ru/ веб-сайтынан танысуға болады. Таңдаған кандидатқа ЭЦҚ көмегімен https://vote.atameken.kz/ru/ сайты арқылы онлайн дауыс беруге болады.
Кандидаттарды іріктеу қорытындысы 19-29 сәуір аралығында шығады.
Айта кетейік, 18 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін Жамбыл облысы Өңірлік кеңесіне кандидаттардан өтінім қабылдау офлайн форматта өтті.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай
-
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде

