• Басты
  • Жамбыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту шаралары қандай болмақ
17 Қыркүйек, 2019 13:39

Жамбыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту шаралары қандай болмақ

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы тұрғындарының жалпы саны 1 миллион 125 мың адамға жеткен. Ал оның 60 пайызы (680мың) ауылдық жерлерде тұрады. Жамбыл өңіріндегі қала тұрғындарының 532 мыңы еңбекке жарамды болса, ауылды жерде олардың саны - 328 мың адам.



Жамбыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту шаралары қандай болмақ

Жамбыл облысы тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бойынша пилоттық жобаның қыр-сырымен таныстырған облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

«Ауылдық жерлердегі жұмыссыздардың санын азайту үшін қосалқы шаруашылықтарға қолдау көрсету. Мұндай шаруашылықтарды күнкөріс пен табыс көзі ретінде қарауға толық негіз бар. Себебі облыста ауыл шаруашылығының 40 пайызын, ет пен сүттің 60 пайызын осы қосалқы шаруашылықтар өндіруде. Бұл өндіріс мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан бұл қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту, жақсарту үшін мемлекет тарапынан осы шаруашылықтарда қолдау керек деп ойлаймын. Әрі мұндай саясат өндірісте де септігін тигізеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналған Президент тапсырмасына сәйкес, облыстағы 138 мың ауылды арлап, толық зерттедік. Осы шаралардың нәтижесінде айына 25-30 мың теңгеден бастап, 500 мң теңгеге дейін қосалқы шаруашылығынан қаржы тауып отырған отбасыларды анықтадық», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қосалқы шаруашылық – ауылдық жерлерде немесе қала маңындағы жер учаскеінде өз қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет. Аталмыш қызмет ҚР «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» Заңымен реттеледі.

Жамбыл облысы әкімі қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалардың табысының төмен болу себептерін атап, оларды қолдау шараларының бес бағыты туралы баяндап берді

«Табыстың төмен болуының бірнеше себептері бар. Орталықтандырылған сатып алу тетіктерінің болмауы, көлік инфрақұрлымы, жеп-шөп аздығы секілді мәселеллер табысты азайтады. Сондықтан кешенді қолдау шарасы қажет. Жоба бес бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады. Біріншісі – өсімдік шаруашылығы, одан кейін – мал және құс шаруашылығын дамыту үшін үй іргесіндегі телімдерді тиімді пайдалану. Сонымен қатар елді мекендерден тыс жерлерде әр ауыл тұрғынына тиесілі жер ресурстарын тиімді пайдалану, әр ауылдық округте қажетті техника, құрал-жабдықтармен және айналым қаражаттарымен кооператив құру бағыттары бар», - деді ол.

Жамбыл өңірі тұрғындараның әл-аууқатын арттыру бойынша жобаны іске асыруға 2020 жылдың соңына дейін игеру кезеңімен шамамен 46,4 млрд теңге қажеттілігі тумақ.

«Осы, 2019 жылы бастапқы кезеңде облыстың 10 ауданының 10 ауылдық округіне 7,2 млрд теңге қажет болады. Сонымен қатар 2459 шағын несие беруге, оның ішінде 492 стартап-жобаға жұмсау қаралды. Ал шағын несиелерді ауылдық елді мекендерде және шағын қалалардағы тұрғындарға жылдық 2,5% және 7 жылдан аспайтын мерзімге беру жоспарладық», - деді облыс әкімі.

Сонымен 0,01% мөлшерлемемен «Еңбек» Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  облыс әкімдігі бюджеттік несие алады. Әрі қарай әкімдік тұрғындарға «Тараз» ӘКК сенімді агент арқылы соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайтын бюджеттік несие береді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жамбылдықтарға берілетін несие тууралы айтты.

«Жамбыл облысы әкімі таныстырған пилоттық жобаны қолдаймыз. Аталмыш облыста жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыс 66 мың теңге мөлшерінде болып отыр. Сонымен қатар 506 мың жұмыспен қамтылғандардың 177 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады. Әрине, көрсеткіш – республика бойынша ең жоғары. Ауыл тұрғындараының жартысының ғана тұрақты табысы бар. Салдарынан республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 31 мыңнан астам отбасындағы 43 мың адам еңбекке жарайтын жастағы қазақстандықтар. Жоба аясында бюджеттік несие жергілікті атқарушы органдарға 10 жылға берілмек», - деді Біржан Нұрымбетов.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын іске асыруға, несиелерді оңай алуға, отбасылық бизнес жүргізуге барлық мүмкіндіктерді жасағанымен, шағын несие беру жай ғана аз пайызбен ақша тарату болмауын қарастыруды айтты. Оның пікірінше шараны іске асыру кезінде қарыз ақшаны қайтаруға қатаң бақылау болуы міндетті.

«Жалпы, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту –міндетіміз. Қыркүйек айының соңына дейін ҚР Ауыл шаруашылығы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне пилоттық жобаны іске асыру тетігін қарауға енгізіп, сондай-ақ жарияланған көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізудің тиісті бақылауын қамтамасыз етуді тапсырамын. Ал келесі жылы пилоттық жобаны іске асыру қорытындысын шығаруға тиіспіз», — деді Премьер-Министр Асқар Мамин. 

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды