• Басты
  • Жамбыл облысының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті
20 Ақпан, 2020 16:36

Жамбыл облысының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік кеңес мүшелері және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде кәсіпкерлер өз кәсіптерін кеңейту мен ілгерілету  бағытында кездесіп отырған кедергілер мен туындап отырған мәселелер туралы жеткізді, деп хабарлады облыс басшысының баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Өз сөзінде аймақ басшысы кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламалар мен жеңілдіктердің аз еместігін айтып, солардың бірі ретінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының нәтижесін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Президент барлық деңгейдегі әкімдерге жаңа жұмыс орындарын ашу міндетін қойған болатын. Бұл орайда бизнестің рөлі жоғары екені даусыз.

Сондай-ақ, өз Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылдың дамуының берік негізі бола алатынын, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап айтқан болатын.  Ағымдағы жыл басынан бері үш жыл мерзімге шағын кәсіпкерлік субъектілеріне барумен тексеруге, профилактикалық бақылауға және қадағалауға жарияланған мораторий күшіне енген-ді. Осыған айрықша назар аудартқан облыс басшысы жергілікті кәсіпкерлерді қолдау тетіктері жалғасатынын жеткізді.

Бұдан соң кәсіпкерлер кезектесіп сөз алып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. «Көк жиек 2030» ЖШС-нің директоры Әбдіқали Бегімбетов аудандардағы жер учаскелеріне қатысты аукциондардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оны электронды түрде өткізудің маңыздылығына тоқталды. Ал, «Бастау-Бизнес» жобасының тренері Жазира Толқабаева ЖСҚ шығындарының құнын төмендету және құрылыс, сәулет және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына ауылдық жерлерге арналған қарапайым бір қабатты типтік жобаларды дайындап, оларды құрылыс комитетімен бірге заңдастыру жұмыстарын жүргізу тиімділігін тілге тиек етті. Ол жобалау жұмыстарының құның айтарлықтай төмендетуге және орындалу уақытын 60 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік бермек екен.

Сондай-ақ, жиында сұранысқа ие мамандардың тапшылығы, нарық талаптарына сай келетін курстардың жоқтығы, мамандардың сапасыз дайындалуы секілді мәселелер көтерілді. Осы орайда қысқа мерзімді курстарға бөлінетін қаржыны тиімді игеру мақсатында тиісті минстрлікке ұсыныстар жолдау жайы сөз болды.

Өзге де бірқатар жеке шаруа қожалықтар өз кәсіптерін кеңейту жолында кездесіп отырған келеңсіздіктерді тілге тиек етіп, қолдауға зәру екендіктерін білдірді. Айталық, «Злиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев картоп шаруашылығын дамыту үшін тұқым сапасын көтеруге, «Альфа» шаруа қожалығының жетекшісі Бахром Нұралиев ара шаруашылығын өркендетуге демеу керектігін айтты. Сонымен қатар, жиында өңірімізде малина шаруашылығын кеңейту, моноқалалардың кәсіпкерлерін қолдау бағытында несиелеу жұмыстарын екінші деңгейлі банктер емес, «Даму» қоры арқылы қаржыландыру туралы орамды ойлар ортаға салынды. Ол ғана емес, тігін, жихаз өнеркәсіптерін өркендетуге қолбайлау болып отырған мәселелер де талқыға түсті.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы «бизнес үшін үкімет» сервисін іске асыру мақсатында ыңғайлы ғимарат бойынша ұсыныстар көтеріп, «мобилді жұмыспен қамту орталықтарын» құру бойынша жұмыстар барысы сараланды.

Жиынды қорытындылаған Бердібек Сапарбаев барлық ұсыныстар мен мәселелер ескерусіз қалмайтынын баса айтып, өңірдегі кәсіпкерлік саласы нарық талаптарына ыңғайлану керектігін, облыстағы сұраныстарды алдымен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерімен қанағаттандыру,  ол үшін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын күшейте түсудің маңыздылығына назар аудартты.  Дегенмен бұл тұрғыда  басты талап – сапа  мен бағаның тиімділігі екендігін ескерусіз қалдырмады.

Ара шаруашылығын дамытуды қолға алу, малина, картоп егістігі мен тұқым сапасын арттыра отырып, бұл өнімдерге деген облыс халқының сұранысын толығымен қанағаттандыру мүмкіншіліктері назарға алынды.

Облыс әкімі көтерілген кейбір мәселелер бойынша анықтау, зерделеу шаралары атқарылатынын,  мемлекеттік қолдау тетіктерін барынша пайдалану қажеттілігін айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды