• Басты
  • Жамбыл облысындағы азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді
13 Наурыз, 2020 10:05

Жамбыл облысындағы азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді

Жамбыл облысындағы азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді, деп хабарлады Жамбыл облысының баспасөз қызметі.

 


Жамбыл облысындағы азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 ай қамтамасыз етуге жетеді

Жамбыл облысының көкөніс сақтау қоймалары мен өзге де қоймаларында 16,1 мың тонна азық-түлік қоры бар. Оның ішінде картоп - 1210 тонна, пияз – 5459 тонна, сәбіз – 7 363 тонна, сүт өнімдері – 675 тонна, қырыққабат – 67 тонна.

Сондай-ақ, бөлшек сауда нысандарында 1,7 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері, 350 тонна ет, 1008 тонна ұн, 488 тонна күріш, 254 тонна қарақұмық, 165 тонна макарон өнімдері, 300 тонна өсімдік майы және басқа да азық-түлік тауарлары бар.

Бұдан басқа, облыстың тұрақтандыру қорында 1,3 мың тонна көкөніс өнімдері, 2,6 мың тонна қант, 3 мың тонна ұн және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауар қоры сақталынған.

Қолда бар азық-түлік қоры облыс халқының қажеттілігін 2-3 айға қамтамасыз ете алады. Бұл ретте, күн сайын базарлар мен қоймаларға бірінші қажеттілік өнімдерінің қосымша көлемі түсуде.

Облыс әкімдігі жанындағы жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күнделікті мониторинг жүргізуде. Тауарлардың құнын негізсіз өсіру фактілері тіркелмеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты баға көтерудің қандай да бір фактілері туралы 45-21-24 телефоны бойынша (жұмыс уақытында) хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Жалпы, бүгінгі таңда өңірдің азық-түлік нарығындағы  ахуал тұрақты. Облыс аумағындағы сауда орындарында толассыз кезекте тұру жағдайлары тіркелмеген.  Тұрғындарды босқа дүрлікпеуге және  жалған ақпараттарды таратпауға шақырамыз.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды