• Басты
  • Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды
1 Маусым, 2020 17:03

Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды

Жамбыл облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай үш әмбебап спорт және ойын алаңының ашылуы өтті. Жаңа нысандар Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында, Қордай ауданының Масаншы ауылында және Тараз қаласындағы Қаратау-2 шағын ауданында пайдалануға берілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында үш әмбебап спорт алаңы ашылды

Спорт алаңдарының жобасын "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырған.

Жаңа спорттық және ойын кешендері бірнеше бөліктен тұрады. Атап айтсақ, жасанды көгалы бар 30 көрерменге арналған футбол, «workout» және балаларға арналған құм-төбешік, әткеншегі бар ойын алаңдарымен қамтылған. Алаңның периметрі бойынша қоқыс салатын орындықтар мен урналар орнатылған. Мұндай бір кешеннің аумағы 1300 шаршы метрді құрайды.

Тараздағы алаңның салтанатты ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

- Мемлекет басшысы елімізде барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Ол үшін халыққа спорттық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біздің облыста спортпен белсенді  айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Ағымдағы жылы спорт нысандарының инфрақұрылымын жаңарту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда. Балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы біз оларды жағымсыз әдеттерден сақтай аламыз. Дені сау балалар – біздің болашағымыз! - деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кету керек, жаңа нысандарды салу орындарын Жамбыл облысының әкімдігі және «Samruk-Kazyna Trust» қорының жергілікті азаматтық қоғаммен бірлесіп анықтаған. Жамбыл облысының әкімдігі тиісті аумақты ұсынған десек, «Samruk-Kazyna Trust» қоры алаңдардың толық орнатылуын қамтамасыз еткен. Енді олардың күтіп ұсталуы мен қызметін қамтамасыз ету үшін нысандар жергілікті атқарушы органдардың балансына берілмек.

- Бұл алаңдар балаларға да, ересектерге де қол жетімді, оларға кіру тегін. Нысандар салауатты өмір салтын қолдау және балалар спортын дамыту, қалалар мен аудандардың тұрғындарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында салынды, - деп атап өтті "Samruk-Kazyna Trust" қорының ресми өкілі Иргебаев Мирас.

Әкімдік пен жоба ұйымдастырушылары жергілікті тұрғындарды алаңдарға ұқыпты қарауға, құрылымдарды бұзбауға және аумақты қоқысқа толтырмауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, әмбебап алаңдарды орнату жобасын "Samruk-Kazyna Trust" қоры "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. "Менің елім" бағдарламасының жобалары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және өңірлердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жоба іске қосылған сәттен бастап бүкіл ел бойынша 130-дан астам әмбебап спорт және ойын алаңдары ашылды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды