• Басты
  • Жамбыл облысында сенаторлар кездесулер өкізді
9 Қаңтар, 2020 17:17

Жамбыл облысында сенаторлар кездесулер өкізді

Парламент Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров, Мұратбай Жолдасбаев пен Абдалы Нұралиев Жамбыл облысында жұмыс бабындағы сапарымен болды. 
Жамбыл облысында сенаторлар кездесулер өкізді

Сенаторлар сапар барысында облыс активімен және жұртшылық өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында сенаторлар жиналғандарды заңнамаға енгізілген өзгерістерімен таныстырды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму келешегін, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру мәселелерін талқылады.

Сенатор Қайрат Қожамжаров облыс жұртшылығын Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуымен құттықтады және Еуразия тарихы мен Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы аймақтың маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ ішкі тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызы зор екені атап өтілді. 

Депутат өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары мен оның жүзеге асу барысына жұртшылықтың назарын аударды. Сондай-ақ «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» деген тұжырымдамасы аясында әр азамат өзінің мұң-мұқтажын депутаттарға жеткізе алатынын, ал олар өз кезегінде талап-тілектеріне жедел әрі сындарлы жауап беруге атсалысатындарын еске салды. 

Сенатор Мұратбай Жолдасбаев облысқа сапардың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатымен танысып, өткір проблемаларды тыңдау екенін атап өтті. Сөз алған Абдалы Нұралиев өткен жылы қабылданған жаңа заңдарға тоқтала келіп, олардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналғанын айтты. Сенатор аграрлық субсидия мәселесіне де ерекше тоқталды.

Жүздесуде бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, жан-жақты талқылау болды. Оның ішінде Жуалы ауданын газдандыру, «Ардагерлер туралы» заң жобасы және басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Сенаторлар сапар барысында Жамбыл облыстық прокурорымен және  прокуратураның бөлім басшыларымен, облыстың құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесті. Бұл кездесуде қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мен жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқылаудың басты тақырыбы болды.    

Қайрат Қожамжаров кәмелет жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, браконьерлік, нашақорлық, мал ұрлығы, мас күйде көлік жүргізу, қайталанған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту шаралары туралы хабардар етті.

Сенаторлар Жамбыл облыстық полиция департаментінің Жедел басқару орталығы мен жаңадан ашылған «Фронт офисінің» жұмысымен және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасының қызметімен танысты. 

Депутаттар аймаққа сапар аясында сапалы өнім өндіретін әрі қарқынды дамып келе жатқан «Аса-ДАМУ» құс фабрикасында болды.

Жамбыл ауданының орталығындағы «NurOtan» партиясы аудандық филиалында депутаттар аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды