• Басты
  • Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден төленеді
24 Сәуір, 2020 18:22

Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден төленеді

Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мерекелік іс-шаралар онлайн-форматта өтеді, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден төленеді

Қыркүйек айында мектептерде патриоттық және ерлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 57 ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.

Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың 337 жесірі мен ҰОС мүгедектерінің әйелдері де әлеуметтік көмек алады. 60 мың теңгеден Ленинград қоршауының үш бұрынғы тұтқынына және концлагерьдің үш тұтқынына төленеді.

Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Мемлекет басшысының атынан медальдар, алғыс хаттар мен азық-түлік себеттері беріледі.

Жамбыл облысының аумағында 197 Ұлы Отан соғысы батырларына ескерткіш орнатылды, оның 11-і 11 мемориалдық тақта.

Кеңес Одағының Батырлары мен "Даңқ" орденінің иегерлерінің есімдері облыс бойынша бір елді мекенге, үш ауылдық округке, 41 нысанға, 575 көшеге берілген.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды