• Басты
  • Жамбыл облысында АӘК алушы көпбалалы ана тігін шеберханасын ашты
29 Қазан, 2019 10:19

Жамбыл облысында АӘК алушы көпбалалы ана тігін шеберханасын ашты


Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, өз үйінде тігін шеберханасын ашты.
Жамбыл облысында АӘК алушы көпбалалы ана тігін шеберханасын ашты

Аида Ақылбекова жеті бала тәрбиелеп отыр. Көпбалалы ана мемлекет тарапынан қолдау болу керек, бірақ үнемі әлеуметтік көмек алғаннан көрі өз бизнесінің болғаны жақсы деп есептейді.

«Менің ойымша, өмірде кез-келген мамандық қажет болуы мүмкін, сондықтан 25 жасымнан бастап құрылысшы-монтажшыдан аспазшы мамандығына дейін түрлі курстарда оқыдым. Қолымнан барлық дерлік нәрсе келеді деп батыл айта аламын! Үйде жөндеу жұмыстарын да жасай аламын, шашты да әдемілеп қысқарта аламын, асты да дәмді пісіремін. АӘК алғаннан кейін қысқа мерзімді курстарда тігінші мамандығын алдым. Қазір ұлттық стильде көрпе тігу мүлде қиын емес. Мемлекеттік грант бойынша алған ақшаға тігін машинасын, үтік, үтіктеу тақтасы мен ас пісіретін кәсіби пеш сатып алдым. Қазір жаңа туған нәрестелерге арналған киім тігу бойынша тапсырыстар қабылдаймын. Қыста мектеп асханаларына арнап түрлі тоқаштар пісіруді жоспарлап отырмын. Өз бизнесімді амалсыздан үйде жүргізіп келемін, себебі кенже балам әлі кішкентай», – деп көпбалалы бизнесвумен жеткен жетістіктері мен жоспарларымен бөлісті.

Жамбыл облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, Аида Ақылбековаға ай сайын 163 мың 826 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 млн 965 мың 912 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өңір бойынша АӘК барлығы 35 мың 497 отбасына тағайындалды, оған  14,5 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

«Бүгінгі таңда 1 мың 535 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 51 адам жеке ісін ашты, 164 адам біліктілігін арттыру, қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді, 879 адам қоғамдық жұмыстарға, 242 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, 63 адам жастар практикасына жіберілді», – деп хабарлады АӘК алушыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту туралы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов.

 Аида Ақылбекованың жетістікке жетуі өңірдегі жалғыз оқиға емес. Осыған ұқсас мысал Қордай ауданында да орын алған, онда 5 баланың анасы Меруерт Чораева шаштараз мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсында оқып, 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантты алғаннан кейін сұлулық салонын ашқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы тоғыз айда АӘК 417 мың отбасына немесе 2,1 млн адамға тағайындалды.  АӘК орташа мөлшері бір адамға 2,5 есе, 6848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін өсті. Орташа есеппен отбасына 90 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома – 455 мың теңге. Ағымдағы жылы АӘК-ке 206,2 млрд теңге қарастырылған, оның 146,4 млрд теңгесі төленді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын.

«Ең басты принцип ­– мемлекет шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналастыруға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.

 Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар табысына қарамастан төленеді.

АӘК табысы аз отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларға мектепке дейін жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды