• Басты
  • Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды

Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды

17 Наурыз, 2021 12:23

Жамбыл өңірінде өз еркімен өтініш білдірген 4035 медицина, 1068 білім саласының қызметкері ерікті түрде екпе салдырған. Олардың қатарында балабақша тәрбиешілері, бастауыш сынып педагогтары, колледж ұстаздары, білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері бар. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев пен Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Аймақтың бас дәрігерінің мәліметінше бүгінде облыста Спутник V вакцинасының 1 компонентімен барлығы 5540 адам егілген. Oлардың 72,8% жоғарыда айтылған медицина қызметкерлері, 19.8% ұстаздар қауымы құрайды.   Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаментінің қызметкері - 26 (0,5%), 10 - студент (0,02%), әлеуметтік мекеменің – 1 қызметкері (0,02%), мемлекеттік қызметшілер – 11 (0,2%), 359 - тағы басқалары (6,5 %) бар.

Бүгінгі күні екпе салдырған педагогтардың денсаулығы қалыпты. Қандай да бір кері әсерлері болмаған. "Ұстаз өз еркімен вакцина алуға жазбаша келісім берген соң, алдымен арнайы екпе үшін дайындалған бөлмеге барып денсаулығын тексертеді. Онда дене қызуы мен қан қысымын өлшетеді. Кінәрат болмаған соң бірінші дозасын қабылдайды. Кейін 30 минут дәрігердің бақылауында болады." - деді Ә. Қалиев.

«Вакцинаны алғаннан кейін де педагогтар дәрігерлердің бақылауында болады. Өңірдегі педагогтарға екпе туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін әр мұғалім жауапты. Сондықтан вакцина алуды әр педагог азаматтық міндеті деп есептеу керек» - деді Г. Ходжабергенова.

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша биыл 18 жастан асқан 593 700 адамды COVID-19-ға қарсы екпе салынады. Бұл облыс халқының   52%-ы деген сөз. Кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

Мониторингке сәйкес, 2021 жылдың 16 наурызына облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 6167 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 541,6 құрады. Пневмонияның – 1762 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 154,8).

Өткен тәулікте КВИ-дың 19 жағдайы (тәуліктің өсім 0,3%) тіркелді.

Тіркелген жағдайлардың ішінде 2951 науқас (47,8%) симптоммен, 3216 науқас (52,2%) симптомсыз. 5883 азамат сауығып шықты. КВИ-дан 64 өлім оқиғасы тіркелді.

Инфекциялық стационарда (1200 төсек орын) – 292 (төсек орындар 24%-ға толтырылған) науқас, о.і. 30 реанимацияда.

Карантиндік стационарда – 29 тұлға:

ПТР зерттеу нәтижелері бойынша:

2020 жылдың 29 қаңтары мен 2021 жылдың 15 наурызы аралығында жалпы 325801 тұлға КВИ-ға зерттеу жүргізілді, о.і. 6167 – оң нәтижелі, 319634 теріс.

Облыс бойынша 18-64 жастағы 659 722 тұрғын бар, оның ішінде қарсы көрсеткіштер мен бас тартуларды ескере отырып (шегерім 10%), вакцинациялауға 593 700 адам жатады.

15.03.21 жылғы жағдай бойынша облыста Спутник V вакцинасының 1 компонентімен барлығы - 5540 адам егілді, оның ішінде 4035 - медицина қызметкерлері (72,8%), 1098 - педагог (19.8%), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мен ішкі істер департаментінің қызметкері - 26 (0,5%), 10 - студент (0,02%), әлеуметтік мекеменің – 1 қызметкері (0,02%), мемлекеттік қызметшілер – 11 (0,2%), 359 - тағы басқалары (6,5 %).

Вакцинаның 1-ші компонентімен егілген 5540 адамның ішінен 21 күннен кейін 846 (17,8%) адам вакцинаның 2 компонентін алды , оның ішінде 844 медицина қызметкері (99,8%). Вакцина салғызғаннан кейін кері әсерлер мен асқынулар болатын жағдайлар тіркелген жоқ. Егу жұмыстары вакцинаның аймаққа келіп түсуіне қарай жалғастырылуда.

Облыс бойынша 18-64 жастағы 659 722 тұрғын бар, оның ішінде қарсы көрсеткіштер мен бас тартуларды ескере отырып (шегерім 10%), вакцинациялауға 593 700 адам жатады.

 


Барлық жаңалықтар