- Басты
- Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 30 304 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 23 793 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 842-сі немесе 75% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, Жамбыл облысында 3 322 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.
Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.
Жамбыл облысында микрокредитпен 1 561 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 43 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 1 271 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).
Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Жамбыл облысында 8 967 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 523-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 2 409-ы жастар практикасына және 5 035 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Сайлау-2021: Белгілі өнер адамдары өз таңдауын жасады
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн-нан астам теңге зейнетақы төленді
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
Қайырымдылық жобасы 2 млн адамды қамтыды
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті

