• Басты
  • Жалпы ел аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты - ТЖК
16 Сәуір, 2020 12:34

Жалпы ел аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты - ТЖК

Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу үшін өңірлерде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тасқынға қарсы жедел штабтар жұмыс істейді, деп хабарлады Strategy2050.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Жалпы ел аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты - ТЖК

Ақмола облысында 14 сәуірден бастап Астрахан ауданы Старый Колутон ауылының маңында орналасқан Қалқұтан өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі байқалады (сыни деңгей – 3,48 м, нақты – 3,86 м). ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары құрамында 12 адам, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы бар аула маңындағы аумақтардан 710 текше метр суды сору және өзендегі су деңгейіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар Жабай өзеніндегі су деңгейі 50 см төмендегені байқалады (Атбасар қаласының автомобиль көпірі ауданында нақты деңгейі - 2,9 м, сыни деңгейі-3,45 м). ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары құрамында 15 адам, 9 бірлік техника, 1 жүзу құралы өзендегі су деңгейінің кезекшілігі мен мониторинг жүргізуді ұйымдастырды.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында реттелмейтін Сергеев су қоймасы орналасқан, оның  нақты көлемі 883,7 млн. текше метрді құрайды. Көктемгі су тасқынына байланысты 2 сәуірден бастап Есіл өзені жайылмасының төменгі жағында  орналасқан осы гидротехникалық құрылыстың жотасы арқылы су құйылу байқалады. Максималды су құйылу 11 сәуірде 195 см тіркелді. Осы күннен бастап су құйылу деңгейінің біртіндеп төмендегені байқалады, 16 сәуірдегі жағдай бойынша ол 153 см құрады.

Петропавл су қоймасының нақты көлемі 28,12 млн. текше метр, тасқын суы осы гидротехникалық құрылыс арқылы транзиттік режимде өтеді.

Облыстың барлық гидротехникалық құрылыстары штаттық режимде жұмыс істейді. МТҚ-да тәулік бойы «Қазсушар» РМК мамандары, полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Бұл объектілер жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.

Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі мақсатында ТЖК аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еліміздің су тасқыны қаупі бар аймақтарында тәулік бойы мониторинг жүргізу және тасқын сулардың қауіпсіз өтуі бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды, бұл су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Осы жұмыстарға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, облыстық ТЖД--ның инспекторлық және жеке құрамы жұмылдырылады, олар тәулік бойы кезекшілік және қызметтің күшейтілген түрінде жұмыс атқарады. 

Мәселен, су тасқыны кезеңінің басынан бастап 163,855 шақырым қорғау бөгеттеріне құрылыс-жөндеу жұмыстары, 422 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарын жағалауды нығайту, түбін тереңдету және түзету, сондай-ақ 192,4 шақырым су бұру арналарын орнату, мұзды қопсыту бойынша жұмыстар жүргізілді, өзендерде 21,566 тонна жарылғыш заттарды пайдалана отырып, 236 жару жұмыстары жүргізілді.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды