• Басты
  • Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады

Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады

12 Шілде, 2021 12:02

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек сотталғандардың жұмыспен қамтылуы мен ПТР тестілеу қорытындысы мен вакцина паспортын қолдан жасағандар анықталғанын айтып өтті. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, өткен жылдың қазан айынан бері азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Жалған вакцина паспортын ұсынғандар анықталған

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша,  кей азаматтар қазіргі жағдайды пайдаланып, табыс табуға тырысып жүр. Олар ПТР тестілеу қорытындысы мен вакцина паспортын қолдан жасап, осылайша вирустың таралуына себепкер болуда.

«Жыл басынан бері ішкі істер органдарды ПТР тестілеу қорытындысы мен вакцина паспортын қолдан жасаудың, сондай-ақ, оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді», - деді ол.
Оның сөзінше, Алматы қаласында қажылыққа баратын адамдарға жалған вакцина паспортын рәсімдеген туристік компания анықталған. Ол туралы қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, тінту кезінде ұйымдастыру техникасы және мөрлер және бланк өнімдері алынып, сот сараптамалары тағайындалған.
«Жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі.
Сондай-ақ, құқық қорғау орган қызметкерлері интернеттегі ПТР-тест анықтамасы мен вакцина паспортын ұсынатын хабарламаларды жіті бақылауға алған.

 Оның айтуынша, интернет желісінде ішкі істер қызметкерлері мониторинг жүргізу кезінде деректер базасында ресми тіркелмеген анықтамаларды немесе вакцина паспорттарын дайындау туралы жалған ұсыныстарды анықтатынын жеткізді.

«Уәкілетті органға бұғаттауға жататын осындай 35 хабарландыруды анықтап, жолдадық. Ішкі істер министрлігі осы індетпен байланысты барлық қылмыстық көріністерге ерекше назар аударады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Жалған ПТР анықтама жасап сатқан медицина орталығы ұсталған

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәліметінше,  шілде айы басталғалы Елордада ПТР тест анықтамасын жасап сатудың екі фактісі тіркелген.

«Астана сақшылары медициналық орталық директорын ұстады. Ол ауру жұқтырмағаны туралы жалған ПТР тестілеу анықтамасын берумен айналысты деген күдікке ілініп отыр. Орталық басшысының заңсыз анықтама үшін клиенттерден 6 мың теңгеден алғаны анықталды. Қазіргі таңда полиция ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманы заңсыз алған тұлғалардың санын анықтап жатыр», - деді ол.
Оның айтуынша, ПТР-тест құжаттарын тіпті шетелде отырып-ақ сататын адамдар пайда болған. Полиция қызметкерлері елден тыс аумақта бола тұрып, вирус жұқтырмағаны туралы ПТР-тест анықтамасының электронды нұсқасын жасап, 5500 теңгеге сатқан қазақстандықты анықтаған.
«Анықтамаларды «Телеграм» мессенджері арқылы жіберіп отырған. Аталған оқиға бойынша құжат дайындап сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Полиция өкілдері медицина орталықтарын, емханалар мен ПТР-тест бекерттерін астана тұрғындарына жалған құжат беру фактісіне тексеруде», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Сотталғандардың медициналық күтімі

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәлімдеуінше, сотталғандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігінің пенитенциарлық мекемелерді жаппай бейнебақылаулармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оның айтуынша, Ерлан Тұрғынбаев сотталғандардың  медициналық қамтамасыз ету функциясын ҚР Денсаулық сақтау миистрлігінің қарамағына беру туралы хабарлаған.

Министрдің өзі бұл тексеру диагностика және емдеудің қазіргі заманның әдістерін неғұрлым қол жеткізуге мүмкіндік беретінін және медицина қызметкерлерінің әкімшілігі мен тәуелсіз қызмет етуіне мүмкіндік беретін қадам деп бағалаған. Оның сөзінше, бұл өз кезегінде заңсыз әрекеттердің ықтимал әрекеттерін жасыруды жояды.

Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігі сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша колонияға ауыстыру рәсімін заңнамалық түде жеңілдеткен. Соның ішінде, дәрі-дәрмектерді беруге шектеулер жойылған.

«Науқастану бойынша босату туралы өтініштерін қарау мерзімдері қысқартылды.Өтініштерді электронды жіберу құқығы берілді. Ұстау жағдайларын жақсарту бөлігінде ағымдағы жылдың ақпан айында сотталғандардың тамақтау нормалары 40%-ға, сәлемдемелер мен сауқаттардың рұқсат етілген салмағы үштен бірге артты», - деді ол.

Сондай-ақ, өзімен бірге алып жүруге сәлемдемелердің және сатып алуға рұқсат етілетін заттардың тізбесі кеңейтілген. Өткен жылдан бастап колонияларда электрондық дүкендер де енгізіле бастаған.

Ведомство өкілінің айтуынша, кездесулер саны артқан.Министр атап өткен тағы бір маңызды мәселе, бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды жұмыспен қамту.

Оның дерегінше, жұмысқа орналасқан сотталғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 38%-дан 49%-ға артқан.

«Бұл олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді және жәбірленушіге келтірілген материалдық залалды төлеуге немесе отбасына жіберіп отыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде халықаралық сарапшылара аталған бастамаларды толығымен қолдап, халықаралық тәжірибе алмасу бойыша ұсыныс жасады », - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Қазақстан аумағында 112 шетелдік қылмыскер ұсталған

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша,  Ішкі істер министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, өткен жылдың қазан айынан бері азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатырғанын атап өтті. Осындай акция барысында 4636 құжатсыз адам анықталған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 3 408 адамның құжаттарын қалпына келтіріп, 1 278 адамға қатысты азаматтық растау рәсімін аяқтап жатырғанын мәлімдеді.

«Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері адам саудасымен байланысты 103 қылмыс тіркелді. Аталған 103 қылмыстың 61-і өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды», - деді ведомствоның баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта соттар 9 адамға қатысты айыптау үкімін шығарған. Тағы 42 іс тергеу сатысында, 9 адам түрлі мерзімге сотталған. Еңбек және жыныстық құлдықтан 19 адам құтқарылып, «Мигрант» және «Заңсыз иммигрант-2» жедел іс-шарасы барысында 14,5 мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзу жағдайы анықталған.

«Күзден бері шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланудың 3 666 фактісі тіркелді. Көші-қон заңнамасын бұзған 987 шетелдік елден шығарылды. Өздерінде жүрген шетелдіктер туралы полицияға хабарламаған 823 жұмыс беруші мен 5 966 азамат жауапкершілікке тартылды. Полиция операция кезінде іздеуде жүрген 112 қылмыскерді ұстады және заңсыз көші-қон ұйымдастырудың 33 фактісін анықтады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Барлық жаңалықтар