- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
Бүгін елордада Ұлттық академиялық кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсаукесері ұйымдастырылды. Аталған жинақ 30 мың таралыммен басылып шыққан, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жиын барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлы ақынның мерейтойы биыл жалпы республикалық жоспар бойынша жан-жақты іске асырылып жатырғанын атап өтті. Оның айтуынша, министрлік тарапынан жыл ішінде ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған әдеби кештер, экскурсиялар, кітап көрмелері, дөңгелек үстелдер, ақындар айтысы және басқа да іс-шаралар өткізілуде. Сондай-ақ, ол Жамбыл тұлғасын шетелде таныту бағытында да елеулі жұмыстар атқарылып жатырғанын айтып өтті.
«Биыл мамыр айында Беларусь, Әзербайжан елдерінде «Жамбыл» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Маусым айында Канадада «Жамбыл тойы – жыр тойы» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, елімізде Жамбыл жылы жариялануына байланысты халықаралық қазақ-қырғыз айтысы өтіп, ел атынан қатысқан 8 ақынның ішінде Айбек Қалиев бас жүлдеге ие болды», - деді Мәдениет және спорт министрі.Сонымен қатар, ол жақын аралықта Түрксой халықарылық ұйымының ұйымдастыруымен Түркияда Жамбыл өлеңдері түрік тіліне аударылып, таныстырылғанын жеткізді. Ақын шығармашылығын ғылыми зерттеу бағытында «Жыр алыбы» және «Ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы тарих айнасында» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Жамбылға жаңаша көзқарас» атты мақалалар жинағы шығарылған.
«Осындай игілікті істердің қатарында республикалық іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік тапсырыспен Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен өмір жолына арналған 10 томдық кітаптың жарыққа шыққанын атап өтуіміз керек. Бүгін көпшілік оқырманға таныстырылғалы отырған бұл жинақ 30 мың таралыммен басылып шығып, республика кітапханаларына таратылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Жиында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев 175 жылдық мерейтой мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген ұлы ақынның мұрасын келер ұрпаққа жеткізу парыз екендігін тілге тиек етті.Оның сөзінше, 10 томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап дүние салғанға дейінгі барша өлеңдері мен айтыстары, жырлары топтастырылған. Аталған тұсаукесердің негізгі мақсаты ұлы жыраудың соңында қалған шығармаларын ұлттың рухани игілігіне жаратып, келер ұрпаққа жеткізу. Сондай-ақ, ақын шығармашылығына қатысты ғалымдарың ғылыми зерттеулері мен естеліктері жинақталған.
«Жамбыл халқымыздың руханият жүйесінде қуатты да өміршең өшпес із қалдырды. Оның асыл мұрасы тәуелсіз ұрпақпен мәңгі жасайтынына тәубе етеміз.Сондай-ақ, ақын туындаларының қадір-қасиеті тек елімізбен шектелмей, дүниежүзінің 50-ге тарта халқының тіліне аударылуы, әлем әдебиетінің алтын қорында тұруы қазақ елі үшін үлкен мәртебе», - деді Қырымбек КөшербаевСондай-ақ, ақын шығармаларын насихаттап, халыққа жеткізуде республика көлемінде көптеген мәдени іс-шаралар жүзеге асырылуда. Академик-жазушы М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов бастаған алғашқы жамбылтанушы ақын-жазушылардың, ұлы жыршының өмірі мен шығармашылық ғұмырнамасын жан-жақты қарастырып, толымды зерттеулер жүргізіп, толыққанды еңбек жазған екі зерттеуші – Сапарғали Бегалин мен Нысанбек Төреқұловтың еңбектері енген.
Сонымен қатар, тәуелсіздік кезеңіндегі жамбылтанудың жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкіндік ашқан әдебиетші ғалымдардың еңбектері топтастырылған. Бұдан бөлек, ақынның томдыққа орыс тіліндегі аудармалары мен жамбылтанушылардың зерттеу еңбектері топтастырылса, жыршының библиографиясы тұңғыш рет толымды басылым ретінде томдыққа еніп жарыққа шығарылып отыр.
Аталған шараға Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжіліс депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.





























-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары
-
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады
-
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді
-
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
-
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды
-
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр
-
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді
-
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді

