• Басты
  • Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирустың белгісі көрінбегенімен, жұғу ықтималдығы жоғары
17 Маусым, 2020 12:55

Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирустың белгісі көрінбегенімен, жұғу ықтималдығы жоғары

Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп келеді. Cоңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте 350 азамат инфекия жұқтырғаны белгілі болды. Алғашқы орында елорда тұрғанымен, аймақтардан да біраз адам тіркелді. Осы орайда өңірлердегі аурухналардың жұмысымен танысу үшін БҚО "Бәйтерек аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК анестезиолог-реаниматолог дәрігер Азамат Ізбасовпен сұхбаттастық. Оның айтуынша, қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққандардың қатары артуда, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирустың белгісі көрінбегенімен, жұғу ықтималдығы жоғары

Маманның сөзінше, төтенше жағдай режими алынғаннан кейін науқастарды саны артқан. Оған азаматтардың карантин талаптарына бей-жай қарауы себеп болып отыр дейді ол.

"Мен бұған дейін бұл жерде жұмыс істедім. Қазір науқастар санының көбеюіне байланысты мені қайта шақырып алды. Сәуір-мамыр айларында біз көбінесе ауру белгілері жоқ науқастар мен жеңіл түрімен ауыратындарды емдедік. Ол уақытта төтенше жағдай режимі алынбаған еді. Ал қазір төтенше жайғдай режимі алынып тасталғаннан кейін, науқастардың саны артып кетті.  Індетке шалдыққандардың жағдайы орташа және ауыр. Қазір бізде 25 науқас бар. Оның 7-еуінде пневмония анықталған, ал қалғандарында температура, тамақ жыбырлау секілді коронавирус инфекциясының белгілері бар", - деді Азамат Ізбасов.


Сонымен қатар дәрігер аурудың тез таралатынын айтып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, бірнеше күнге дейін ауру белгілері көрінбегенімен, бірнеше адамға жұғу ықтималдығы жоғары. 

"Бұл ауру бұрыннан бар. Алайда жақында адамдар арасында таралып кетті. Коронавирус басқа жұқпалы аурулармен салыстырғанда ауыр жағдайда өтеді. Дегенмен, қайтыс болғандар саны әдеттегі тұмау тиіп, қайтыс болатындар аз. Десек те бұл індет тез таралады. Екі аптаға дейін ауру белгілері көрінбеуі мүмкін. Ал осы уақыт аралығында науқас бірнеше адамға жұқтыруы мүмкін. Сол себепті де қазақстандықтар карантин талаптары мен ережелерін сақтауы керек", - деді ол.


Бұдан бөлек маман науқастардың ауруды қабылдауы әртүрлі екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, кейбір науқастармен дәрігерлердің өздері сөйлесіп, психологиялық кеңес береді. 

"Ауруды қабылдау әр адамның психикасына байланысты. Мәселен, кейбіреу індеттің барына сенбейді, ал басқалары коронавирус өтірік екенін алға тартады. Ал кейбір адамдардың сенгені соншалық паникаға беріліп кетеді. Көп жағдайда адамдар төрт қабырға ішінде қалып кеткен кезде басқа адамдармен келісе алмай қалады. Бізде психолог маман жоқ болғандықтан, науқастармен өзіміз сөйлесіп, тыныштандыруға тырысамыз. Осылайша науқастардың психологиялық та, денсаулығының да жағдайын бақылауда ұстаймыз", - деді дәрігер.


Сондай-ақ Азамат Ізбасов коронавирустың созылмалы аурулары бар адамдар үшін өте қауіпті екенін еске салды.

"Иммунеті күшті азаматтар бұл індетті жеңіп шығады. Алайда, бұл созылмалы ауруы бар адамдар үшін өте қауіпті. Мәселен, қант диабетіне шалдыққандар үшін өте ауыр жағдайда өтіп, өзінің ауруын одан әрмен асықындыруы ммкін. Сол себепті коронавирусқа қарсы ванцина осындай адамдарға керек", - деді ол.  
Барлық жаңалықтар