• Басты
  • Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары

Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары

27 Мамыр, 2021 11:47

2008 жылдан бастап жыл сайын сараптамалық талдау орталықтарға қатысты жаһандық рейтинг жарияланады. Бұл рейтинг - АҚШ-тың «Foreign Policy Research Institute» зерттеу институты «Тhink Tanks and Civil Societies Program» бағдарламасының негізінде Пенсильвания университетінің профессоры Джеймс Макганның (James G. McGann) басшылығымен экономикалық, саяси және әлеуметтік тақырыпта объективті әрі шынайы зерттеу жүргізетін аналитикалық орталықтарының толық мәліметтер базасын құру мақсатында жүргізілетін зерттеу жобасы. Бұл рейтінг бойынша қазақстандық аналитикалық орталықтар да үздіктер қатарынан көрінді. Осы орайда, жобаның бағалау критерийлері, қандай отандық аналитикалық орталықтар рейтінгте қаншасыншы орынға ие болды, сонымен қатар орталықтардың жұмысы туралы Strategy2050.kz порталының сараптама материалынан оқи аласыздар.

Бұл рейтинг әлемдегі сараптамалық талдау орталықтарының өкілдеріне сауалнама жүргізу арқылы анықталады. Олар өз әріптестерін келесі критерийлер бойынша бағалай алады:

1) мемлекетте және әлемде орталықтың ықпалы;

2) саясаткерлер мен танымал басылымдар арасында олардың беделі;

3) академиялық мәртебесі;

4) зерттеуге жетекші ғалымдар мен сарапшыларды қатыстыру;

5) саяси көзқарастар мен пікірге ықпалы;

6) жарияланған мақалалар, сұхбаттар, зерттеулер.

Сонымен қатар, рейтингі анықтау барысында суретте келтірілген сараптамалық талдау орталықтарының келесі түрлеріне талдау жасалады.


Іріктеу мен номинация процесі алдында «сараптамалық талдау орталықтары және азаматтық қоғам бағдарламасының» тобы мәліметтерді жаңарту әрі толықтыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Рейтинг бағаланатын орталықтарға, сондай-ақ экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңнан астам журналистер, саясаткерлер мен сарапшыларға жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша жасалады (64-сурет). Рейтингті жасаудың қорытынды кезеңіне беделді сарапшылар тобы қатысады, олардың пікірлері бойынша қорытынды шешім шығарылады. Рейтингті қалыптастыру үшін «ақыл орталықтарын» құрылымдайтын географиялық орналасуы, функционалдық және ұйымдастырушылық бағыты, ғылыми-талдамалық жұмыстың сапасы мен беделі, орталықтың «танылымдығы», брифингтер мен ресми кездесулердің саны, сондай-ақ арнайы жетістіктері үшін бірқатар номинацияларды қамтитын 30-дан астам әртүрлі критерийлер қолданылады.

 

2021 жылы 28 қаңтарда Пенсильвания Университетінің әлемдегі ғылыми-сараптамалық орталықтарының «Global Go To Think Tank Index Report» жыл сайынғы рейтингі ұсынылды, ол «ақыл-ой орталықтарының» ең беделді әлемдік рейтингі болып саналады. Рейтинг Профессор Джеймс МакГанның жетекшілігімен «Ақыл-ой орталықтары және азаматтық қоғам» бағдарламасы шеңберінде жасалады ол құрылғаннан бергі 15-ші рейтинг болды. 2020 жылы Пенсильвания университеті әлемдегі 11 175 ақыл-ой орталығының қызметін талдады, оның ішінде 43 орталық Қазақстаннан болды.

Жалпы, рейтинг бағаланатын орталықтар, сондай-ақ экономикалық және саяси зерттеулер саласындағы 4 мыңға жуық мамандар, саясаткерлер мен журналистерге жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде құрылады. Рейтингті қалыптастырудың соңғы кезеңіне беделді сарапшылар тобы қатысады, олардың пікірі негізінде қорытынды рейтинг шығарылады. Рейтингті қалыптастыру үшін ақыл-ой орталықтарын ғылыми-талдамалық жұмыстың сапасы мен беделіне, функционалдық және ұйымдастырушылық бағытына, конференциялар, брифингтер және ресми кездесулер өткізетін орталықтың танымалдығына, сондай-ақ ерекше жүлделер туралы мәліметтерге негізделген құрылмдайтын 30-дан астам түрлі критерийлер қолданылады.

2020 жылдың қортындысы бойыша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты кезекті рет Орталық Азиядағы ең үздік сараптама орталығы болып танылды.

«Орталық Азиядағы жетекші ақыл-ой орталықтары» номинациясына 10 қазақстандық ақыл-ой орталығы кірді. 2020 жылы «Global Go To Think Tank Index» есебінде ұсынылған барлық қазақстандық сараптама орталықтары өз позицияларын жақсартты: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты (6 орын), Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Орталық Азияның әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы (16 орын), Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы (25 орын), ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты (37 орын), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (39 орын), Әлемдік экономика және саясат институты (41 орын), «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы (44 орын).

«Энергетикалық және ресурстық саясат бойынша жетекші ақыл-ой орталықтары» номинациясы бойынша ҚСЗИ 31-орынға ие болды (барлығы ұсынылған - 60 орталық), «Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы жетекші ақыл-ой орталықтары» рейтингінде ҚСЗИ 97-орынды сақтап қалды (ұсынылған барлығы - 110 орталық).

2020 рейтингінің жаңалығы - бұл COVID-19-тың ақыл-ой орталықтарының қызметіне әсері және олардың әлемдік пандемияға реакциясы. Бұл жаңа номинация «2020 жылы COVID-19-ке қатысты үздік саясат және институционалды жауап». көрініс тапты: Сарапшылар бұл номинацияға әлемнің түкпір-түкпірінен 83 аналитикалық орталықты қосты, олардың арасында ҚСЗИ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен кірген жалғыз құрылым болды.

«Тhink Tanks and Civil Societies Program» бағдарламасының жетекшісі Джеймс Макганның пікірінше, қазақстандық аналитикалық орталықтарға «инновациялық және озық идеяларды дамыту негізгі миссиясы болып қала береді, бірақ бұл үшін олар кең ауқымды аналитикалық өнімдер жиынтығын ұсынуға мүмкіндік беретін жаңа бизнес-модельдер мен технологияларды қабылдап, дамуы тиіс».

Жолдыбалина А.С.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS)

директорының орынбасары

Барлық жаңалықтар