• Басты
  • Жаңадан сайланған Сенат депутаттары төсбелгілерін алды

Жаңадан сайланған Сенат депутаттары төсбелгілерін алды

28 Тамыз, 2020 11:30

Сенаттың 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттары тіркеліп, куәлік алды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі науқанның соңғы отырысы Конституцияның 25 жылдығы – Тәуелсіз Қазақстанның Негізгі Заңы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

Күн тәртібіндегі басты мәселе - 12 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу. Күн тәртібінің жобасы барлығында бар, дауыс берулеріңізді сұраймын. Күн тәртібі қабылданды, - деді ол.

Берік Мәжитұлының бұл бұйрығынан кейін жиынға қатысушылар бір ауыздан дауыс берді.

Дауыс беру аяқталған соң Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов «2020 жылғы 12 тамыздағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» баяндама жасады. Оның айтуынша, 13 тамызда ОСК 2020 жылғы 12 тамызда өткен Сенат депуттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы қаулы қабылдаған болатын.

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депуттатарын сайлауы өтті, сайланған депуттар тізімі БАҚ-та жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы сайланған Парламент депуттарын еліміздің Конституциясы мен заңдарына сәйкес, Парламент депутаты мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерін тоқтату туралы өтініштерін алғаннан кейін жүргізеді. Енді ОСК әрбір депутатқа өзі белгіленген деңгейдегі куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырады. Ол рәсім бүгін болады, - деді ол.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталатынын еске салды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев жаңадан сайланған Сенат депутаттарына төсбелгі мен куәлік табыстады. Пандемияға байланысты тәртіп сақталды: төсбелгі 2 метр қашықтан берілді және қол алысу болған жоқ. Суретке түсіру де қол алыссыз, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жүзеге асты.

Қаулы қабылданды, орталық сайлау комиссиясы тіркеуді өткізді, Парламент Сенатының депутатары бүгіннен бастап өкілеттіктерін бастады.

Парламент Сенатының сайланған депутаттары, сенаторлар Кеңесінің мүшесі Қуаныш Айтаханов Төрағаның ұсынысымен жаңадан сайланған Сенат депутаттарына бата берді.

Құрметті депутаттар! Өз атымнын және Сенаторлар кеңесі атынан еліміздің ең жоғары органы Сенаттың депутаты болуларыңызбен құттықтаймын. Сенат депутаты болу - үлкен сенім, халықтың сенімі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімі. Сіздерге бақ қонды. Алайда, Сенат депутаты болу – аса үлкен жауапкершілік. Барлық тәжірибе, білім, энергияларыңызды сапалы әрі демократиялы Заң қабылдауға жұмсайсыздар. Сіздер Қазақстанның әр өңірінен сайланған депутаттар ретінде аймақтардағы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын Парламент деңгейінде көтеріп, оны шешуге атсалысу үшін сайландыңыздар. Өңірлердегі халықтың жағдайын жақсартатын заң шығарасыздар. Сенат депутаты мемлекетшіл тұлға болуы тиіс. Ол тек заң шығармайды, саяси оқиғаларға қатысып, елдің әлеуметтік, саяси рухани даму жолында еңбек етеді, елдер арасындағы парламенттік қатынас орнатуға атсалысады. Өңірдің жағдайын бірлескен палата отырысында, депутаттық сауал беру арқылы шешуге атсалысасыздар, - деп өкілеттілігі басталған депутаттарға сәттілік тіледі.

Жиын аяқталып, қатысушылар естелікке фотоға түсті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.

Сенатты әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарының тең жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенаттың он бес депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 1998 жылғы қазанға дейін төрт жыл болды, 1998 жылғы қазаннан бастап – алты жыл.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар