- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жариялады. Ол өз жолдауында мемлекет пен оның тұрғындары үшін көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
Жолдау барысында мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарға ауқымды көмек көрсетілгені туралы айтып өтті. Президенттің сөзіне сүйенсек, 70 мың жұмыс орны ашылып, өндірілген өнім мен қызметтің құны 3,5 трлн теңгені құраған. Сондай-ақ, 66 мың жобаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.
Ұлттық компаниялар мен еншілес компаниялар
Сондай-ақ, ол 2025 жылға дейін дамудың Ұлттық жоспары мен мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдаданғанын атап өтті. Ұлттық жобалар бекітіледі. Стратегиялық мақсат – Орталық Азиядағы көшбасшылық орнымызды күшейту және әлемдік деңгейде экономикамызды нығайту болып табылады. Оның айтуынша, ұлттық компаниялар мен еншілес компаниялар қысқартылады.
Ол өз сөзінде, «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдағанын тілге тиек етті.
«Бұл бағдарламаларға 1 трлн теңге қаржы бөлінеді. Қазақстан салыстырмалы түрде пандемияның салдарын жақсы еңсеріп келеді. Бұл - біздің басымдығымыз. Алайда Ұлттық трансферт пен бюджеттің қаржысы шексіз емес. Бюджеттің ұлғайтылуын қамтамасыз ету керек», - деді ол.
Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрғанын айта келе, алда болатын сын-қатерлерге дайын болуымыз керек екенін ескертті.
«Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еңселі еңбек арқылы жетіп отырмыз. Еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз», - деді ол.Ол жолдаудың негізгі басымдықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастаманы атап өтті.
5 негізгі бастама
1. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті. Бұл шара 1 млн. адамды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жанама түрде әсер етеді.
2. Соңғы 10 жылда кәсіпорын иелерінің табысынан 60 пайызға артта қалып келген еңбекақы қорын көтеру қажеттігін айтты. Осы орайда Үкіметке жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін бизнесті ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды. Жұмысшыларының жалақыларын өсірген жұмыс берушілерге сатып алуларда жеңілдік қарастырылып, мемлекеттік қолдауда басымдық беріледі.
3. Мемлекет басшысы микро және шағын кәсіпкерліктің еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем көлемін 34 пайыздан 25 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Бұл бизнестің мыңдаған қызметкерін «көлеңкелі айналымнан» шығаруға, зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің толық қатысушысы болуына ықпал етеді.
4. Президент 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл бастаманың игілігін тұтастай алғанда тағы 600 мың қазақстандық көреді.
5. Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлігін «Отбасы банктегі» есепшотқа аударып, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды. Оның айтуынша, бұл қаржыны дұрыс жинап, сауатты пайдалану дағдысына үйретеді.
IT саласы
Ол қазіргі заманда бәсекелестіктегі басым бағыттардың бірі цифрландыру екенін атап өтті. Осы орайда, Қазақстан үшінде зауанами цифрлық техонологияны енгізу мен қолдану маңызды.
«Біз шетелдік серіктестерімізбен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Соның ішінде отандық IT секторды ілгерілетуді де ұмытпаған жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент отандық жоғары санатты IT мамандарды әзірлеу керектігін айтты. Цифрландыру туралы ұлттық жоба аясында кем дегенде 100 мың жоғары санатты IT маман әзірлеу керектігін алға тартты.
«Экспорттық және цифрлық сала бойынша тауар қызметі 2025 жылға қарай кем дегенде 500 млн АҚШ долларына жетуі тиіс. Мемлекеттік секторды цифрландыруда осы және өзге де міндеттерді қайта қарастыру қажет. Бұл жердегі басты мәселе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде интеграцияның жоқтығы. Бұл сұрақ шұғыл шешім мен күрделі өзгерісті талап етеді», - дедді ол.
Экономиканы әртараптандыру жұмыстары
Президент жолдауында Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік тәртіпті енгізуді жеделдету керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, заңға сәйкес өзгерістер осы жылдың соңына дейін енгізілуі керек. Елге мемлекеттік қаржыны басқаратын тәртіп қажеттігін ескере отырып, мемлекеттік қарыз бен Ұлттық қорды басқаруы керектігін алға тартты
«Ұлттық банк пен Үкіметке жылдың соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқаратын тұжырымдаманы әзірлеуді тапсырамын», - деді ол.
Оның дерегінше, 2020 жылдың нәтижесі бойынша Индустрияландырудың 10 жылдығында алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің үлесіне кен өндіру саласы қосылған. 2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 млрд-қа жеткізу керектігін баса айтты.
«Өңдеу өнеркәсібі туралы заң жобасы шикізат алдындағы мәселелерге жауап беруі керек. Шикізат тауарларының бағасы отандық өндірушілерге қолжетімді болуы керек», - деді мемлекет басшысы.
Инфляция деңгейі
Мемлекет басшысы ел экономистерінің негізгі міндеті – инфляция деңгейін 4% - дан 6% - ға дейін дәлізде ұстап тұру екенін атап өтті. Өкінішке орай, биыл пандемия мен әлемдік экономикалық оқиғалардың салдарынан инфляция деңгейі өскен.
«Біз инфляцияның реттелмейтін өсіміне тап болдық. Ұлттық банк пен Үкімет әлемдік тенденцияларды сылтауратып, оны реттеуге шарасыз екенін айтады. Бұл Ұлттық экономиканың әлсіздігін көрсетеді. Біздің кәсіби экономистердің рөлі не деген мәселе туындайды. Ұлттық банк пен Үкімет инфляция деңгейін 4-6% дәлізіне қайтаруы керек», - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жолдауында дағдарысқа қарсы шаралар аясында 6,3 трлн теңге көлемінде экономикада артық қаржы қалғанын айтты.
Азық-түлік бағасы
Мемлекет басшысы азық-түліктің бағасының негізсіз өсуін сынға алды. Дегенмен, АӨК саласында мәселе аз еместігін айтып өтті. Сондай-ақ, тауар өндірушілер баға тұрақтылығын сақтау үшін оларға арналған бірыңғай бақылаудың керектігін айтты.
«Мен бұған дейін елімізде көтерме үйлестіру желісін құрудың маңыздылығы туралы айтқан болатынмын. Бұл міндет жүзеге асу деңгейінде тұр. Ұсақ ауыл шаруашылық тауар өндіруді сол желімен қамтамасыз ету керек. Сол арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өз шаруашылығы болады. Бұл салада монополияға жол жоқ», - деді Мемлекет басшысы.Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру
Президент ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырды. Ол 2018 жылдан бастап өспегенін еске салды.
«Коронадағдарыс халықтың табысына салмақ түсіруде. Біз ең төменгі жалақы мөлшері бойынша бірқатар ТМД елдерінен артта қалдық. 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60000 теңгеге өсіруді тапсырамын», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.Ол сонымен қатар, Парламент депутаттарына әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керектігін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі қажет екенін ескертті. Мәселен, мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, қызмет орындарын босатулары керектігін тілге тиек етті.
«Біз қазір дамуымыздың шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас механизмдей жұмылып жұмыс істеуге міндетті. Тек сонда ғана біз мақсатымызға жете аламыз», – деді Мемлекет басшысы.
Венера Жоламанқызы
фото:
Ашық дереккөз
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр