• Басты
  • Жаңа заң азаматтарға бейбіт жиынды өткізудегі құқығын басымдық ретінде бекітуде – Е.Қарин
25 Мамыр, 2020 16:36

Жаңа заң азаматтарға бейбіт жиынды өткізудегі құқығын басымдық ретінде бекітуде – Е.Қарин

Мемлекет басшысы «Бейбіт жиындар туралы» туралы жаңа заңға қол қойды. Бұл Ұлттық кеңестің аясында ұсынылып, дайындалған президенттік саяси реформалар пакетінің алғашқы үлкен нәтижелерінің бірі. Тұңғыш рет ұлттық заңнамада бейбіт жиындар мен шерулерді өткізуде рұқсат алу тәртібінің орнына хабарландыру тәртібі енгізіліп отыр, деп өз пікірін ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
 Жаңа заң азаматтарға бейбіт жиынды өткізудегі құқығын басымдық ретінде бекітуде – Е.Қарин

«Жаңа заңға сәйкес әрбір қаланың аудандарының орталығында міндетті түрде үш орын берілетін болады және де егер жиын я шеру барысында заң бұзушылық орын алып, ұйымдастырушылар тарапынан тиісті шаралар қабылданса ол жиын тоқтатылмайды, яғни жаңа заң азаматтарға бейбіт жиынды өткізудегі құқығын басымдық ретінде бекітуде», - деді ол.

 Қариннің айтуынша, бұл заңның қабылдануы еліміздің саяси қоғамдық өмірінің одан әрі демократияландыру бағытындағы маңызды оқиға болып табылады.

  « Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің нәтижелі жұмысының айқын көріністерінің бірі. Ұлттық кеңестің мүшелері аталған заңның дайындалуынан бастап, талқылаулардың барлық сатыларына белсене ат салысып, заң жобасының жетілдіруіне үлкен үлес қосты. Сондықтан осы заңның қабылдануымен Ұлттық кеңестегі әріптестерімді де құттықтап, алғысымды білдіремін», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды