• Басты
  • Жаңа әлеуметтік келбетке дайын болуымыз керек - Ерлан Саиров
11 Мамыр, 2020 14:34

Жаңа әлеуметтік келбетке дайын болуымыз керек - Ерлан Саиров

Жаңа әлеуметтік келбетке дайын болуымыз керек. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзіне қатысты пікірінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Жаңа әлеуметтік келбетке дайын болуымыз керек - Ерлан Саиров
«Елімізде Төтенше жағдай режимі аяқталды. Дегенмен де, жаңа әлеуметтік келбетке дайын болуымыз керек. Адамдардың маска тағуы, гигиена талаптарын сақтап жүру, жаңа мәдениеттің пайда болуына әкеледі. Коронавирус ешқайда кеткен жоқ, ол біздің жанымызда. Біз осы вируспен өмір сүруді үйренуіміз керек. Әрбір адам өзінің айналасындағы адамдар үшін жауап береді. Сондықтан, әрбір адам өзінің денсаулығына қарап, қолды антисептикпен сүртіп, маска тағуды ең басты талапқа алуы керек», - деді ол.

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, Президент карантин жағдайында елдің жаңа экономикалық дамуына назар аударды.

«Ең алдымен біздің еліміздің экономикасы шикізатқа бағытталған. Шикізатты игеріп, тек экспортқа ғана шығару емес. Шикізатты 4-5 деңгейдегі өңдеуден өткізу керек. Бұл экономикамызды өзгертетін алғышарттардың бірі. Біз 30 жыл бойы шикізатты экспорттап келдік. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандырумен қатар, ауыл шаруашылығына аса көңіл бөлу керек екені тағы көрініп қалды. Біз ауыл шаруашылығы ел бола тұра, импорттың үлесі өте жоғары болып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы ауыл шаруашылығында адамдардың 1 млн 700 мыңның жеке шаруашылығы бар екенін атап өтті.

«Президент осы 1 млн 700 мың адамның жеке шаруашылығын экономикалық айналымға енгізу мәселесі өте өзекті екенін айтты. Бұл елдегі ауылшаруашылық кооперациясын халықаралық халықаралық деңгейге көтеру өзектілігі туып отыр. Бұл өте маңызды. Себебі, біздің азаматтар. Келген қаржының барлығы сол азаматтардың есебіне жазылады. «Атамекен», «Даму» қорлары арқылы қаржыландырудың алғышарттары қарастырылған. Бұл да өте маңызды», - деді ол.

Е.Саиров Президент айтқан жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысты пікірін білдірді.

« «5-10-20» бағдарламасы аясында еліміздің жастары мен әлеуметтік деңгейі төмен адамдарға үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып отыр. «Жаңа отбасы банкі» деген институт құрылайын деп жатыр. Бұл да халықты үймен қамтамасыз етуде жаңа серпін береді деп айтуға болады. Ең негізгісі – бағдарлама адамның игілігі үшін. Елдегі адамдардың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін барлық тетіктер бар деп ойлаймын», - деді ол.

Сонымен қатар, саясаттанушы коронавирусқа қарсы вакцинация табылмай, жағдай қиын болатынын айтты.

«Біз вирус жағдайында өмір сүруге бейімделуіміз керек. Барлық талаптарды қатаң сақтауымыз керек», - деп түйіндеді Е.Саиров.


Барлық жаңалықтар