Жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексінен не күтеміз

25 Қаңтар, 2021 18:00

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғары Сотының судьясы Аслан Түкеев жаңа әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодекс туралы және әкімшілік соттар туралы айтты, деп хабарлады Strtategy2050.kz тілшісі.



2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексі күшіне енеді. Кодексте азаматтардың мүдделерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз және жеткілікті түрде уәжделмеген шешімдерінен қорғауға арналған қағидаттар енгізіледі.

Аслан Түкиевтің мәлімдеуінше, Кодекс қолданысқа енгеннен бастап құқықтық дау-дамайлар басқаша шешілетін болады. Мәселен, жеке тұлғалар мен мемлекеттік орган арасындағы келіспеушіліктердің шешіміне арнайы соттар араласады.

«Бүгін басты тақырып болып отырған жаңа Кодекс жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік орган немесе өзге органның шығарған шешімімен келіспеуіне қатысты істерді реттейді. Мұндай қоғамдық құқықтық даулар бар және көп. Бұған дейін дейін де болды. Осы күнге дейін ол азаматтық-процессуалдық кодекс арқылы шешіліп келді», - деді спикер.

Түкиев мысал келтірді.

«Азаматтардың жеке мүдделеріне қатысты даулар жиі орын алады. Мысалы, жер учаскесін бөлісе алмаған азаматтар арасында даулар өте көп. Олардың саны 1 млн-нан асады. Осы тәртіптер мен қоғамда, өкінішке қарай, құқықтық даулар да қарастырылды. Олар 30 мыңды құрайды. Мұндай даулар да азаматтық-процессуалдық кодекс аясында қаралды. Олар осы істің ортасында адасты. Оның жеке даулы мәселелерден ерекшелігі бар. Себебі адам мен мемлекеттік органның тең құқығы болмайды. Мәселен, азамат қандай да бір саланың министрлігімен соттасты делік. Бұл жерде министрлік, әрине, жауапты деңгейде, оның ұтуына мүмкіндік мол. Ведомство болған соң, адами ресурс пен бюрократиялық аппаратқа ие. Әрине, олар жиі жеңіске жетеді. Олар кейде дау шешуге күш жұмсамай-ақ жеңіп кетіп жатады. Бұл әділетсіздікке жатады. Жаңа кодекс осыны реттейді. Енді тараптар бірдей болады. От екі жаққа да бірдей қарайды. Демек, мемлекеттік органға басымдылық бермейді», - деді ол.

Түкиевтің айтуынша, азаматтарға осы мәселеде басқа жауапкершіліктер артылады.

«Азаматтар өтініш берерде оның дұрыстығына әбден көз жеткізулері тиіс. Оған қосымша құжаттарды да ұсынуы керек. Осы талаптарды орындамау автоматты түрде оның өтінімін қабылдауға алып келеді. Азаматтар көп жағдайда жеңіліп қалды», - деді судья.

Аслан Түкиевтің айтуынша, жаңа кодекс бойынша судья инертті және пассивті болуы керек. Өйткені, кодекс бойынша тараптар бірдей және қорғаушыны әр тарап өздері алады.

«Ал ӘРПК арыз беруші әлсіз, сот арыз берушінің өтініші бойынша сот құзырлы органның шешіміне ревизия жасауы керек. ӘРПК бойынша жауапты орган құзырлы орган болып есептеледі. Керісінше болмайды. Егер кері іс болса, ол АПК бойынша қарастырылады», - деді ол.

Түкиев соттың рөлі туралы айтып кетті. Ол хабарлағандай, судьялар бұл мәселеде өте белсенді болады. Олар арыз берушілердің бюрократиялық сұрақтарын шешіп, арыз беруіне де жан-жақты көмектеседі. Мұның барлығы қазір АПК бойынша жүзеге асыру мүмкін емес.

Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов әкімшілік іс жүргізу туралы түсіндірді. Айтуынша, аталған Кодекс жеке адамның, заңды тұлғаның мемлекеттік органға немесе лауазымды адамдарға, мемлекет тарапынан арнайы құзырет берілген ұйымдарға қарсы өзінің құқығын қолдануға зор мүмкіндік жасайды.

«1 шілдеге дейін елімізде 21 әкімшілік сот құрылады. Оның 17-сі елдің ірі қалаларында, қалған 4-уі адамдар көп шоғырланған және соттан тысқары жатқан Қаскелең, Семей, Екібастұз сынды қалаларда ашылады. Дайындық жүргізіліп жатыр. Қазір 500-ге жуық судья оқытылып жатыр. Кодекс қолданысқа енген соң 2 заң – әкімшілік рәсімдер туралы және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдар күшін жояды, - деді ол.

Жоғарыда айтып өткендей, ҚР азаматтары мен мемлекеттік құзырлы орган аралығында дау туындаса, әкімшілік соттар дауды шешуге араласады. Бұл жерде әкімшілік соттардың жұмыс істеуі «әкімшілік іс жүргізу» принципіне сай келеді. Баспасөз хатшысы айтқандай, мемлекеттік билік өз өкілеттігін берген органдар да жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап береді. Жаңа кодексте көрсетілгендей, мемлекеттік орган талапкер рөлін ала алмайды, тек жауапкер рөлін атқарады.

Барлық жаңалықтар