- Басты
- Жаңалықтар
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
Тәуелсіздік жылдарында бірқатар ірі мемлекеттік бағдарлама қабылданып, табысты жүзеге асырылды. Ұлтымыздың рухани жаңғыру бағытындағы ауқымды гуманитарлық бағдарламалардың бірі – «Рухани жаңғыру», Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына негізделген.

Бағдарламада еліміздің мәдениет саласының, әлеуметтік және қоғамдық өмірінің көптеген өзекті мәселелерін қамтыды, осы жылдар ішінде бағдарламаның әр түрлі қырлары бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының іргелі және болашағы зор жобаларының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық».
Өзінің бағдарламалық мақаласында Н.Ә. Назарбаев гуманитарлық білімнің маңыздылығын айта келіп, студенттердің заман талабына сай білім алуына қажетті барлық жағдай жасауды тапсырды.
Бұл жобаның мақсаты – еліміздің студент жастарының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар: тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, тіл білімі, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, инновация бойынша білім деңгейін арттыру. Ол үшін әртүрлі тілдерден әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды, бұл жастардың үздік әлемдік стандарттар бойынша білім алуына мүмкіндік береді.
Моңғолия Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Бәкей Ағыпарұлының пікірінше: «Бағдарламаның жоғарыда аталған басты мақсаттарын жүзеге асыру үшін таяу жылдары қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, әлемнің үздік 100 оқулығын қазақ тілінде шығару, заманауи Қазақстан мәдениетін өркендетуге бағытталған бірнеше жобаны ұсынғаны Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігінің негізін қалау ісінде аса маңызды екені сөзсіз».
Жобаны жүзеге асыру үшін коммерциялық емес, үкіметтік емес «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық ұйымы құрылды.
Жобаның мақсаттарына сәйкес, 2018 жылы әлемдік оқу әдебиетінің үздік үлгілерінен 17 кітап аударылып, тұсауы кесілді, 2019 – 2020 ж.ж. – тағы 60 кітап аударылып, жарық көрді.
Осы жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысында 100 жаңа оқулықтың таныстырылымы өтті. Әрқайсысы 10 мың дана таралыммен шыққан бұл кітаптар республиканың барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Осы жаңа оқулықтарды білім беру бағдарламасына енгізудің әдістемесін сала оқытушылары мен ғалымдары әзірледі. Оқулықтардың электронды нұсқасы әзірленіп, Қазақстанның ашық университеті – openU.kz платформасына жүктелді.
Осылайша, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру толығымен өз мәресіне жетті.
Оқулықтардың басым көпшілігі ағылшын тілінен аударылған, сондай-ақ француз және орыс тілдерінен де аудармалар бар. Оқулықтарды таңдауда республиканың жоғары оқу орындарынан келіп түскен 800-ден астам ұсыныс негізге алынды, ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы комиссия қарастырды. Іріктеу критерийлері ретінде оқулықтың әлемнің 100 үздік университетінің оқу бағдарламасына енуі, оның кемінде үш рет басылуы, соңғысы кейінгі 3 жылда басылуы, оқулықта әртүрлі интерактивті қосымшалардың және бейне дәрістердің, онлайн курстардың болуы талап етілді.
Бұл оқулықтарды аудару жұмысы күрделі, қажырлы еңбекті қажет ететін, бірақ сонымен бірге, оның қатысушылары атап өткендей, жетекші, беделді және тәжірибелі мамандар: еліміздің жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары құрамы, ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, ғылыми және әдеби редакторлар, баспалар қатысқан қызықты шығармашылық үдеріске айналды.
2018-2021 жылдары еліміз бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыруға қатысты жарыққа шыққан 100 кітаптың толыққанды тұсаукесерлері өтті. Бұл экономика, философия, әлеуметтану, тарих, педагогика, психология және басқа да гуманитарлық ғылымдар бойынша оқу әдебиетінің әйгілі әлемдік жауһарлары.
Бір айта кетерлігі, COVID-19 пандемиясына байланысты еліміздің жоғары оқу орындары қашықтан оқытуға көшуге мәжбүр болған кезеңде бұл теңдесі жоқ жобаның рөлі мен маңыздылығы айтарлықтай өсті.
Кітапхана қорында әлемге әйгілі ғалымдардың мемлекеттік тілге аударылған ғылыми еңбектері жинақталған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының кітапханасы ай сайын өз сайтын пайдаланушыларды осы еңбектермен таныстырып отырады.
Асара Мұқанова,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді

