- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру бойынша жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Қаулыда өңір «қоңыр қызыл» аймақта кемінде 3 күн болған кезде карантиндік шараларды қатаңдату қабылданатыны айтылған. Күшейтілген карантиндік шаралар «қоңыр қызыл» аймақтан «қызыл» аймаққа көшкеннен кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету «қоңыр қызыл» аймақтан «қызыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейтіні жазылған.
Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап:
- демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлері мен келушілерде «жасыл мәртебесі» бар Ashyq көшбасшыларының жұмысына –сағат 02.00-ге дейін;
- сенбі күндері – қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілді.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;
3) «жасыл», «сары» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдау құқығынсыз және осы қаулының 1-тармағында көзделмеген жаңа қатысушыларды жобаға енгізу құқығынсыз осы қаулыны басшылыққа алуды қамтамасыз етсін.
«Алматы қаласын қоспағанда, 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын», - деп жазылған.
Сондай-ақ, Алматы қаласында да шектеу шаралары дәл осылай жеңілдеуі үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақтануы керектігі айтылған.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай трұақтанған жағдайда карантиндік шараларды жеңілдетуді енгізу тиісінше ағымдағы жылғы 4 және 6 қыркүйектен басталсын», - деп жазыған қаулыда.Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар

