- Басты
- Ж.Түймебаев: Қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалып жатыр
Ж.Түймебаев: Қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалып жатыр
Еліміздің астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының "АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы және даму перспективалары" деген атпен азаматтық форум ұйымдастырды. Аталған форумға қатысып, алғаш болып сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалып жатқанын атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Биыл Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің құрылғанына 27 жыл толып отыр. Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында бастама көтерген еді. Бүгінгі күні АӨСШК құрамына 27 мемлекет, 8 бақылаушы ел және 5 халықаралық ұйым кіреді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарының айтуынша, еліміздің бұл бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табысты көпвекторлы саясатының жалғасы болды.
"Жалпы АӨСШК бес базалық саланы қамтып отыр: әскери-саяси өзара іс-қимыл; лаңкестікті қоса алғанда, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күрес; есірткінің заңсыз айналымы; трансұлттық қылмыс және адам саудасы, сонымен қатар, экономикалық, экологиялық және адами өлшемдер. Осыдан бес жыл бұрын 5 мамырда АӨСШК тарихында алғаш рет Ассамблея мен АӨСШК арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Биыл біз Өзара түсіністік туралы құжаттың 5 жылдығын атап өткенде, біз бұл қадамды Тұңғыш президенттің саясатын құрметтеу және мойындау ретінде қарастырамыз", - деді ол.
Сондай-ақ Түймебаев АӨСШК алаңын кеңеске мүше елдер үшін халықаралық саясаттың маңызды проблемаларының барлық спектрі бойынша дәл уақытында бірыңғай әдіс-тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуы бойынша, аталған кеңестің 5-ші саммитінде қабылданған декларациясы соның дәделі. Сонымен қатар ол аталған кеңестің халықаралық деңгейдегі мәселелерді шешуге қатысып, белгілі бір деңгейде әлемдегі бейбітшілікке үлес қосып жүргендігін айтып өтті.
"АӨСШК жұмысының нәтижелері 2002 жылғы маусымда Алматыда өткен Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларының бірінші саммитінде көрініс тапты. Сол кездегі Үндістан мен Пәкістан кеңес кезінде бейбітшілікті сақтау жөніндегі күрделі диалогқа қайта орала алды. Бұдан бөлек, Сирия мәселелері бойынша өткен Астана процесі, Иранның ядролық бағдарламасын талқылау, Ресей-Түрік қатынастарын қалыпқа келтіруге үлес қосу секілді нәрселер кеңестің маңыздылығын көрсетеді", - деді ол.
Сонымен бірге оның айтуынша, АӨСШК-нің негізгі бағыттарының бірі сенім мен диалогқа негізделген қоғам қалыптастыру. Қазақстанның мақсаты - осы. Сол себепті де "АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы және даму перспективалары" деп аталып отырғандығын атап өтті ол.
"Президент жолдауында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту, көппартиялық жүйені дамыту, пікірлер мен плюрализм және саяси бәсекелестік шараларын анықтауды тапсырған еді. Осы мақсатта азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы - елдегі азаматтық қоғам дамуының ең жарқын және сенімді үлгілерінің бірі. Бұл азаматтық қоғам институты өз сайтында мыңнан астам этномәдени бірлестіктерді, 2786 қоғамдық келісім кеңестерін, 1793 Аналар кеңесін біріктіріп отыр", - деді Түймебаев.
Бұдан бөлек Жансейіт Түймебаев аталған форум тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналатынына сенім білдіретінін айтып өтті.
"АӨСШК елдері азаматтық қоғам мәселесі бойынша өздерінің көзқарастарын қалыптастырғанын білеміз. Сондықтан біздің форум сындарлы тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналады деп сенеміз. Біз маңызды ұсыныстар мен кеңестер аламыз деп үміттенеміз. АӨСШК кеңістігінде азаматтық қоғамды дамытудың халықаралық тәжірибесін жинақтау мақсатымыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен АӨСШК 5-ші саммитінде атап өткендей, практикалық ынтымақтастықты кеңейту керек", - деді ол.
Сондай-ақ форум барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Данияр Есин азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.
"Қазіргі таңда азаматтық қоғамның дамуындағы жаһандық үрдістер бірқатар тұрақты тенденциялардың барын көрсетіп отыр. Біріншіден, сенім мен қоғамға әсер ету деңгейі өсіп келеді. Екіншіден, жетімдік және кедейлік секілді жаһандық мәселелер күн тәртібіндегі проблемаға айналып отыр. Біздің еліміз де осы бағытты ұстанады. Тұжырымдаманың басты мақсаты - мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы байланысты нығайту", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының құрылымы бес блоктан тұрады.
"Біріншіден, елеміздегі азаматтық белсенділікті дамыту. Екіншіден, азаматтық қоғам мен оның институттарының, оның ішінде қоғамдық-саяси саланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Үшіншіден, азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешім қабылдау процесіне және мемлекеттік істерді басқаруға қатысу деңгейін арттыру. Төртіншіден, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін күшейту. Бесіншіден, азаматтық қоғамның Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға жағдау жасау", - деді ол.
Бұдан бөлек форумға қатысқан Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кулубаев Жээнбек Қырғыстанның азаматтық қоғам қалыптастырудағы алғышарттарымен бөлісті.
"Қырғызстандағы замануи азаматтық қоғамның құрылымында үкіметтік емес ұйым, ғылыми-өндірістік бірлестік немесе азаматтық сектор жетекші орында. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстанда 10 мыңнан 16 мыңға дейін үкіметтік емес ұйым тіркелген. Ал іс жүзінде 700-ге жуық ғылыми-өндірістік бірлестік жұмыс істейді. Оның қызметіне кедейлікпен күрес, әлеуметтәк қорғау, әлеуметтік көмек кіреді, гендерлік мәселелер, азаматтық білім беру, экология кіреді", - деді ол.
Сондай-ақ оның айтуынша, Қырғызстандағы азаматтық қоғамның институттары мемлекеттік органдардың жанынан құрылған қоғамдық кеңестер болып табылады.
"Қоғамдық кеңестерді құру идеясын сол кездегі президент Роза Отынбаева ұсынған еді. 2010 жылы қыркүйекте мемлекеттік органдардағы еңбек өніміділігін арттырып және жемқорлықпен күресі мақсатында пилоттық жоба ретінде еліміздегі 10 мемлекеттік органда қоғамдық кеңестер құрылды. Кейін олар барлық мемлекеттік органдарда құрылды. Негізінде қоғамдық кеңестер азаматтық қоғам мен мемлекеттің тиімді байланыс инструменті болу керек еді. Алайда іс жүзінде олай болған жоқ. Қызмет барысында қоғамдық кеңестер түрлі мақсаттарына жетуге кедергі боатын бірқатар проблемаға тап болды", - деп атап өтті ол.
Дегенмен де, оның айтуынша, Қырғызстанда қоғамдық кеңестердің жұмыс істеуі азаматтық қоғамның бар екендігіне дәлел бола алады.
"Мәселен, Қырғызстанның саяси жүйесінде партиялардың көптігін атап өтуге болады. Қырғызстандағы саяси партия мемлекет пен азаматтық қоғам арасында дәнекер болып отыр. Айта кету керек, ол саяси партиялар биліктің қүрамына кірмейді. 1999 жылдың басында Қырғызстанның саяси аренасында 18 саяси партия болды. 2010 жылы парламент сайлауына дейін 100-ден астам саяси партия тіркелген. Ал биылғы жылдың қыркүйегіндегі статистика бойынша, Қырғызстанда ресми түрде 243 саяси партия тіркелген. Парламент құрамында да көп партиялардың болуы елде демократияның елементтері қалыптасқандығының бір дәлелі", - деді елші.
Бұдан бөлек қырғыз елшісі Қырғызстан халық Ассамблеясының жұмысына тоқталды.
"Ұлтаралық келісімді және бірлікті қалыптастыруда Қырғызстан ассамблеясының маңызы зор. Қазір елдегі 80-ге жуық әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіріп отыр. Биыл Ассамблея 25 жылдығын атап өтті. 1994 жылы Жалпыхалықтық құрылтайда декларация қабылданған болатын. Жақында өткен форумда қырғыз презденті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан халық ассамблеясын ұлттық бірлікті нығайтып, азаматтық қоғам қалыптастырудағы еңбегінің зор екенін атап, жұмысына жоғары баға берген болатын. Әрине, толықтай азаматтық қоғам орнаттық дей алмаймыз, дегенмен алғышарттары жасалды", - деді Жээнбек Кулубаев.
Сонымен қатар форумға қатысқан Корея Республикасының елшісі Ким Дэсик қазан айында өткен Корея және Орта Азия елдерінің ынтымақтастық форумының қазақ-корей қарым-қатынасына жаңа импульс бергенін атап өтті.
"Қазіргі таңда Корея укіметі еуразия мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Осы мақсатта өткен айда Корея және Орта Азия елдерінің ынтымақтастық форумының 12 отырысы өткен еді. Өңірдегі елдер мен Корея қарым-қатынасына жаңа импульс берді деп айта аламын. Қазақстан аймақтағы көшбасшы ел ретінде маңызды рөл атқарады. Ассамблеяның бүгінгі конференцияны ұйымдастырып, азаматтық қоғам мәселесін көтеруі маңызды деп білем. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет, яғни, 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақстан осы Ассамблея арқылы көпұлттың бірлігін сақтауда әлемге үлгі болып отыр. Қоғамдық келісімді сақтап, бейтараптықты ұстанып отыр. Қазіргі күні Қазақстан мен Кореяны байланыстырып тұратын көпір болып отыр", - деді корей елшісі.
Бұдан бөлек ол кеңеске мүше елдермен азаматтық қоғам қалыптастырудағы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты.
"Мен Корея елшісі ретінде Қазақстандағы корей диаспорасымен кездесіп тұрамын. Олар қазақ үкіметіне де, қазақ халқына да, мында тұратын басқа ұлт өкілдеріне де құрметпен қарайды, әрі риза. Біз мүше елдермен азамат қоғам қалыптастырудағы өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Корея Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесіне 1993 жылдан бері қатысып келеді, ал 2006 жылдан бастап кеңестің мүшесі болды. Содан бері Корея мемлекеті белсенді түрде осы бағытта семинарлар, кездесулер өткізіп тұрады. Біз кеңес тарапынан қолдауды жоғары бағалаймыз әрі осы жиынды ұйымдастырған Ассамблеяға алғыс", - деді Ким Дэсик.
Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған еді.
Назерке Сүйіндік
-
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 11:38
-
Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр
Жетісай ауданындағы жолдарды биыл орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жол жөндеуден өткізілуде.
26 Қараша 2019, 12:02
-
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир өтіп жатыр
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир, Кореяның Қазақстандағы елшісінің кубогы өтіп жатыр. Турнир екі күнге созылады. Бүгінде Таеквондомен 20 мыңға жуық қазақстандық айналысады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:25
-
Қызылорда облысының даму ахуалы қалай жүріп жатыр
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қуанышбек Ысқақов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберіндегі Қызылорда облысының басты жетістіктері, сондай-ақ 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
22 Қараша 2019, 17:44
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
-
Қарағанды облысында МӘМС қалай енгізіліп жатыр
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын және Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет екендігін және қателесуге құқық жоқ екенін атап өтті. Осыған орай, Үкімет отырысында Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысы талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:42
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр – Чжан Сяо
Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр. Бұл туралы Қытайда оқитын қазақстандық студенттер мен Қазақстанда оқитын қытай түлектерін қабылдау кешінде ҚХР елшісі Чжан Сяо айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішісі.
18 Қараша 2019, 10:35
-
ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді
Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді.
17 Қараша 2019, 12:27
-
ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық медиа форумы шетелдік сарапшылар мен отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен биыл «БАҚ және қоғамдық келісім» деген тақырыппен төртінші мәрте өтті. Форум қорытындысында БАҚ арасындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
13 Қараша 2019, 18:08
-
Ұ.Әліпов: Қытай елімен бірлескен 5 жоба жүзеге асырылып жатыр
Еліміздегі автожол саласында Қытай Халық Республикасымен бірлескен 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде "Қазавтожол" басқармасының төрағасы Ұлан Әліпов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 16:38
-
Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
Елордада "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 16:54
-
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Қараша 2019, 17:54
-
«ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр
«ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатқаны туралы Холдингтің басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
06 Қараша 2019, 16:49
-
Ауыл-ел бесігі: Биыл 53 ауылда 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр
«Ауыл-ел бесігі» бағдарлмасы аясында іске асырылып жатқан іс-шаралар Үкімет отырысында талқыланды. Бағдарлама аясында атқарылған нақты істер мен алдағы мақсаттар сараланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 10:22
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды