- Басты
- Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
15 Ақпан, 2021 10:59
2021 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 32,1 млрд теңге, оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге – 25,4 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына – 6,7 млрд. теңге төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 521,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 165,9 мың адамды құрайды.
"Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады", делінген хабарламада.
2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 693 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 180 теңгені құрады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Әйел құқығы: Әлемде және Қазақстанда
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері
-
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері
-
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал
-
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер
-
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері
-
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды
-
Салық және кедендiк әкiмшiлендiру: Енгізілген цифрлы технологиялар мен заңнаманы жетілдіру шаралары

