• Басты
  • Жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр

Жұмыспен қамту шаралары қалай жүзеге асып жатыр

27 Сәуір, 2021 11:21

Бүгiн үкiмет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрә Серiк Шәпкенов халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып бердi, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

Министрдiң айтуынша, еңбек нарығының негiзгi индикаторлары пандемияға қарамастан тұрақты болып отыр. Соңғы үш жылда жұмыс күшiнiң саны артқан. Бұл жалдамалы жұмыскерлер мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар санының қысқаруы есебiнен орын алды.

«Бұл ретте, еңбек нарығын сипаттайтын негiзгi көрсеткiш –жұмыссыздық деңгейi – 4,9% көлемiнде сақталды», - дедi Серiк Шәпкенов.

Оның дерегiнше, 2020 жылдың екiншi тоқсанында – уақытша жұмыспен қамтылмаған халық саны 4 есеге өсiп, 536 мың адамға жеткен. Дегенмен, шектеу шаралары кезiнде қашықтан жұмыс iстеу және икемдi жұмыс формалары кеңiнен тарап, жыл соңында уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға қысқарған.

«Сондай-ақ, бейресми жұмыспен қамтылғандар санының азаюы байқалды, оның деңгейi 14%-ды құрайды», - дедi ведомство басшысы.

Сонымен бiрге, ол экономиканың бiртiндеп қалпына келуiн байқалып отырғанын атап өттi. Оның сөзiнше, бұл еңбек нарығына жағымды әсер етiп жатыр. Мәселен, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын iске асыру жөнiндегi мiндеттердi ескере отырып, ағымдағы жылы министрлiк 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шаралары арқылы қолдауды жоспарлап отыр. Олардың 700 мыңын «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасымен, 32 мың адамды «Жұмыспен қамтудың жол картасымен», 440 мың адамды өзге де мемлекеттiк бағдарламалармен қамтылатын болады.

«Еңбек» бағдарламасының жүзеге асуы

««Еңбек» бағдарламасы бойынша қамтылатын 227 мың адамға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң түрлi шаралары көрсетiледi, олар 3 бағытты қамтиды», - дедi министр.

Бiрiншi бағыт бойынша, қысқамерзiмдi оқытуға, техникалық және кәсiби бiлiм алуға 36 мың адам жiберiледi. Қазiргi таңда 2 мың адам қысқамерзiмдi курстарда оқуға кiрiскен. Алайда, 6 өңiрде оқыту мамыр айына жоспарланған.

Екiншi бағыт – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 10,5 мың адамды бизнес дағдыларына оқыту басталған. Жыл соңына дейiн сайлауалды тұғырнамаға сәйкес 30 мың адам оқытылады, оған қажеттi қаражат пен ресурстар қарастырылған.

«Ағымдағы жылы өз iсiн ашу және кеңейту үшiн 5 мың микрокредит пен 21 мың грант берiледi», - дедi министр.

Үшiншi бағыт бойынша субсидияланатын жұмыс орындарының есебiнен еңбек нарығына бейiмделу қиынға түсетiн адамдар қатарынан 128 мың адамға қолдау және 7 мың адамның өз еркiмен көшуiне қолдау көрсетiледi.

Серiк Шәпкеновтың мәлiметiнше, биыл үш айда «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасымен 158 мың адам қамтылған, оның iшiнде 53%-ы жастар практикасы, әлеуметтiк жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар сияқты субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған. Ал, 32%-ы тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлесi кейбiр өңiрлерде айтарлықтай төмен, жұмыспен қамту субсидияланатын жұмыс орындары, әсiресе қоғамдық жұмыстар есебiнен орындалады», - дедi министр.

Сонымен қоса, министр «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасының бес iс-шарасы Нұр Отан партиясының сайлауалды платформасына кiргенiн, сондай-ақ оларды iске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргiзiлiп жатқанын атап өттi. Оның айтуынша, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша бүгiнгi жоспар 5,5%-ға орындалды, қазiрге 82 қатысушы жұмысқа орналастырылды. Ал, 7 өңiрде аталған жобаны iске асыру бойынша қаражат көзделмеген.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы

«Осыған байланысты, өңiрлердiң әкiмдерiне «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қажеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi тапсыруды сұраймын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасын iске асыруды жалғастырып жатырмыз», - дедi ол.

Бүгiнде жергiлiктi атқарушы органдар 32 мың жұмыс орнын, оның iшiнде 12 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 378 инфрақұрылымдық жобаны iрiктегенiн атап өттi. Жол картасын iске асыру шарттары тұрақты жұмыс орындарын құруға негiзделiп өзектендiрiлген.

«Жұмыспен қамту жол картасы 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен жеңiлдетiлген микрокредит беру бойынша жаңа бағытпен толықтырылды. Несие алушылармен қосымша 11 мың жұмыс орны ашылады», - дедi ол.

Министрлiктiң мәлiметiнше, биыл 3 айда өзге мемлекеттiк бағдарламалар аясында жоспарланған 440 мың жұмыс орнының 147 мыңы құрылған, оның 39%-ы тұрақты.

Өңiрлердегi жұмыспен қамтау шаралары

Жалпы, жұмыс орындарын құру жөнiндегi мiндеттi индикаторлар салалық мемлекеттiк органдардың ұлттық жобаларында айқындалатын болады, ал жергiлiктi жерлердегi әкiмдiктер өңiрлiк жұмыспен қамту карталарын қабылдауды қамтамасыз етулерi тиiс.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы 1 шiлдеден бастап «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы Ұлттық жобаға ауыстырылады», - дедi министр.

Бұл орайда, ол құралдар мен мiндеттер жаңа әдiснамаға сәйкес тек өзектендiрiлiп қана қоймай, оған мүлдем жаңа тетiктер мен бизнес-процестер енгiзiлетiнiн еске салды.

«Атап айтсақ, бiрiншi мiндет бойынша жұмыста отырып оқып, практикалық дағдыларды дамытуға мүмкiндiк жасалады. Электрондық еңбек биржасы базасында нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн-оқытудың жалпыұлттық платформасы iске қосылады», - дедi ол.

Ал, екiншi бағыт аясында, оның сөзiнше, кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау барынша автоматтандырылады.

Сонымен қоса, ауылды жерлерде кәсiпкерлiкпен айналысуды кеңейту үшiн өнiм өндiрушiлер мен сатып алушыларды байланыстыру бойынша шаралар қабылданатынын атап өттi. Келесi жылы кредиттеу және гранттық қолдау үшiн бизнес-жобаларды iрiктеу өңiрлердiң қажеттiлiгiне қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Кәсiпкерлер палатасының мамандары азаматтарды «оқудан бастап кәсiпкер болғанша» сүйемелдейтiн болады.

«Үшiншi мiндет нысаналы топтарды атаулы түрде қолдауға негiзделедi. Бұл ретте бiз олардың қажеттiлiктерiне қарай жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi жекелеген жобаларды iске асырамыз», - дедi министр.

Бұдан бөлек, Серiк Шәпкенов жұмыспен қамту саласындағы қызметтердi электрондық форматқа ауыстыру бойынша кешендi шаралар қабылданатынын тiлге тиек еттi. Бұл бағытта, ең алдымен, еңбек нарығының инфрақұрылымы дамытылып, цифрлы жұмыспен қамту орталықтары ашылады.

«Сондай-ақ, жұмыспен қамту қызметтерi онлайн және проактивтi түрде, яғни өтiнiш берусiз, кеңiнен ұсынылатын болады», - дедi министр.

Ұлттық жоба шеңберiнде қабылданып жатқан шаралар болашақта халықтың өмiр сүру сапасын жақсартуға және нақты ақшалай табыстың 27%-ға, еңбекақының 304 мың теңгеге дейiн өсуiне, жаңа жұмыс орындарын құруға және 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейiнiң 4,7%-ға дейiн төмендеуiне ықпал етедi.

«Сондай-ақ, жалдамалы жұмыскерлердiң саны артып, биылғы жылдың соңына қарай жұмыссыздық деңгейi 4,9% шегiнде сақталады деп күтiлуде», - дедi ол.

Жалпы, оның сөзiнше, жұмыспен қамту бойынша барлық шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асады.

Барлық жаңалықтар