• Басты
  • Жұмыспен қамту: Қайтарымсыз грант алу, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары

Жұмыспен қамту: Қайтарымсыз грант алу, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары

24 Тамыз, 2020 17:33

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін қолға алынған шаралар туралы айтып берді. Оның сөзінше, жыл соңына дейін 15 мың азамат жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Оның сөзінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Оның ішінде жұмыспен қамту мәселелері, қайта оқыту, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру, микрокредит ұсыну бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласында 23 мыңнан астам тқрақты жұмысқа орналасты. Алматы мен астана вакансияның көптігі жөнінен алдыңғы орында тұр. Бүгінгі таңда электронды биржасында 15 мыңнан астам жұмыс орны бос. Олардың қатарында дәнекерлеуші, электрик, жүргізуші бар. Сонымен бірге қызмет көрсету орындарындағы, атап айтсақ, даяшы, бармен секілді маман иелеріне жұмыс баршылық. Сондай-ақ медицина мамандарына сұраныс көп.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында уақытша жұмыс орнымен қамту жұмыстары жүргізілуде. Оның қатарында қоғамдық жұмыс орындары бар. Олардың жалақысы екі ең төменгі жалақы яғни, 85 мың теңге.

«Алматы қаласы бойынша 12 мыңнан астам азамат осындай уақытша қызметте жүр. Жыл соңына дейін 15 мың азаматты жұмыспен қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз. Былтыр 3700 азамат жұмыспен қамтылса, биыл 15 мың деп жоспарлап отырмыз. Азаматтар саны 15 мыңнан асып кетсе де, жұмыспен қамтуға дайынбыз», - деді Данияр Әлкебайұлы.

 

Әлеуметтік жұмыс орындары

Бүгінгі таңда 1101 адам сол салада қызмет етіп жүр. Ондағы жалақының 35 пайыздан 85 пайызына дейін үкіметтен төленеді, қалғанын жұмыс беруші төлейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар жалақысының 85 пайызына дейін үкімет, яғни 63 мыңға дейінгі жалақыны төлейді. Осылайша, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндігі бар.

 

Жастар практикасы

Қазіргі таңда 868 адам жастар практикасынан өтті. Бұл оқу орнын жаңадан бітірген азаматтар үшін тиімді инструменттердің бірі. Көп жағдайда олардың тәжірибесі жоқ болғандықтан, жинақтау мақсатында жұмысқа орналастырылады. Алғашқы 6 айдың жалақысын біз төлейміз. Оның жалақысы – 69 мың теңге. Алты ай көлемінде өзін-өзі көрсетіп, жақсы жұмыстанған жағдайда сол жұмыс орнында қалуға мүмкіндігі болады.

Бүгінде кей мамандықтар керексіз. Сол себепті азаматтар қайта оқуға келіп жүр. Даяшы, дәнекерлеуші секілді мамандықтарды оқимын деген азаматтар бар. Қазір 500-ден астам адам оқуын бастады, енді қалған 200-і жіберіледі. Жалпы 722 азамат қысқа курстан өтеді. Курстың ұзақтығы -1 ай – 6ай. Оқу аяқталғанға дейін шәкіртақы беріледі. Елдегі пандемияға байланысты оқудың барлығы қашықтан өтіп жатыр. «Оқимын» деп келгендерді бәрі оқумен қамтамасыз етілуде. Биыл біз 1500 азамат оқытылады деп жоспарланып отыр.

Қайтарымсыз мемлекеттік гранттар

Өз кәсібін ашуды жоспаралған азаматтар үшін 200 АЕК-ге дейін, яғни 555 мың теңге дейін грант беріледі. Өзінің ісін бастаған азаматтарға беріліп жатыр. 1306 азаматқа бүгінге дейін грант тағайындалды. Жыл соңына дейін 1700 адам грант алады деп жоспарлануда. Қаржы бөлінді, жұмысын бастаймын деген азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік.

Кімдер қатыса алады:

-        қысқа курстарды өткен азаматтар

-        «жас кәсіпкер» бойынша оқыған азаматтар

-        «бизнес-бастау» бағдарламасы бойынша білім алғандар

-        қандастар

-        атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар


Жұмыспен қамту жол картасы

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында мәдениет, инженерия, жол саласында 226 жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде Алматыда 26 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Олардың жартысы – біздің жұмыспен қамту орталығында тіркеуде азаматтар болмақ. Қазіргі таңда 17 мың адам жұмыспен қамтылған. Ал оның 8 мыңнан астамы – жұмыспен қамту орталығында тіркелген азаматтар.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, 226 жобамен қатар инфекциялық-модульдік клиника салуды жоспарланып отыр.

Фото: Ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар