• Басты
  • Жұмыс істеу керек – көпбалалы ана
8 Қазан, 2019 17:22

Жұмыс істеу керек – көпбалалы ана

7 қазандағы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртібі өзгеретінін айтқан болатын. Осы орайда Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Арбузинка ауылының атаулы әлеуметтік көмек алушысы Макка Асхабова өзінің тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Жұмыс істеу керек – көпбалалы ана

Макка Асхабова – «Күміс алқа» атағының иегері болғандықтан алты баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін жақсы біледі.

 «Мен көпбалалы аналардың наразылықтарын және олар қатысатын митингілерді мүлде қолдамайтынымды айтқым келеді. Менің ойымша, әрбір әйел өзіне шектеу қоймастан жұмыс істеуі керек, өзін-өзі дамытумен және болашаққа жоспар құрумен айналысуы керек. Мақтанғаным емес, бірақ мен 6 баланы тәрбиелеп, «Күміс алқа» атағына ие болып отырған соң қыздарыма лайықты үлгі болуға тырысамын. Жұмыс істеу керек. Митингілер мен наразылықтар арқылы ештеңеге қол жеткізе алмаймыз. Бойыңызды жинақтап, мақсатқа жету ешқашан кеш емес», – дейді көп балалы ана.

Оның айтуынша, отағасы – комбайн жүргізушісі, өзі үй шаруасында.

Ол өзінің барлық бос уақытын балаларын тәрбиелеуге жұмсайды. Бүгінде мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар жасалып жатыр, соның нәтижесінде мақсаттарын жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге, болады.

«Біз күйеуіміз екеуміз жақыннан бері ірі қара мал өсірумен айналысамыз. 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 млн теңге көлемінде кредит алған болатынбыз. Бүгінде кредитті толығымен төледік, сарай салдық, қазір ауылда жеке бизнеспен айналысудамыз. 8 сауын сиырдан күніне 25-30 литр сүт аламын. Айына орташа есеппен 600 литр сүт өткіземін», – дейді Макка Асхабова.

 Өз кезегінде облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыларға өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыларға өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, алушылардың көбі мемлекет есебінен қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуде, өңірдің 703 тұрғынын жұмысқа орналасуына көмектестік. Сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға және жеке бизнес ашуға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға жәрдемдесеміз. Ағымдағы жылы 37 көпбалалы ана жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге көлемінде өтеусіз грант алды. Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасылар үшін үлкен тірек», – деді Дина Ахметжанова.

Оның айтуынша, аталған көпбалалы отбасы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап шартты ақшалай көмек алушы болып табылады. Оларға ай сайын 152 мың 927 теңге көлемінде жалпы сомасы 1 млн 835 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Айта кетейік, АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең аз күнкөріс деңгейінің 70%-ын тағайындаудың шекті өлшемі қалады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады

  Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін кепілді ендірілгенәлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында АӘК 417 мың отбасына немесе 2,1 млн адамға тағайындалды.  АӘК орташа мөлшері бір адамға 2,5 есе, 6848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін өсті. Орташа есеппен отбасына 90 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома – 455 мың теңге. Биыл АӘК-ке 206,2 млрд теңге көзделген, оның 146,4 млрд теңгесі төленді.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды