• Басты
  • Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова
6 Наурыз, 2020 12:32

Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова

Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады, деді Петропавл қаласының ішкі істер департаментінің тергеушісі Жайнагүл Ташмаханова Strategy2050.kz тілшісіне берген пікірінде.
Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова

Ташмаханова Жайнагүл Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданынында негізгі орта мектепті аяқтаған. 

«Кейін екі сыныпты (9-10 сыныптарды) Благовещенка ауылында тәмамдадым. Жоғары білімді Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ішкі істер академиясында алдым. 2012 жылы Жамбыл ауданына қарасты ішкі істер бөлімінде тергеуші лауазымында жұмыс істедім. 2016 жылдан бастап Петропавл қаласында тергеушімін», - деді Ж.Ташмаханова. 

Ж.Ташмаханова айтып өткендей, көп адам қалыптасқан таптаурын бойынша тергеуші болып тек ер адамдар ғана істей алады деп ойлайды. 

«Біздің салада жұмыс істеп жатқан әйелдер өте көп. Біздің жұмыс шыдамдылықты қажет етеді. Сондықтан да көп қыздар тергеушілікке жұмысқа келеді деп ойлаймын. Менің бұл салаға келуімнің басты себептерінің бірі – полицияның киімі ұнайтын. Сол себепті де ішкі істер академиясына түсіп кеттім. Егер, менікі болмаса, жаным қаламаса басқа салаға бет бұрамын деп тәуекел еттім. Алайда, таңдауым дұрыс болыпты», - деді ол.

Сондай-ақ, ол отбасылы болған кезде жұмыстың күрделілігі біраз әсер етуі мүмкін екенін айтты.
«Кейде жұмыстар бітпей, түнге дейін отыратын кездер болады. Демалыс күндері де жұмыс істеуге тура келетін жағдайлар да болады. Алайда, осы салада отбасы мен мансапты бірдей ұстап жүрген қыз-келіншектер де жетерлік», - деді ол. 

Сонымен қатар, Ж.Ташмаханова келе жатқан шуақты мерекемен қыз-келіншектерді құттықтады.
«Барша әйелге денсаулық тілеймін. Жанындағы жақын адамдар, ата-аналары мен жолдастары әркез қолдау көрсетсін. Жұмыстарына жеміс тілеймін. Жұмысқа деген қызығушылық үлкен болу керек, онсыз жұмыс қиын болады», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды