• Басты
  • Ж.Досқалиев: Коронавирустың алдын алу үшін жоғары деңгейде шаралар қолданылуда
27 Ақпан, 2020 17:33

Ж.Досқалиев: Коронавирустың алдын алу үшін жоғары деңгейде шаралар қолданылуда

Әлемде күн өткен сайын коронвирус инфекциясына қатысты жағдай өзгеруде. Қазақстан үкіметі де атамыш індеттің алдын алу үшін бірқатар шараны қолға алды. Осы жөнінде бұрынғы денсаулық министрі, хирург Жақсылық Досқалиев пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған дейін де әлемде бірқатар індет таралғанда, мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында Қазақстан аман қалды. Бұл жолы да жұмыстар күштейтілген түрде жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz  тілшісі.

Ж.Досқалиев: Коронавирустың алдын алу үшін жоғары деңгейде шаралар қолданылуда
"Мұндай қауіпті вирус бірінші рет шығып отырған жоқ. Бұған дейін де құс тұмауы, шошқа тқмауы секілді вирустар таралды. Қазақстан қауіпсіздік шараларын қаблыдауы арқасында біз айналып өттік. Қазір де бірқатар іс-шара атқарылып жатыр, бірақ бұл жолы күшейтілген. Сонымен қатар Қазақстан Қытаймен әуе, теміржол байланысын шектеді. Бүгінгі күні Иран секілді мемлекеттермен де байланысты шектеу қарастырып жатыр. Осындай шараларды қабылдау арқылы біз вирустың елімізге келуінің алдын ала аламыз. Мемлекет коронавирустың алдын алу үшін жоғары деңгейде шаралар қолданылуда", - деді Жақылық Досқалиев.

Сонымен бірге ол өз сөзінде жеке тұлғалардың өзінде де жауапкершілік болуы керек екенін ескертті. 

Сондай-ақ бұрынғы денсаулық сақтау министрі Қазақстан үкіметі инфекция туралы ақпаратты ести сала шаралар қабылдауды қолға алды. Бүгінгі күні барлық құрал-жабдық, төсек-орын дайын.

Коронавирус инфекциясы туралы ақпарат Қазақстанда желтоқсанның соңынан бастап белігілі болды. Содан бастап Қазақстан бұрын-соңды қабылданбаған іс-шаралады қабылдай бастады. 3 қаңтардан бастап дайындықты бастап кетті. Біріншіден, азаматтардан коронавирус табылған жағдайда орналастырылатын төсек-орындар әзірленді. Қазіргі таңда бүкіл облыс орталықтарында бар. Сонымен қатар Қазақстан транзитті мемлекет екенін ескеріп, карантинге де арналған төсек-орын дайындалды", - деді экс-министр. 

Сонымен бірге ол аталмыш вирустың бірінші ретте кімге жұғатынын атап өтті.

"Коронавирус - қауіпті инфекция, себебі ол тез таралады. Бұл кімге жұғуы мүмкін? біріншіден, балаларға. Әсіресе, иммунитеті әлсіздер шалдығады. Ересектерден жүкті әйелдерге тез жұғады. Үкімет індеттің алдын алу үшін, жеке тұлғаларды қорғау мақсатында құрал-жабдық сатып алу үшін, әсіресе азаматтарға қызмет көрсететін медициналық қызметкерлерге, адамдар көп шоғырланған оындарда жұмыс істейтін қызметкерлерге, сондай-ақ аэрапорт, вокзал секілді орындарда қызмет ететін азаматтарды қамтамасыз ету үшін қомақты қаржы бөлді", - деді ол.

Сонымен қатар ол вирустың бірден біліне қоймайтынын тілге тиек етті. Сондай-ақ үйде карантинге жатқызылған азаматтарды жеке бас гигиенасын сақтауға, туыстармен қарым-қатынаста абай болуға шақырды.

"Негізі бұл вирус бірден біліне қоймайды. Ол ағзаға түскен соң көбейеді. Оның білінуі үшін 14 күн керек. Оны инкубация кезеңі деп атайды. Сол себепті Қазақстанда егер адам вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған болса, немесе вирус тараған елдерден келген жағдайда 14 күнге карантинге жатқызылады. Соңғы мәліметтер бойынша, қытайлық дәрігерлер кейде 14 күн ішінде де шыға қоймайды деп айтып жатыр, инкубация кезеңін 24 күнге созуда. Сондықтан бізде де азаматтың жағдайына байланысты тағы 10 күн үйде карантинде болады.  Тазалықты, жеке гигиена тазалығын сақтап, көршілерді және туыстарына жұқтырып алмаудан сақтану керек", - деп түйіндеді сөзін экс-министр.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
13.66.139.107, 192.168.88.100