• Басты
  • Ж.Бекшин: Қытайдан басқа мемлекеттерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделенуде
26 Ақпан, 2020 12:01

Ж.Бекшин: Қытайдан басқа мемлекеттерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделенуде

Қытайдан басқа мемлекеттерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделенуде. Бұл туралы орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ж.Бекшин: Қытайдан басқа мемлекеттерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделенуде

Жандарбек Бекшин елдегі коронавирустың алдын алуға қатысты қолға алынған шараларға тоқталды.

"Бізде республикалық-ведомствоаралық комиссия өзінің отырысын өткізді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы өткізді. Осы жиында барлық мүдделі ведомстоларға нақты тапсырмалар берілді. Біз коронавирус инфекциясы таралуына байланысты COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерді 3 санатқа бөліп қарастырдық. 1-санатта бұған дейін тек Қытай Халық Республикасы болса, қазір оның қатарына Жапония, Оңтүстік Корея, Италия, Иран, арнайы автономдық аймақтар Гонконг, Макауо, Тайвань елдері енгізілді. Бұл әлемдегі жағдайдың күрделенгенін көрсетіп отыр. Кеше ведомстволарға нақты тапсырма беріліп, нақты қаулы шығардық", - деді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Сонымен қатар ол қаулыға сәйкес енгізілген өзгерістерді атап өтті. Оның сөзінше наурыз айының бірінші жұлдызына дейін елге келгендер әдеттегідей 14 күнге жатқызылады. Ал 1-наурыздан кейін келетін азаматтар үшін өзгерістер енгізілген. Олар қазіргідей медициналық орталықтарда емес, өз үйлерінде карантинге жатқызылмақ.

"1 наурызға дейін Қытайдан келген азаматтар міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады. Біріне дейін бұл алгоритм сақталады.  Ал 1 наурыздан кейін Жапония, Оңтүстік Корея, Италия, Иран, арнайы автономдық аймқатар Гонконг, Макауо, Тайвань елдерінен келген азаматтар карантинге үйге жатқызылады. Он төрт күннен кейін тағы он күн бойына медициналық бақылауға алынады. Мұндай халықаралық тәжірибе бар, қазіргі таңда Израильде бұл тәжірибе қолданылуда. Біз де осы алгоритмге көшудеміз. Азаматтар он төрт күнге үйлеріне оқшауланады", - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ оның сөзіне сүйенсек, 1-наурыздан кейін келетін азаматтар үшін арнайы ережелер бекітілген. Олар сол ережелерді сақтауға міндетті. 

"Жергілікті медицина қызметкерлері күнделікті олардың жағдайларын бақылауда ұстайды. Сондай-ақ азаматтар терезесі ашылатын, ылғи таза ауамен қамтамасыз етіліп отыратын, желдеткіші бар бөлмеде болуы керек. Сонымен бірге үйге қонақ шақыруға, бөгде адамдармен жолығуға шектеу қойып жатырмыз. Адамдар көп жналатын қоғамдық орындарға бармауы керек. Сонымен қатар қоғамдық көлікті де пайдалануға болмайды", - деді ол.

Сонымен қатар екінші санатта да шеттен келген азаматтар үйінде болады. Олар Қазақстанға келген кезде анкета арқылы анықталып, аймақтық департаменттерге, денсаулық сақтау басқармаларына жіберіледі. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, оларды жергілікті медицина мекемелерінің қызметкерлері бақылауда ұстайды. Оның айтуынша, екінші санаты елдері қатарына Сингапур, Малайзия, Тайланд енгізілген.

"Үшінші санатта біз азаматтардың жағдайын телефон арқылы біліп отырамыз. Сондай-ақ үшнші санатқа Германия, Аустралия, Вьетнам, АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі, Канада мемлекеттері кіреді. Бұл елдерден келген азаматтар еркін жүреді, жұмыстарын істейді. Алайдан оларды он төрт күн бойына медицина қызметкерлері күн сайын телефон арқылы тесеріп отырады. Осы елдерде жағдай күрделеніп бара жатса, біз тағы да шешім шығарамыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Бұдан бөлек ол өз сөзінде коронавирус инфекциясына қатысты әлемдегі жағдай туралы айтып өтті. Оның сөзінше, жағдай Қытай да тұрақты болғанымен, басқа шет мемлекеттерде күрделенуде.

"Әлемде короновирусқа қатысты жағдай күн сайын өзгеріп отыр. Қытай Халық Республикасындағы жағдай тұрақталып келеді. Ал басқа елерде күн өткен сайын жағдай күрделеніп бара жатыр. Қазіргі таңда басқа елдерде 2504 жағдай тіркелді. Мәселен, Иранда жағдай қиындап, 42 жағдай тіркеліп, 12 адам қайтыс болды. Оңтүстік Кореяда коронавирустан - 10, Италияда - 10, Гонконгта 2 адам қайтыс болғандығы тірелген", - деді ол.

Сонымен қатар айта кетейік, Оңтүстік Кореяда - 34 мың, Жапонияда - 180 азамат, ал Иранда 170-ке жуық Қазақстан азаматы бар. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды