Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп

9 Қыркүйек, 2021 11:49

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз алаңында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал, вакциналау қарқыны мен шектеу шаралары туралы айтып берді. Оның мәліметінше, эпидемиологиялық жағдай тәуліктік өсімнің 1% - дан 0,6% - ға дейін төмендеген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Алматыдағы эпиджағдай

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тәуліктік өсімнің 1% - дан 0,6% - ға дейін төмендеуімен тұрақтанғанын жеткізді.Алайда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала әлі де қызыл аймақта тұр.  

«Жыл басынан бері КВИ – дің 137,2 мың жағдайы, тамыз айында- 46,9 мың жағдай тіркелді, қыркүйек айының басынан бастап 8 916 жағдай тіркелді», – деді Бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 25 тамызынан бастап эпидемияның төртінші толқынының төмендеуімен эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалған. Нақтырақ айтқанда, Сovid-19 "үнділік" нұсқасына байланысты– қала тұрғындары арасында ауру жағдайларының 25 тамыздан 1605-тен 08 қыркүйекте - 976 дейін төмендеуі тіркелген.

Вакциналау қарқыны

Бас санитар дәрігер бұл төмендеу бүгінде Алматы қаласы халқының 46% - дық иммундық қабатының қалыптасуымен байланысты екенін атап өтті.Оның мәліметінше, қазіргі уақытта күн сайын КВИ- ға қарсы шамамен 3 мыңнан астам адам егіледі, бұл бір ай бұрын күніне шамамен 10-12 мың адам егілгенде айтарлықтай аз.

«Бүгінгі күні 1 компонентпен вакцинациямен қамту 45%–ды 899784 адам, 2 компонентпен қамту-39% - ды 779 870 адам құрады, бұл қалада індеттің таралуын тәулігіне 900-1000 жағдай деңгейінде ұстап тұр», – деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол ендігі міндет вакцина алғандардың санын 75% - ға дейін тезірек жеткізу екенін атап өтті. Оның дерегінше, эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша ең көп КВИ жұқтырған азаматтар 20-39 жас (31,2%), 40-59 жас (24%) және 60 және одан жоғары жастағы қарт адамдар (23%) екен. Бұл барлық науқастардың 81%-ын құрайды. Оның ішінде өзін – өзі жұмыспен қамтығандар арасында сырқаттанушылық басым – 36,6 %, зейнеткерлер – 23,2 %-ды құрайды.

Жұқтырудың негізгі орындары

Бас дәрігердің дерегінше, соңғы 7 күнде КВИ жұқтырудың негізгі орындары сауда объектілері – 34 %, отбасылардағы байланыстар – 19,5%, қоғамдық көлік-17,8% екені анықталған. Сонымен қатар ол эпидемияның төртінші толқыны кезінде халық арасында инфекциясының жұқтыру себептерін айтып берді. Атап айтқанда:

- биологиялық қауіптің көрінбеуіне байланысты халықтың қырағылығының жалпы төмендеуі. Азаматтар қауіптің толық ауқымын жұқтырған кезде және жұқпалы аурулар ауруханаларына түскендетүсінді, ал кейде отбасында жақындарынан айырылған кезде ғана түсінді;

- COVID -19 вирусының «үнділік» нұсқасының өте жоғары жұқпалылығы мен патогенділігі, бұл шамамен 95% құраған «симптоматикалық» науқастарды тіркеумен дәлелденеді, «Ухань» нұсқасына қарағанда - 50% және «британдық» - 81%;

- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында (қала маңы аймағында және жалға алынған коттедждерде) жаппай отбасылық іс-шараларды (той, мерейтой және т. б.) тыйым салынғанына қарамастан, халықтың ұйымдастыруы;

- азаматтардың бір бөлігімен вакцинацияның пайдасы туралы жалғасып жатқан күмән, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтамау;

- 20 жастан асқан жастар арасында жалғасып келе жатқан инфекцияны жұқтыру олардың қозғалғыштығымен және иммундау белсенділігінің төмендігі аясында бір - бірімен тығыз байланысуымен және Маска-әлеуметтік режимдерді сақтамай, кейіннен отбасы мүшелерін жұқтырумен байланысты – олар инфекцияның гипер-таратушылары болып табылады;

-кіру топтарындағы "чек-ин" жолымен "ASHYQ" бақылауын қамтамасыз ету кезінде жеке субъектілердің келушілерді өз объектілеріне кіргізуге формалды тәсілдемесі;

Шектеу шаралары жеңілдеді

Бас санитар дәрігер эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын және КВИ таралуының төмендеу үрдісін ескере отырып шектеу шараларын жеңілдету бойынша қабылданған шешім туралы айтып берді.

«Біз цифрландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, объектілерді "Ashyq" бағдарламасына енгізе отырып, шектеу шараларын белгілі бір жеңілдетуді қабылдадық, олар бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің а.ж. 02 қыркүйектегі № 28 қаулысында көрсетілген. Қарқынды эпидемиологиялық жағдайға байланысты негізгі шектеу шаралары жалғасатын болады», – деді ол.

Сондай-ақ, эпидемияны одан әрі төмендетуді және білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылын штаттық режимде жалғастыруды қамтамасыз ету мақсатында тағы да халықты жедел вакциналауға және қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға, адамдар көп жиналатын объектілерге түнгі клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге бармауға, үй жағдайында жаппа іс-шараларды шектеуге шақыратынын жеткізді.

Ковид стационарлар жабылуда

Жиынға қатысқан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада коронавирус жұқтырғандар саны төмендеg, жұқпалы ауруханаға түсетін науқастар саны да азайғанын айтып өтті .Мәселен, он күн бұрын ауруханаға түсетін науқастар саны 700-ден асатын, кеше олардың саны 378-ге дейін төмендеген.

«Ал емделіп шыққандар саны 454 болды. Яғни, ауруханаға жатқызу 1,8 есеге төмендеді. Үй жағдайында ем қабылдап жатқан адамдар саны 14 200-ден 7 446-ға дейін төмендеді. Жалпы қала ауруханаларында 3 669 науқас ем алуда, яғни ауруханадағы орынның 43 % толық», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол қалада жағдай тұрақталып келе жатқандықтан коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдау үшін аурухана ретінде құрылған көптеген медициналық орталық өздерінің әдеттегі қызметіне орала бастағанын жеткізді. Атап айтқанда, тері-венерологиялық диспансер, қалалық ревмотологиялық орталық, ХАК медикал жекеменшік мекемесі, урология институты, неврология орталығы өздерінің дәстүрлі қызметіне ауысқын. Сондай-ақ, «Халық арена» спорт кешеніндегі стационарларға науқастарды қабылдау тоқтатқанын айтып өтті.

«Бұл нысан жаңа жылға дейін резервте болады. Егер, вирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кететін болса, қайта ашатын боламыз. Сонымен қатар, осы аптада кардиологиялық орталық пен жедел жәрдем ауруханасында ашылған провизорлық орталық жабылады», - деді Нариман Табынбаев.
Барлық жаңалықтар