• Басты
  • Ж.Бекшин: Биыл 5 мыңға жуық ата-ана балаларына вакцина салдырудан бас тартты
19 Қараша, 2019 17:30

Ж.Бекшин: Биыл 5 мыңға жуық ата-ана балаларына вакцина салдырудан бас тартты

Биыл 5 мыңға жуық ата-ана балаларына вакцина салдырудан бас тартты. Бұл туралы санитарлық эпидемиологиялық ахуал туралы және ауысымдық суықтап науқастанудың профилактикасы туралы баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ж.Бекшин: Биыл 5 мыңға жуық ата-ана балаларына вакцина салдырудан бас тартты

"Биыл 5 мыңға жуық ата-ана балаларына вакцина салдырудан бас тартты.  Біз олармен сөйлесіп, қарап шығып, салдырудан бас тарту себептерін анықтадық. Олардың 51 пайызы өзінің ой-пікіріне байланысты қарсы, ал 31 пайызы діни мәселеге байланысты бас тартып отыр. Қалғандары бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан ақпаратына байланысты не интернеттегі профессорлардың сөздеріне қатысты салдырмайды. Сол 5 мыңның жартысы жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін пікірлерін өзгертіп, қазір балаларына вакцинация салдырып жатыр. Біз балаларына вакцина салдыруға қарсы ата-аналармен жеке-жеке санитариялық-ағарту жұмысын істейміз. Нәтиже жаман емес", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол ата-аналарды балаларына вакцина салдырудан бас тартпауға шақырды. Оның айтуынша, Италия, Франция секілді дамыған мемлекеттер соның зардабын шегіп отыр.

"Биы қызылшадан 20 адам қаза тапты, оның 18-і балалар. Олардың көпшілігіне вакцина салдырмаған. Мәселен, Франция, Италия сияқты мемлекеттер демократия деп заңдарынан "вакцинация салдыру міндетті" деген жолды алдырып тастады. Салдарынан өлім-жітім көбейіп кетті. Содан кейін вакцинация салдыруды қайтадан енгізіп жазыр заңдарына. Сол себепті фейк ақпараттарға мән бермеу керек. Ғылыми дәлелденбеген мәліметтер сенуге болмайды", - деді комитет төрағасының орынбасары. 

Бұдан бөлек ол қазіргі таңда елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екендігін атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, халық арасында көптеп кездесетін аурулар бірнеше пайызға төмендеген. 

"Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Мысалы, ағымдағы жылы оба, паратифтер, дифтерия, полиомиелит, тырысқақ секілді аурулар тіркелген жоқ. Құтыру, қызамық, тері лейшманиозы сияқты деген аурулар бірлі жарым жағдайда тіркеліп жатыр. Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 28 инфекциялық аурулардың түрі төмендеді. Мысалы, гепатит А. Ол халық арасында сары ауру деп аталады, 42 пайызға төмендеді. 2017 жылы елімізді алаңдатқан менингококк инфекциясы биыл 36 пайызға азайды", - деді ол.

Сонымен қатар ол елдегі туберкулез ауруының да деңгейінің төмендегенін ерекше атап өтті.

"Жылдан-жылға орташа алғанда туберкулез ауруы 7-8 пайызға төмендеп жатыр. Биыл ол 8 пайызға төмендеді. Туберкулез ауруы бойынша арнайы айтқым келетіні 2018 жылы Қазақстан бірінші рет эпидемия зонасынан шықты. Бұл үлкен көрсеткіш. Өткен жылы бұл көрсеткіш 100 мыңға шаққанда 48 болды. Сондай-ақ біз қазір жіті респираторлық инфекцияларды тұмауға ұқсас аурулар деп атаймыз. Аталған ауру 7 пайызға төмендеді. Бұл ауру көп жылдан бері тұмаудың шамасында келе жатыр. Биыл тұмауға ұқсас аурулар 11 пайызға төмендеді. Ал жаппай тамақпен аурулар әкелетін сальмонеллез ауруы ағымдағы жылы 21 паызға төмендеді", - деді Жандарбек Бекшин.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды