• Басты
  • Ж.Бекшин: Қазақстандықтарды уақытша Қытайға барудан бас тартуға шақырамыз
23 Қаңтар, 2020 13:13

Ж.Бекшин: Қазақстандықтарды уақытша Қытайға барудан бас тартуға шақырамыз

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР азаматтарын уақытша Қытай Халық республикасына барудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин  Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралары жөнінде өткен бапасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ж.Бекшин: Қазақстандықтарды уақытша Қытайға барудан бас тартуға шақырамыз

"Бүгінгі күні мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде 14 713 адам қаралды, ҚХР-дан келген адамдар арасында дене қызуы жоғары және ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ. Дегенмен де алдын ала сақтық шараларын қолға алу мақсатында біз өте қажет болмаса, ҚХР-ға сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Сондай-ақ ҚХР-ға сапар кезінде Ухань қаласына және Хубэй провинциясына бармауға кеңес береміз. ҚХР-да болған кезде немесе сол жақтан келген кезде респираторлық ауру симптомдары пайда болған жағдайда, сапар кезінде немесе одан кейін саяхатшыларға медициналық көмекке жүгіну немесе өзінің емдеуші дәрігеріне инфекцияның таралу аймағына барғаны туралы хабарлауды ұсынамыз", - деді комитет төрағасының орынбасары өз сөзінде. 

Сонымен қатар ол өз баяндамасында орын алған жағдайға байланысты ҚР тарыпанан қолға алынған шараларға тоқталып өтті. Оның айтуынша, ҚХР-да эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасына аурудың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Комитет санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдауда. 

"ҚР СІМ ҚХР Елшілігіне Хубэй провинциясының Ухань қаласындағы этиологиясы белгісіз пневмониямен сырқаттанушылықтың эпиджағдайы туралы ресми ақпарат беру жөнінде сұрау жіберу туралы хат жіберді. Сондай-ақ шетелге шығатын қазақстандық азаматтарды ақпараттандыру мақсатында Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт министрліктеріне ұсынымдар жіберілген. Сонымен бірге ҚР  мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде, әсіресе Қытай Халық Республикасынан келетін барлық адамдарға міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізілуде", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, көліктегі ТКҚСҚБ департаменті әуежай, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктермен, ұшу құрамымен, жолаушылар поездарының жолсеріктерімен профилактикалық жұмыс жүргізуде. Сонымен бірге ҚР әуежайларында ҚХР-ға шығатын адамдарға таратылатын  жаднама бекітілгендігін айтты.  

Сондай-ақ ол биыл 24 қаңтарда елорда мен Алматы қаларының әуежайларында коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізу жоспарланғанын атап кетті. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес Қытай Халық Республикасында 2020 жылғы 22 қаңтарда коронавирустық  инфекцияның  жаңа типімен сырқаттанудың 306 жағдайы  тіркелген, олардың ішінде 6 адам қайтыс болған.  

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды