• Басты
  • Ж.Байкенов: Теміржол бойында арнайы ережелерді сақтау қажет
29 Қазан, 2019 15:51

Ж.Байкенов: Теміржол бойында арнайы ережелерді сақтау қажет

Елордада Жастар жылы аясында жастардың ішкі істер органдарында қызмет етуге қызығушылығын оятып, полицияның беделін арттырып, патриоттық рухты көтеруді мақсат еткен  "Мен полицей боламын!" деген атпен форум өтті. Форумға Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері, басшылары мен осы салада білімін жетілдіріп жүрген студенттер қатысты. Форум барысында Көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Байкенов Жасұлан жастарды қоғамдағы тәртіпті сақтауға шақырып, теміржолдың бойында, жаяу жүргіншілер жолынан өткенде абай болуды ескертті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Ж.Байкенов: Теміржол бойында арнайы ережелерді сақтау қажет

"Қауіптілігі жоғары аймақ болып табылатын теміржолда азамттар, әсіресе, жасатр жағы құлаққаптарды пайдаланып музыка тыңдайды, сөйлеседі телефон арқылы. Салдарынан пойыздың дауысын естімей қалады. Оның арты қайғылы жағдайларға ұласып жатады, ауыр жарақаттар алады не блмаса қаза табады. Теміржол бойында жүргенде арнайы ережелерді сақтау қажет. Пойыздың тежегіш жолы - 800 метр, ал пойыздың салмағы 14 тоннадан асады. Сол себепті ол тоқтай алмай қалуы мүмкін", - деді ол. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, жағдайлардың алдын алу үшін көліктегі полицейлер теміржол ұйымдастыру қызметкерлерімен бірігіп профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады. Сонымен бірге, ол еліміздегі адамдарды көлікпен қағып кету мәселесіне тоқталды.

"Көліктегі полицияның негізігі мақсаты - құқық бұзушылықтың алдын алу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету юолып табылады. Алайда, тұрғындар да барынша абай болуы тиіс. Биылғы жылдың басынан бері елімізде адамдарды қағып кету бойынша 82 факт, оның ішінде 9 кәмелетке толмаған балаларды қағып кету фактісі тіркелген. Адамдарды қағып кетудің болу себептерінің бірі - азаматтардың өздерінің абай болмауы. Әсіресе, жастар мен балалар жолдарда белгіленбеген жерлерден көп өтеді", - деді полиция подполковнигі.

Бұдан бөлек, оның айтуы бойынша, қабылданып жатқан профилактикалық шараларға қарамастан, жолаушылар пойыздарына тас лақтырып, сындыру фактілері әлі де бар. Бұл теміржол көлігінің ішінде отырған азаматтардың, оның ішінде балалардың жарақаттануына әкеліп соғуы мүмкін, дейді ол.

"Жыл басынан бері елімізде бері 63 вандализм фактісі тіркелді. Жолаушылар пойыздарына тас лақтырып, сындыру фактілері әлі де бар. Бұл теміржол көлігінің ішінде отырған азаматтардың, оның ішінде балалардың жарақаттануына әкеліп соғуы мүмкін. Жолаушылар пойызының әйнектерін сындырғаны үшін ҚР қылмыстық кодексінің 294 бабы бойынша 160 айлық есеп көрсеткіш, не болмаса 400 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Не болмаса 160 сағатқа дейін түзеу жұмыстарға салынып, не 40 тәулікке дейін қамауға алынады", - деп атап өтті.

Назерке Сүйіндікова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды