- Басты
- Зейнеткерлер емханаға өтініш жазып тіркеле алады
Зейнеткерлер емханаға өтініш жазып тіркеле алады
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін алу кезінде туындаған мәселелерді шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің өкімі бойынша Азаматтардың кейбір санаттарына емханаға тіркелу қағаз жүзінде рұқсат етілген.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің тапсырмасына сәйкес, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар 2019 жылдың 1 қазанынан бастап НҚА-ға өзгерістер енгізілгенге дейін келесі тұлғалар үшін емханаға бекітуді қағаз түрінде жүзеге асыру қажет: зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала жасынан мүгедек жанға тағайындалған қамқоршылар.
« Қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және ҚР заңнамасына сәйкес қамқорлық көрсету, білім беру, тәрбие беру, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен (заңды өкілдер) айналысатын өзге де тұлғалар, жазасын колонияларда өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, тіркеуді сенімхатпен ресімдеген сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері», - делінген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жұртшылықпен байланыс департаментінің хабарламасында.
Яғни, енді емханаға тіркелу үшін зейнеткерлер, мүгедектер, қамқоршылар немесе қорғаушылар, патронаттық тәрбиешілер мен балалардың заңды өкілдері, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шетелде туған балалар, сәбилер, жетімдер, қарттар үйлеріндегі балалардың өкілдері, сондай-ақ, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар және сотталғандар қағаз жүзінде өтініш жаза алады.
Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер екі пакет - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ұсынылатын болады.
-
COVID-19-ға қарсы вакцинаны алу үшін қалай тіркеледі
-
Вирус мутацияға ұшыраса да, вакцина қорғаныс әсерін бере алады
-
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе
-
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады
-
Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім ала алады, жанама әсерлері қандай
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»
-
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Қазақстандықтар енді Мемлекеттік Туды балкондарында іле алады
-
Қазақстандықтар 14 желтоқсанға дейін Coursera платформасында тегін оқуға өтінім бере алады
-
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады
-
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады

