- Басты
- Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде цифрлық құжаттар жиынтығын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді. Енді eGovMobile қосымшасында зейнеткер куәлігі мен қандас куәлігі қолжетімді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы болады. Куәлік иесі (зейнеткер немесе қандас) оны талап еткен жері бойынша ұсына немесе телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электрондық құжатын көрсете алады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарда QR-код арқылы ашу мүмкіндігі бар, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.
«Қазір Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалтадағы смартфонсыз өмірді елестете алмайды, сондықтан цифрлық құжаттарды пайдалану ыңғайлы, өйткені смартфонды әрдайым дерлік өзімізбен бірге алып жүреміз. Өзіңізбен бірге қағаз құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл сервис электрондық үкімет арқылы тексерілген», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Бүгінгі күні сервисте келесі құжаттар да бар: жеке куәлік, некені тіркеу туралы куәлік, білімі туралы диплом, баланың туу туралы куәлігі, студенттік билет және т. б.
«Сондай-ақ, жыл соңына дейін азаматтың әлеуметтік мәртебесін көрсететін әлеуметтік ID бірыңғай цифрлық құжатын іске асыру жоспарлануда. Жақын арада көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құжаттары және басқалары цифрлық форматқа көшіріледі. Уақыт өте келе біз құжаттардың қағаз нұсқаларынан мүлдем қажет болмайды», – деп толықтырды Ербол Оспанов.
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері
-
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері
-
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал
-
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер
-
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері
-
Қазыбек Иса: Латын әліпбиі орыстілді және қазақтілді жастар арасындағы алшақтықты жояды
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
-
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс
-
Салық және кедендiк әкiмшiлендiру: Енгізілген цифрлы технологиялар мен заңнаманы жетілдіру шаралары
-
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар

