• Басты
  • Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады
19 Қазан, 2020 15:18

Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады

720 мың қазақстандық өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдалана алады. Жинақтарын пайдалана алатын азаматтардың қаржысын қосқанда 1,4 трлн теңгені құрайды. БЖЗҚ салымшылары қандай жағдайда және қалай өз қаражаттарын шешіп ала алады? Бұл туралы Strategy2050.kz тілшісі түсіндіреді.


Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады

Үкімет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың қаражатын тұрғын үй алу немесе емдік шаралар үшін пайдалану мүмкіндіктеріне өзгерістер енгізді. Жаңа Заң жобасы 15 қазанда Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің отырысында ұсынылды.

 Зейнетақы жинағының жартысын кімдер пайдалана алады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыргүйегінде өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында жұмыс істейтін азаматттардың зейнетақы жинақтарын мақсатты түрде пайдалану мүмкіндігін жасау туралы тапсырма берген болатын. 2020 жылдың басында ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Заңға өзгерістер енгізуді ұсынған болатын. Алайда олардың бұл өзгерістері мақұлданбады. ҚР Президенті Тоқаев осы жылдың бірінші қыргүйегіндегі Жолдауда аталған мәселені тағы да көтерді.

2021 жылы 700 мың салымшы өздерінің жинақтарының жартысын баспана алу, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалана алады. Үкіметке Ұлттық Банкпен бірге осы жылдың соңына дейін барлық тиісті құқықтық-нормативтік актілерді қабылдап, дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деген болатын ҚР Президенті.

Президент тапсырмасынан кейін бір ай өткен соң зейнетке қалдырылған қаражатты пайдалануды көздейтін Заңға тиісті өзгерістер енгізілді. «ҚР экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заң жобасын Сенаттың бюджет пен қаржы комитетінің отырысында таныстырды.

Заң жобасына сәйкес жеткіліктілік шегіне жеткен қазақстындықтар үш жағдайда ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға құқылы:

-Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін;

-Денсаулықты жақсарту мақсатында емдік шараларды төлеу үшін;

-Сенімді жеке компанияларға қаржыны басқару беру үшін.

Жеткіліктілік шегі – бұл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоты бар салымшыға қажетті ең төменгі сома. Бұл қаржы 82 жасқа дейін салымшының минималды сомадағы зейнеттік төлемдерін қамтамасыз ете алуы тиіс. Егер шоттағы жинақ сол сомадан асса, қалған ақшаны мақсатты түрде пайдалануға болады. Салымшылар жеткіліктілік шегіндегі соманы түгел шешіп алуға құқылы.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, жыл сайын жинақтаушылардың рөлі артып келеді.

Алдын ала болжам көрсеткендей, 2040 жылдан бастап Қазақстан азаматтарының жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын зейнетақысы негізгі табысы болады. Осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің міндеті – азаматтардың болашақтағы зейнетақымен қамтамасыз етуіне қаражат жинақтауы екенін түсіну керек. Әрбір азаматтың жинақтаушы зейнетақы шотында белгілі бір қажетті сома қалуы тиіс, - деді Б. Нұрымбетов.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасовтың айтуынша, 721 мың қазақстандық өздерінің жинақтарын пайдалана алады. Олар:

- зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;

- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;

- зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.

Айтпақшы, қорда зейнетақы жинағы бар зейнеткерлер қалған соманың 50 пайызын пайдалану мүмкіндігіне ие. Бұл ретте жиынтық зейнетақы жасына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қоса алғанда, зейнетке шыққанға дейін алған жалақысының кемінде 40 пайызын құрауы керек.

Әрбір нақты жастың жеткіліктілік шегінің сомасы мына кестеде көрсетілген. Бұл ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған кесте.

14886421.jpg

Мысалмен түсіндіретін болсақ, 20 жасқа толған азаматтың шотында кеп дегенде 1 миллион 720 мың теңге болуы керек. Ал 30 жастағы азамат үшін жеткіліктілік шегі 2 миллион 518 мың теңге, 40 жас үшін 3 миллион 437 мың, 55 жастағы адам үшін 5 миллион 84 мың теңге деп белгіленген.

Ақмади Сарбасов мерзімінен бұрын зейнетақы жинағын шешіп алудың тәуекелдерін айтты. Зейнеттік аннуитеттерді сатып алатын әлеуетті сатып алушылардың кетуінен сақтандыру компанияларына түсетін көлемнің төмендеуіне әкеп соғатынын айтты. Зейнеттік аннуитет 55 жастағы ер азаматтар үшін 11,3 млн теңге, ал 51,5 жастағы әйелдер үшін 15,5 млн теңгені құрайды.

Айта кететін жәйт, қорда зейнетақы жинағы бар зейнеткерлер қалған соманың 50%-ін ала алады. Зейнеткер жасына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ төлемдерін қоса алғанда, зейнетке шыққанға дейін алған жалақысының кемінде 40%-ін құрауы тиіс.

 Зейнетақы қаржысын тұрғын-үй жағдайын жақсарту үшін қалай пайдалануға болады

Салымшылардың зейнетақы қорындағы қаржысын қалай пайданатыны туралы ҚР индустрия мен инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Оның айтуынша, осы бағытта қаражатты келесі мақсаттар үшін алуға болады. Олар:

Тұрғын үй алу үшін банктерден қарыз алу үшін алғашқы жарна есебінде алуға болады;

Ипотекалық қарызды толық немесе жартылай өтеу мақсатында алуға болады;

Баспана тұрғызу үшін жер учаскесін сатып алу үшін;

Тұрғын алаңын кеңейту үшін.

Сондай-ақ, вице-министрдің пікірінше келесі ескертулерді енгізу керек:

Бес жыл көлемінде зейнетақы қорындағы ақшаға алынған тұрғын үйді сатуға тыйым салу;

Зейнетақы қаражатын мақсатсыз жұмсау жауапкершілігін алу;

Зейнетақы қорындағы қаражат жеке тұлғаның шотына тікелей аударылмайды және қолма-қол да берілмейді. Барлық есептеулер БЖЗҚ пен Бірыңғай оператор арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй саласында бірыңғай оператор «ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі» базасындағы «Отбасы банкі» болмақ.

Баспана алу үшін зейнетақы қорындағы ақшаны алу механизмі былай жүзеге асады:

Салымшы «Отбасы банкі» құзыретті органына барып өтініш тастайды;

«Отбасы банкі» шоттағы ақша туралы ақпарат жинайды;

«Отбасы банкі» салымшының шотына немесе екінші деңгейлі банктің шотына алғашқы жарна үшін немесе ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін немесе ипотекалық қарызды жабу үшін аударады.

Алайда, «Отбасы банкі» делдалдық қызметі үшін алынатын комиссияяны шегереді. Бұл отырысқа қатысушылардың наразылығын тудырды.

Зейнетақы жинағын емделу мақсатында жұмсау үшін денсаулық сақтау жүйесіндегі бірыңғай операторға жүгінеді. Облыстарда, аудандарда денсаулық сақтау басқармасының жанынан арнайы комиссия құрылады. Арнайы комиссия өтініш жіберген азаматтардың емдеу қажеттілігін айқындайды. Ал емделетін жеке тұлғалар емхананы таңдайды да, өз өтінішін бірыңғай операторға тапсырады. Оператор өтінішті мақұлдаса, зейнетақы жинағының бір бөлігін сол емханаға аударып, ем шығынын төлейді. Яғни, азаматтар қағаз-құжат жинап, әкезектерде отырып, бірнеше уәкілетті тұлғалардың алдына барып, уақыт кетірмейді. Бәрі бірыңғай оператор арқылы шешіледі.

Зейнетақы жиынын жеке басқарушы компанияларға қалай жібереді

ҚР қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева салымшылардың жинағын жеке компаниялар басқармасына жіберу туралы ұсыныс айтты. Оның айтуынша, қазақстандықтар инвестициялық компанияларға барлық жинағын бере алмайды. Тек жеткіліктілік шегінен асқан салымшылар ғана бере алады.

Зейнеатқы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында болады. Және бұл қаражат Ұлттық Банктің біркелкі және консервативті инвестициялық стратегиясына сәйкес инвестицияланады. Әр түрлі инвестициялық стратегия салымшының қауіп-қатерін әртараптандырады. Бір жағынан қосымша табыс шығаруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Жинақ қаржысын жеке меншік компаниялардың басқаруына берудің артықшылықтары бар. Мәселенғ салымшылар өздерінің зейнеақы активтерін басқаруға қатыса алады. Сондай-ақ олар өздерінің зейнеатқы жоспарын құра алады. Олар өздернің жинаған қаражатын инвестицияға жұмсаулың альтернативті саясатын таңдай алады. Сонымен қатар салымшылар қосымша табысқа қол жеткізу мүмкіндігіне ие боал алады.

Егер салымшы инвестициялық компанияның жұмысына көңілі толмаса, ол өзінің қаржысын басқа басқарушы компанияға аудара алады немесе БЖЗҚ-на қайта аудара алады.

Салымшы зейнет жасына жеткен кезде барлық жинаған қаражаты, оған қоса инвестициядан тапқан табысы Ұлттық Банктің басқаруына қайта өтеді. Ұлттық Банк осы қаржы есебінен кестеге сәйкес ай сайын төлемдерін зейнеткер салымшының шотына аударып отырады. Немесе сақтандыру компаниясымен зейнеттік аннуитет келісім-шартын жасау үшін төлем жасалады, - деді Мария Хаджиева.

Басқарушы компанияларға да қойылатын талаптар бар:

Қаржылық тұрақтылық;

Жеке капиталының арнайы өсімі болуы шарт;

Зейнеттік активтерден түсетін табыстың минималды шегін қамтамасыз ету;

Инвестициялық портфолио арқылы басқарудағы тәжірибесін көрсету керек.

 Қазақстандықтарға қандай жағдайда зейнетақы жинағын берілмейді?

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры салымшылардың жинақтарын пайдалануы бойынша өз механизмін жасап қойған. БЖЗҚ төрағасы Жанат Құрмановтың айтуынша, салымшы «бір терезе» принципі бойынша тұрғын үй мен ем алу сұрақтарымен уәкілетті оператордың көмегіне жүгіне алады.

Салымшының келісімімен уәкілетті оператор БЖЗҚ – ның ақпараттық жүйесіндегі пайдалануға болатын қаржы сомасы туралы ақпаратты алады. Егер БЖЗҚ – нан соманың жеткіліксіздігі туралы ақпарат түссе, оператор салымшының құжат тапсыру туралы өтінішін қабылдамайды, - деді Жанат Құрманов.

БЖЗҚ төрағасы қазақстандықтардың жалақысынан 10 пайызын зейнетақы қорына жіберілетінін айтты.

Зейнет жасы төмендей ме?

Жыл сайын жинақтаушы бөліктің рөлі артып келеді. Болжам бойынша, 2040 жылдан бастап біздің азаматтарымыздың жинақтаушы зейнетақы жүйесінен алатын зейнетақысы негізгі болады. Осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің міндеті — бұл, ең алдымен, азаматтарымыздың болашақтағы зейнетақымен қамсыздандырылуына қаражат жинақтауы екенін әрдайым естен шығармау қажет. Әрбір азаматтың жинақтаушы зейнетақы шотында белгілі бір қажетті сома қалуы тиіс, — деді Б. Нұрымбетов.

Барлық жаңалықтар
// (function(m,e,t,r,i,k,a){m[i]=m[i]||function(){(m[i].a=m[i].a||[]).push(arguments)};m[i].l=1*new Date();k=e.createElement(t),a=e.getElementsByTagName(t)[0],k.async=1,k.src=r,a.parentNode.insertBefore(k,a)})(window, document, "script", "https://mc.yandex.ru/metrika/tag.js", "ym");ym(34776295, "init", {clickmap:true,trackLinks:true,accurateTrackBounce:true,webvisor:true,trackHash:true});//
5.255.253.106, 192.168.88.100