• Басты
  • «Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері

«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері

15 Шілде, 2021 13:32

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Арман Асқарұлы Әбдірасылов пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Анатольевич Коняшкиннің қатысуымен «Зерде» Холдингі» АҚ трансформациясы» тақырыбында баспасөз мәжілісі өтті. Басқарма төрағалары өткен жылдың қорытындысымен бөлісіп, болашақта атқарылатын іс-шараларға тоқталды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын, істен шығуының тұрақтылығын қамтамасыз ету және деректердің жоғалуын болдырмау үшін 12 ведомстволық ақпараттық жүйенің резервтік көшірмелерін орналастыруға мүмкіндік беретін «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін резервтеу жүйесі іске қосылғанын атты. Оның сөзінше, бұл жоба 2018 жылдан бастап жүзеге асырылмақ болған, алайда тек 2021 жылы ғана барлық қажетті іс-шаралар орындалды. МО АЖ резервтеу жүйесін іске қосу ағымдағы жылдың үшінші тоқсанынан бастап жоспарланып отыр.

«eGov «Зерде» холдингі» АҚ еншілес компаниясы – «ҰАТ» АҚ сенімгерлік басқаруға өтті. «Электронды үкімет» компоненттерін «ҰАТ» АҚ сенімгерлік басқаруға берудің негізгі артықшылығы - бұл сервистер жұмысының сапасын арттыру, «электрондық үкімет» компоненттерін дамыту бойынша шешімдерді жедел қабылдау, бірыңғай технологиялық платформа құру, мемлекеттік қызметтер мен сервистердің бизнес-процестеріне өзгерістер енгізу», - деді басқарма төрағасы.

Бұл ретте, электрондық үкімет порталы мемлекет меншігінде қалуын жалғастыратынын атап өтті. Оның мәліметінше, «Зерде» холдингі» АҚ «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, «электрондық үкімет» порталының компоненттерін дамытуды қаржыландыруды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге дайын. Бірінші кезеңде 2 млрд теңгеге дейін инвестициялау жоспарланып отыр.

«Зерде « холдингі» АҚ бастамасы бойынша МО БКО желілерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл жиынтығында республикалық бюджетті 1.4 млрд.теңгеге үнемдеуге әсер етті. «Зерде «холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов тұтастай алғанда мемлекеттің цифрландыруға арналған шығыстарын қысқартуға қол жеткізілгенін, бұл компания кірістерінің төмендеуіне әсер еткенін, бұл ретте оңтайландыру процестерінің салдарынан бірлесіп орындаушылардың тартылатын инфрақұрылымына жұмсалатын шығындар 1,02 млрд.теңгеге төмендеді», - деді ол.

Сондай-ақ, басқарма төрағасы жыл соңына дейін «ҰАТ» АҚ желілеріне жоспарланған қайта қосуды іске асыру кезінде республикалық бюджеттен 235 млн теңге мөлшерінде қосымша үнемдеу және «ҰАТ» АҚ шығыстары 704 млн тг мөлшерінде жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Арман Әбдірасылов холдингтің ЖАО және ОМО типтік архитектурасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын, аяқталу мерзімі – 2021 жылғы желтоқсан екенін атап өтті.

Осы жұмыстар келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

-        Жергілікті атқарушы органдар қызметінің нысаналы индикаторлары мен негізгі көрсеткіштерінің типтік картасы;

-        Типтік ережелері мен міндеттері бар ЖАО-ның нысаналы ұйымдық құрылымы;

-        Типтік регламенттері, функцияларды орындау нұсқаулықтары бар бизнес-процестердің нысаналы картасы;

-        Минималды функционалдық талаптары бар функцияларды автоматтандыруға бағытталған АЖ базалық тізбесі;

-        ЖАО типтік архитектурасына сәйкестіктің базалық өлшемшарттары

-        «Электрондық үкіметтің» негізгі компоненттерінің тізімі

-        Мемлекеттік органның типтік архитектурасы.

Қызметкерлер саны мен штаттың қысқаруы

Сонымен бірге, басқарма төрағасы 2020 жылы «Зерде» холдингі» АҚ ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес қызметкерлер саны мен штаты қысқартылғанын еске салды. 307 штаттық бірліктен 77 бірлік қысқартылды, 2020 жылдың ақпан айына бекітілген саны 230 бірлікті құрады.

Оның ішінде штат бірліктері қысқартылды:

Кеңесшілер - 5-тен 3-ке дейін;

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары - 34-тен 24-ке дейін.

«Осыған байланысты, ай сайынғы еңбекақы төлеу қоры қысқарып, үнемдеу жылына 394,9 млн.теңгені құрайды. 2020 жылғы желтоқсанда Басқарма мүшелерінің штат бірліктерінің саны 6-дан 3-ке дейін қысқартылды. Бұл холдинг жұмысын оңтайландыруға, шешімдер қабылдау мен мәселелерді өңдеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді», - деді ол.

«Зерде» холдингі» АҚ 2021 жылға арналған бюджетінде «Автокөлікті жалға алу» және «Холдинг қызметкерлері үшін тасымалдау» бабы бойынша көлік шығыстары ҚҚС-мен жалпы сомасы 14,1 млн теңгеге қысқартылған. 

Сондай-ақ, жасалған шарттар негізінде, «Meetwork» Еуразиялық электрондық сатып алу порталында сатып алуды өткізу арқылы ҚҚС-мен жалпы сомасы 11,9 млн.теңге үнемдеу айқындалғандығын хабарлады.

2021 жылғы ақпанда «ҰАТ» АҚ жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді:

−      Басқарма Төрағалары орынбасарларының саны 5-тен 4-ке дейін қысқартылды;

−      басқарушы директорлардың саны 3-тен 1-ге дейін қысқартылды;

−      техникалық директор және АҚ жөніндегі директор лауазымы пайда болды.

«Жоғарыда аталған іс-шаралар Қоғам жұмысын оңтайландыруға, шешімдер қабылдау мен мәселелерді шешу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді», - деді басқарма төрағасы.

Цифрлық трансформация орталығы

Сонымен қатар, 2020 жылдың соңында «Зерде» холдингі» АҚ-да Цифрлық трансформация орталығы құрылғанын атап өтті. 

Орталықтың негізгі міндеттері:

−      Түпкілікті пайдаланушыларға назар аудара отырып, азаматтардың/бизнестің өмірлік жағдайын қалыптастыру;

−      Мемлекеттік органдардың процестерінің реинжинирингі және оңтайландыру;

−      Мемлекеттік органдардың нысаналы АТ-архитектурасын қалыптастыру және қолданыстағы дерекқорларды жүйелеу;

Бір жыл ішінде Орталықтың қол жеткізген нәтижелері:

−    ТҚ шеңберінде шәкіртақы төлеу - студенттердің, магистранттардың және докторанттардың шәкіртақылар тікелей карточкалық шоттарға аударылады (сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, орталықтандырылған мониторинг төмендетілді);

−    ТҚ шеңберінде ҰБТ өту - ҰБТ электронды форматта өткізіледі (ҰБТ тапсыру процесіне шығындар қысқартылды; түлектерге жүктеме төмендетілді; құжаттарды жасыру қаупі алынып тасталды);

−    ЖҚ шеңберінде жүргізуші куәлігін алу - 073 медициналық анықтамасы енді электронды форматта (азаматтар үшін құқықтарды алудың неғұрлым ыңғайлы процесі-құжаттарды сканерлеу бойынша күнделікті жұмыстан операторларды босату).

«Мұның бәрі азаматтар мен бизнестің өмір сүру сапасын жақсартуға әкеледі», - деді басқарма төрағасы.

Кадр саясатының тиімділігі мен орындалуының негізгі көрсеткіштері:

−      кадрлардың тұрақтамауын төмендету;

−      кадр резервін қалыптастыру;

−      қызметкерлерді жеке жұмыс жоспарларымен қамту;

−      персоналды тарту дәрежесін арттыру;

−      оқытудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлердің үлесін арттыру.

«Зерде» холдингі» АҚ-ның кірістері

«Зерде» холдингі» АҚ-ның кірістері 2021 жылы 6 млрд теңгеден астам мөлшерде болжануда «Зерде» холдингі» АҚ өндірістік қызметті дамыту есебінен өзін-өзі өтеуге ұмтылады, бұдан әрі «Зерде» холдингі» АҚ еншілес ұйымдардың дивидендтерін дамытуға бағыттауды жоспарлап отыр, сондықтан соңғы 2 жылда ЕҰ дивидендтерін есепке алмағанда шығын 2019 жылғы 1,6 млрд.теңгеден 2020 жылы 712,5 млн. теңгеге дейін төмендетілді, бұл ретте 2021 жылы шығынның 245,8 млн. теңгеге дейін төмендеуі болжанады», - деді ол.

«Ashyq» мобильді қосымшасы

Чонымен бірге, ол «Ashyq» мобильді қосымшасын ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ДСМ тапсырысы бойынша отандық IT-компаниясы әзірлегенін атап өтті.

«Ashyq жобасы «ҰАТ» АҚ-ға берілген сәттен бастап (2021 ж. маусым айының соңы) қосымшаны қайта өңдеу және сервисті тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізілді, Ashyq мобильді қосымшасының жаңа жетілдірілген нұсқасы іске қосылды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мәртебені тексерудің баламалы тәсілі «eGov Mobile», «Aitu» қосымшалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы жүзеге асырылды», - деді басқарма төрағасы.

Ал, «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин ағымдағы күні цифрлық құжаттар сервисінің бірқатар ақпараттық жүйелермен интеграциялауы іске асырылғанын айтты.

Олар:

−      Kaspi банкі;

−      Нұр-Сұлтан, Алматы қ. әуежайларымен;

−      Отбасы банкі;

−      Қазақстан Темір жолы;

−      БНАЖ.

«2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Kaspi банк мобильді қосымшасы арқылы ҚР ІІМ «Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру» мемлекеттік қызметі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді», - деді Ростислав Коняшкин.

Барлық жаңалықтар