• Басты
  • Өзекті проблемаларды осындай форматта талқылау- елдеріміздің жақындасуында тиімді жолдарды табуға мүмкіндік – Н.Нығматулин
24 Қыркүйек, 2019 10:53

Өзекті проблемаларды осындай форматта талқылау- елдеріміздің жақындасуында тиімді жолдарды табуға мүмкіндік – Н.Нығматулин

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында Еуразия интеграциясы идеясының авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысып отырғанын маңыздылық сыйлайтынын айтты, деп хабарлады  Strategy2050.kz .

 


Өзекті проблемаларды осындай форматта талқылау- елдеріміздің жақындасуында тиімді жолдарды табуға мүмкіндік – Н.Нығматулин
«Бүгінгі форум заң шығару органдар арасында жан-жақты диалог орнатуға, өзара сенімді нығайтуға, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге кең жол ашады деп сенім білдіреміз», - деді Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында.


ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының алғаш рет Еуразиялық интеграция идеясын 1994 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқанын және осы күнге дейін маңызын арттып келе жатқанын атап өтті.


«Кеңестің қатысушылары мен географиясы әр отырыстан кейін көбейіп келеді. Еуропа мен Азия парламентарийлерінің атаулы форумына айналды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Еуразияның парламенттік астанасына айналды. Еуропа мен Азияның 65 елінен келген делегацияның 41-ін парламент спикерлері бастап келді. Сонымен қатар, 14 халықаралық және парламентаралық ұйымдардың басшылары қатысып отыр. Форумның маңыздылығы – Еуразия интеграциясы идеясының авторы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың форумға қатысып отырғаны болып отыр. Форумға «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбы бекерден алынған жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, өзекті проблемаларды осындай форматта талқылау елдеріміздің жақындасуында тиімді жолдарды табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кеңес Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі де жай емес. Мұндай идеяны алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан болатын. Идея аз уақыт ішінде Еуразиялық экономикалық одақта және басқа да халықаралық маңызды шарттарда қолдау тапты. Біз интеграциялық процестерге заңнамалық тұрғыдан қолдау болса, Үлкен Еуразия идеясының сәтті жүзеге асуына ықпал ететінін білеміз. Кеңес жұмысында Еуразиялық континентті дамыту мақсатында стратегиялық, ашық және көпжақты тұрақты серіктестікті құру үшін нақты ұсыныстар айтылады», - деді Мәжіліс спикері.

Айта кетейік, «21 ғасырдағы Еуразия аймағы елдерінің бірлескен игілігі үшін парламентаралық ынтымақтастық» тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 1-кеңесі 2016 жылы Мәскеуде, ал «Еуразия кеңістігіндегі ортақ өркендеу үшін парламентаралық ынтымақтастық ілгерілету» атты 2-кеңесі 2017 жылы Сеулде, «Еуразиядағы экономикалық ынтымақтастық, қоршаған орта және тұрақты даму» тақырыбындағы 3-кеңес 2018 жылы Анталияда өткен болатын.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды